Стереоизомерия(цис-транс немесе Е-Z). Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Алкендер | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Стереоизомерия(цис-транс немесе Е-Z) | ||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақты меңгеру | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.16 цис- және транс-изомерлер молекулаларын ажырата алу және оны стереоизомерияның бір түрі ретінде түсіну | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - кейбір алкендер үшін геометриялық изомерияның түрлерін білу және тиісті изомерлердің формулаларын жазу; - E-Z-номенклатурасы бойынша қосылыстарға атау беру.
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар мақсатқа жетеді,егер - кейбір қанықпаған қосылыстар үшін геометриялық изомерияның түрлерін білсе және тиісті изомерлердің формулаларын жаза алса; - оның қаңқалық және құрылымдық формуласынан изомердің түрін анықтай білсе; E-Z номенклатурасы бойынша қосылыстарға атау бере алса. | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алуы керек: асимметриялы алкендерге қосылу реакциясының өнімдерін болжау. карбкатиондардың тұрақтылығы жайлы қорытынды жасау Пәндік лексика және терминология қосылу, нуклеофильді реагент, электрофил, электрофильді, механизм, геометриялық, цис-транс немесе E-Z, (а)симметриялы, біріншілік, екіншілік, үшіншілік, карбкатион, полимер, полимеризация, тұрақты, тұрақсыз, тұрақтылық, Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер (бастапқы, екіншілік, үшіншілік) карбкатион ...... алкил топтарына қосылды. Алкил топтары электрондарды … Алкил топтары ….. арттырады Карбкатионның заряды ..... құрайды. Карбкатоинның тұрақтылығы .......... артады Егер карбкатион түрақты болса, онда ....... | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, бір-бірінің құндылықтарын өзара құрметтеу Азаматтық жаhандану құндылықтары: қоршаған ортаға қамқорлық жасау және дамуға ұмтылу АЖ дағдылары: Сыни және креативті ойлау, өзін-өзі қамтамасыз ету және рефлексия дағдылары, қарым-қатынас, іс-әрекеттер мен ақылға қонымды негіздеме | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика,биология,математика | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power point бойынша жұмыс | ||||||||||||||
Бастапқы білім | 9.4В Көмірсутектер. Отын 10.1C Химиялық байланыс 10.2A Органикалық химияға кіріспе | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 0-5мин 5-15 мин | Жаңа тақырыпты меңгеру үшін сыныпты белсендіру. Оқушылардың білімдерін жинақтау үшін гибридтену,сигма және пи байланыс ұғымдарын қайталау.
Слайдта берілген сурет бойынша оқушылар түсінік беру керек. Проблемалық тапсырма: 3-хлоропентен-2 қосылысының геометриялық изомерлерін құрастырыңыз және оларды атаңыз. Молимод жиынтығын пайдаланып оқушылар ,этилен молекуласының моделін құрастыруы керек.Оқушылар этиленнің жазықтықтағы пішінін көрсетіп қос байланыстың айналасындағы электрон тығыздықтары бойынша қорытынды жасау керек. Оқушылармен талданады: 1.Алкен молекуласында атомдар неге еркін қозғала алмайды? 2.Алкендерге изомерияның қандай түрлері тән? 3.Бутен-1-ге изомерияның цис –транс түрі неге тән емес? 4. Цис –транс изомерия болу үшін қажетті жағдайларды атаңыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. | Химия_10_ЖМБ_10.3В Алкендер. Стереоизомерия(цис-транс немесе Е-Z) Презентация слайд1-2 . https://www.youtube.com/watch?v=7Yw25GP_VQI&list=PLkMuLVoxAJKpQyhq3litCs_0WFr34P0FT Химия_10_ЖМБ_10.3В Алкендер. Стереоизомерия(цис-транс немесе Е-Z) Презентация Слайд 3-4 | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 15-20 минут 20-30 минут 30-35 минут | Жаңа сабақты меңгеру. Оқушыларға алкендердің цис –транс изомерлерінің қайнау нүктесі мен балқу нүктесі туралы мәліметтер беріледі. Оқушылар цис-транс-изомерияның заттардың физикалық қасиеттеріне әсерін анықтауы керек. Жұппен жұмыс. Оқушылардың біреуі цис –транс изомерлерінің формулаларын жазады, екінші оқушы оларға атау береді. Содан кейін оқушылар рөлдерін ауыстырады. Оқушыларға кеңістіктік изомерлердің кейбір формулаларын ұсынамыз. Стереоизомерия түрін және оның атауын анықтайды. Жұмыстың нәтижесін талдау | Химия_10_ЖМБ_10.3В Алкендер Стереоизомерия(цис-транс немесе Е-Z) Презентация Слайд 5-6 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия Не білдім? Нені білуім керек? | ||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Барлық оқушылар: Гомологиялық қатар, құрылымдық формула құра біледі. Кейбір оқушылар: Изомерлер жаза алады. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды
» Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды
» Адам ағзасымен алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды