Ерітінділер және балқымалар электролизі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: 10.2А

Мектеп: Өскемен НЗМ

Күні:

Сынып: 10

Мұғалімдердіің аты-жөні: Кудербаева Г.Ф.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ерітінділер және балқымалар электролизі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

-10.2.3.3 электр тогы ерітінді мен балқыма арқылы өткенде жүретін процестерді зерттеу және түсіндіру;

-10.2.3.4 электролиттердің ерітінділері мен балқымаларында электродтарда пайда болатын электролиз өнімдерін болжау;

-10.2.3.5 балқымалардың және ерітінділердің электролизі процестерінің схемаларын құра білу;

-10.2.3.6 электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептей білу

 Сабақ мақсаттары

-электр тогы ерітінді мен балқыма арқылы өткенде жүретін процестерді зерттеу және түсіну;

-электролиттердің ерітінділері мен балқымаларында электродтарда пайда болатын электролиз өнімдерін болжау;

-балқымалардың және ерітінділердің электролизі процестерінің схемаларын құра білу;

-электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептей білу

 Жетістік критерийлері

Тұз ерітіндісінің және балқымасының:

-катодта жүрген 3-4 реакция теңдеуін дұрыс жаза

алса,

- анодта жүрген 3-4 реакция теңдеуін дұрыс жаза алса.

Электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) анықтауға есептер шығара алса

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электролиз, катод, анод, катион, анион, электрод, балқыма,

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Иондық қосылыс суда еріген кезде, онда …

Ток ерітінді арқылы өтетін кезде, X болады

X болды, сондықтан Y болуы керек/ бола алады Z

Біздер X болжадық, бірақ Y болды

Бұндай нәтиже ... білдіреді

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту өзіне және айналадағы адамдарға құрмет, азаматтық жауапкершілік, өмір бойына оқу және академиялық адалдық, жұппен, топпен жұмыста өзара көмек арқылы жүзеге асады

 Пәнаралық байланыстар

Физика - электролиз

 АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Ауадағы жану – тотығу (7.4 А)

Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы (1) (8.1 А)

Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы (8.1B)

Атомдардағы электрондардың қозғалысы(8.2 А)

Сутегі және оттегі (8.2 В)

Химиялық реакциялардың мысалдары (9.1 С)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

Сабақбасында:

Жағымды психологиялық ахуал тудыру:

«Айна»

-сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру.

презентация

Сабақтың басы

3-12 мин

Сабақтың ортасы

13- 33 мин

33-45 минут

46-51 минут

52-57 минут

58-80 минут

81-84 минут

85-86 минут

(I) (f) Ерітіндіде иондық қосылыстар мен иондалуды жылдам қарап шығу. Иондық теңдеулерін жазу:

NaCL, Mg3(PO4)2, CaCL2, H2SO4, CaCO3, KOH, Cu(OH)2

(W) Оқушыларға металдардың электр өткізетінін еске түсіріп, басқа заттар жайлы сұрау

Металдар неге электр тогын өткізеді? Металдық байланыс, металдық кристалдық торды еске түсіру.

Презентация арқылы «Ерітінділер және балқымалар электролизі» түсіндіру

Электролит ерітіндісі немесе балқымасы арқылы тұрақты электр тоғы өткенде электродтарда жүретін тотығу - тотықсыздану реакцияларын электролиз деп атайды.

Электролизде катод теріс зарядталады, оған қарай катиондар қозғалып, сол жерде олар тотықсызданады. Анод оң зарядталады, оған қарай аниондар қозғалып, сол жерде олар тотығады.

Электролиз процесі – эндотермиялық процесс, себебі ол электр энергиясы арқылы жүзеге асады.

  • Электрод – бұл тотығу н/е тотықсыздану жүретін металдан немесе графиттен жасалған (көбінесе стержень н/е пластиналар ).
  • Катод – тотықсыздану жүретін электрод.
  • Анод – тотығу процесі жүретін электрод.

Катодтық процесстерді түсіндіру

Анодтық процестерді түсіндіру

Мыс хлоридінің электролизі:

Диссоциация: CuCl2 = Cu2+ + 2Cl-

Катод: Сu2+ + 2e = Cu

Анод:2Сl- - 2e = Cl2

Жалпы: CuCl2 = Cu + Cl2

KI ерітіндісінің электролизі

  • Диссоциация: KI ↔ K+ + I-
  • Катод:2О + 2е = Н2 + 2ОН-
  • Анод:2l- - 2e = l2
  • электролиз:2KI + 2Н2О = H2 + 2KOH + I2

Балқыма электролизі

  • NaCl = Na+ + Cl-
  • К-:Na+ + e = Na0 2
  • А+:2Cl- - 2e = Cl21

Процестер жиынтығы:

2Na+ + 2Cl- = 2Na0+ Cl2

  • LiH = Li+ + H-
  • К:Li+ + e = Li2
  • А:2H- - 2e = H21

Процестер жиынтығы:2Li+ + 2H- = 2Li + H2

Жиынтық теңдеуі: 2LiH = 2Li + H2

Электролиз теңдеуін жазу алгоритмі:

Бастапқы бөлшектер

Процесс

Өнімдер

Металл ионы

Mn++nē =M

Металл

Сутегі катионы

+ +2ē = Н2

Сутегі молекуласы

Оттексіз қышқылдардың аниондары .

