Потенциалдардың электрохимиялық қатары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3C Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Сабақ тақырыбы

Потенциалдардың электрохимиялық қатары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Стандартты электродтық потенциал түсінігін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Электродтық потенциалды есептей алады;
  • Электродтардағы реакция теңдеулерін құра алады

Көптеген оқушылар:

  • ЭҚК мән-мағынасын түсінеді;

Кейбір оқушылар:

  • Күрделі сұрақтарға жауап бере алады;

 Бағалау критерийлері

- негізгі терминдер мен түсініктерді біледі;

- электродтарда болатын жартылай реакция теңдеулерін құра алады;

- электрохимиялық потенциалды есептеуге есептер шығара алады;

- стандартты электродтық потенциал қатары туралы қорытынды шығарады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

-ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

анод, катод, электролиттік қаптау, электролиз, ток, элементтер (батареялар), реакция өнімі, үлгілер, тұтану, иондар, болжау, арқылы өту

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Иондық қосылыс суда еріген кезде, онда …

Ток ерітінді арқылы өтетін кезде, X болады

X болды, сондықтан Y болуы керек/ бола алады Z

Біздер X болжадық, бірақ Y болды

 Құндылықтарды дарыту

Өз ойын айта алу және сыныптастарына сыйластық

 Пәнаралық байланыстар

Физика

Бастапқы білім

Атом құрылысы (7.1B)

Ерітінді мен ерігіштік (7.3C)

Металдардың белсенділігін салыстыру 2 (8.1B)

Еру және ерітінділер (9.2А)

Тотығу және тотықсыздану (10.1B)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-5 мин

Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбы:

Потенциалдардың электрохимиялық қатары №2.

Оқу мақсаты: Стандартты электродтық потенциал түсінігін сипаттау

Алдыңғы сабақ бойынша сұрақтар:

  • «Қос электр қабаты» деген ұғымды қалай түсінесіз?
  • Электродтық потенциалды қалай анықтайды?
  • «Стандартты электродтық потенциал» шамасы кезінде сыртқы жағдайлар қандай болу керек?

Презентация

6-25 мин

26-37 мин

26-37 мин

Кейіннен мұғалім оқушыларға «Металдардың кернеулік қатарын» түсіндіреді.

Ары қарай гальваникалық элементтің ЭҚК есептеуді түсіндіреді және мырыш пен мыстан тұратын гаьваникалық элемент мысалында көрсетеді және қорытынды жасайды.

(W) Тапсырма 1.

  • Екі гальваникалық элементтің кестесінде біреуінде мыс катод болса, біреуінде мыс анод болуы керек. Осы элементтердің жұмыс кезіндегі реакциялар теңдеулерін жазып, стандартты ЭҚК мәнін есептеңдер.
  • Мына гальваникалық элементтерде: а)Mg|Mg2+||Pb2+|Pb; б)Pb|Pb2+||Сu2+|Сu; в) Сu|Сu2+||Аg+|Аg сыртқы тізбек бойынша электрондар қай бағытта жылжиды?
  • Сулы ортада темір(Ш) тұзын темір(ІІ) тұзына дейін а) KBr б) KJ ерітінділерімен тотықсыздандыруға бола ма?

Ары қарай мұғалім оқушыларға концентрацияның шамасы 1 моль/л –ден ауытқыған кезде электродтық потенциал мәнін есептеуді Нернст теңдеуі арқылы есептеу пен ол формуладағы айнымалыларды толық түсіндіреді және мысалды көрсетеді.

(W) Тапсырма 2.

Гальваникалық элементтің ЭҚК анықтаңыз.

(-) Mg / MgSO4  // CuSO/ Cu (+)

Тоқ бөлетін анодтағы және катодтағы үрдістерді реакция теңдеуімен жазыңыз.

Тапсырма 2 жауабы

Гальваникалық элементтің схемасы берілген, катод мыс, ал анод - магний.

(-) Mg /  MgSO4  // CuSO/ Cu (+)

А: Mg0 -2e = Mg2+

К: Cu2+ +2e = Cu

Mg0 + Cu2+ = Mg2+ + Cu

Mg + CuSO4 = MgSO4 + Cu

 Гальваникалық элементтің ЭҚК анықтаймыз:

ЭҚК = E0кат — E0ан = E0Cu2+/Cu — E0Mg2+/Mg

E0Cu2+/Cu = +0,337 В

E0Mg2+/Mg = -2,37 В

ЭҚК =0,337 + 2,37 = 2,71 В

Тапсырма 3. Жеке жұмыс

Стандартты сутек электроды мен 0,01 М PbCl2 ерітіндісіне батырылған қорғасын электродынан тұратын гальваникалық элементтің ЭҚК анықтаңыз. Қай электродта – тотығу, қайсысында тотықсыздану жүреді?

Жауабы:

Шешуі.

E02H+/H2 = 0,00 В

E0Pb2+/Pb = -0,126 В

 

Бұл жұпта қорғасын потенциалы теріс шамаға ие, себебі мәні аз, сондықтан қорғасын анод болады:

А: Pb0 -2e = Pb2+

К: 2H+ +2e = H2

Pb0 + 2H+= Pb2+ + H2

 

Қорғасынның электрондық потенцилын анықтайық:

E = E° + (0,059/n)lgC

E = -0,126 + (0,059/2)∙lg0,01 = -0,185 В

 

Гальваникалық элементтің ЭҚК анықтаймыз:

ЭҚК = E0кат — E0ан = E02H+/H2 — E0Pb2+/Pb

ЭҚК = 0 + 0,185 = 0,185 В

Тапсырма 2-3 көмегімен оқушыларға кері байланыстар беріледі және оқушылар өз білімдерін тексереді.

(W) Қалыптастырушы бағалау.

Электродтық потенциалдар бойынша есептер

Оқу мақсаты

Стандарттық электродтық потенциал түсінігін сипаттау

Бағалау критериилері

Реакциялардың стандартты ЭҚК есептей білу

ЭҚК есептеу кезінде Нернст теңдеуін қолдан білу

Тапсырма 1. Марганец электродын оның тұзының ерітіндісіне батырғанда, потенциалы 1,1В болса, марганец ионының (Мn2+) концентрациясы (моль/л) қанша болғаны?

Тапсырма 2 . Егер мыс және қорғасын электродтарын осы металдардың 1 М ерітінділеріне батырылғанда түзілген гальваникалық элементтің Э.Қ.К.= 0,47В болса, электродтарды 0,001М ерітінділеріне батырғанда, ЭҚК өзгере ме? Жауабыңызды дәлелмен көрсетіңіз.

38-40 мин

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жетістік критерийлерін қарау

Мұғалімнің жеке жұмысты тексеріп, сабақта талдау.

Белсенді іс-әрекеттер – топтық, жеке жұмысты жазбаша және ауызша орындау.

Ой жүгірту

Сабақ мақсаттары/ оқыту міндеттері шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ үстіндегі ахуал қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс жасады ма? Таймингті ұстандым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неге?

Осы сабақты бағалау үшін бос орын пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы тиісті сол жақтағы сұраққа жауап беріңіз

Негізгі бағалау

Қандай екі зат өте жақсы өтті (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)?

1:

2:

Қандай екі зат сабақты одан да жақсы ете алатын еді (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)?

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлау үшін қолдана алатындай осы сабақта сынып немесе жеке тұлғалар туралы нені білдім?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?