S2– > I > Br > Cl

2Hal= Hal2+2ē

Бос бейметалдар

Гидроксид ионы

4OH= O2 + 2H2O+4ē

Оттегі

Өндірісте таза мыс алу, алюминий алу, хлор және натрий гидроксидін алу жолдарымен презентация арқылы түсіндіру.

(W, G) Оқушылардан электродтағы процестер үшін теңдеу жазғызу. Олардың түсініктері электродтарда тотығу мен тотықсыздану және балқымада иондар жылжуын қамтуы керек.

(f) қалыптастырушы бағалау – жұптық жұмыс

1 - Тапсырма

Сулы ерітінділер электролизында инертті электродтарды қолданған кезде анодта бөлінетін өнім мен электролизге ұшырайтын заттың арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

Заттың формуласы Анодтағы өнімдер

А) NaCl 1) Cl2

B) NaClO4 2) Cl2 , O2

C) NaOH 3) O2

D) NaBr 4) H2 , Br2

5) O2, Br2

6) Br2

(I) (f) қалыптастырушы бағалау

2-Тапсырма

Сулы ерітінділер электролизында инертті электродтарды қолданған кезде анодта бөлінетін өнім мен электролизге ұшырайтын заттың арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

Заттың формуласы Анодтағы өнімдер

А) HgSO4 1) F2

B) KF 2) O2

C) HgCl2 3) Hg

D) RbOH 4) H2

5) Cl2

6) H2, O2

Электролиз өнімдерінің массасын, көлемін (газ) есептеу

1.Мыс хлориді ерітіндісінің электролизі кезінде анодта 8,96л газ бөлінді. Катодта қандай зат бөлінді? Оның массасын табыңдар.

Шешуі: CuCl2 = Cu + Cl2

64г---- 22,4л

Х ------- 8,96л

Х = 64г*8,96л/22,4л

х = 25,6г.

(I) (f) қалыптастырушы бағалау

2. Сынап (II) нитраты ерітіндісін электролиздегенде катодта 60,3 г сынап бөлінді. Анодта қандай зат бөлінді? Оның көлемін табыңдар. Ерітіндіде қандай зат бөлінді? Оның массасын табыңдар.

3. 5%-тік 416г барий хлоридінің ерітіндісін электролиздегенде катод пен анодта қандай газдар бөлінеді? Олардың көлімін табыңдар.

Электролиздің қолданылуы:

  • Сілтілік және сілтілік жер металдарды галогенді тұздарынан алу;
  • Алюминийді криолитті балқымасынан алу;
  • Белсенділігі төмен металдарды тұздарынан алу.
  • Металдарды рафинадтау (металдарды тазалау)
  • Галогендерді, сутегіні алу;
  • Сілтілерді алу
  • Гальваностегия – коррозияға қарсы қорғаныш қабатымен қаптау.
  • Гальванопластика – металл көшірмелерді алу

Үй тапсырмасы

1. Кальций хлориді балқымасының электролизі теңдеуін жазып, катод пен анодта бөлінетін өнімдерді көрсетіңіз.

2. Темірдің (ІІ) хлориді ерітіндісінің электролизі теңдеуін жазып, катод пен анодта бөлінетін өнімдерді көрсетіңіз.

3. Электронды баланс әдісін қолданып реакция теңдеуін аяқтаңыз.

презентация

https://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10285 - алюминий өндірісі

https://bilimland.kz/kk#lesson=10472 - металдарды алу әдістері

https://bilimland.kz/kk#lesson=10469 - мысты алу

Сабақтың соңы

87-90 мин

Сабақ мақсатына қайта оралу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Нақты оқушыдан күтілетін нәтиже балқымадағы иондардың әрекетін түсінеді

-тотығу мен тотықсыздану тұрғысынан электродтарда өтетін реакцияларды түсіндіре алады

Қабілеті жоғары оқушылар:

Катодтық, анодтық процестерді түсіндіре алады

-иондық теңдеулер жазу

- электролиз процесін жазу, өнімін болжау

Топтық жұмыс кезінде оқушылар қозғалысы орын алады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі(оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?