Заттың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтау. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім атауы: 10.2A Химиялық реакциялар заңдылығы

Мектеп :

Күні :

Мұғалімнің аты жөні:

Сынып : 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Заттың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.1 зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алу;

 Сабақтың мақсаттары

10.2.3.1 зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алу;

 Бағалау критерийлері

  • тотығу дәрежесі ұғымын береді;
  • қарапайым және күрделі заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін қалай анықтау керектігін түсіндіре алады.
  • қосылыстағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қарапайым және күрделі заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін қалай анықтау керектігін түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

металл, бейметалл, тотығу дәрежесі, аяқталған энергетикалық деңгей

Диалог және жазуға арналған пайдалы сөз оралымдарды:

Элементтің тотығу дәрежесін анықтайтын ереже ...

Металдың/бейметалдың тотығу дәрежесі ….

 Пәнаралық байланыстар

Математика – теріс зарядтары бар сандармен амал жасау;

Физика – қарама қарсы зарядталған бөлщектердің тартылысы

Алғашқы білімдер

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттері

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

Активити 1

Оқушыларға металдар мен бейметалдардың таңбалары жазылған карточкалар таратылады. (қосымша 1 және 2)

Элементтерді екі топқа бөлу

Оқушылардан атомдардағы сыртқы электрондардың саны туралы қандай элементтер металдар болып табылатындығын сұраңыз.Осы кезеңнің мақсаты: металл және бейметалл атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінің құрылысын қайталау және оқушыларды топтарға бөлу.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

7 минут

5 минут

7 минут

1 мәселе

Металл және бейметалл атомдары соңғы энергетикалық деңгейлерін қалай аяқтауы мүмкін? Осы үрдістерді мысалдар арқылы көрсетіңдер.

(І) оқушылар дәптерлеріне мысалдар жазады және түсіндіреді

Na0 – 1e = Na+1 (натрий бірінші топтың металы. Атомның соңғы энергетикалық деңгейінде бір электрон бар. Тұрақты қалыпқа келу үшін бір электроның береді, немесе +1 зарядталған ионға айналады)

S0 + 2 e = S2- (күкірт алтыншы топ элементі, бейметалл, атомның соңғы энергетикалық деңгейінде алты электрон бар, аяқтауға екі электрон жеттейді, екі электронда алғанда 2- зарядталған ионға айналады.)

(бірнеше оқушыны бірінің соңынан бірі өзінің мысалын дауастап айтып береді). бұл тапсырманың мақсаты: атомдардың соңғы деңгейін аяқтау тәсілдерін еске алу.

2 мәселе.

Егер де қосылыстағы элементтің екеуі де бейметалл болса, атомдар соңғы деңгейін қалай аяқтайды?

Оқушылар коваленттік байланыстың түзілу механизмін естеріне алуы мүмкін. Осы кезде мұғалім сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарына оқушылардың назарын аударады.

(М) егер де атомдар электрондарын толық бермесе, элементтің тотығу дәрежесі туралы айтады. Тотығу дәреже - ол шартты шама.

Элементтің тотығу дәрежесін анықтайтын ережелер:

  • Жай заттың құрамындағы элементтің тотығу дәрежесі нольге тең.

Мысалы: І2 молекуласында иодтың екі атомы бар, олардың электртерістігі бірдей, электрондар берілмейді де алынбайды, немесе ортақ электрон жұптарын түзеді, сондықтан тотығу дәрежесі ноль І20 (қосымша 2).

  • Қосылыстағы элементтердің тотығу дәрежелерінің қосындысы 0 тең.
  • Бинарлы қосылыстар

а) металл және бейметалл атомдарынан тұратын бинарлы қосылыста оң тотығу дәреже металл атомында (неше электрон береді), теріс тотығу дәреже бейметалл атомында (аяқтауға неше электрон жетпейді 8 – топ нөмірі)

мысалы: Са+2О-2 +2 + (-2) = 0

Ca+2Cl2- +2 + (-1)∙ 2 = 0

Mg3+2N2-3 (+2)∙3 + (-3)∙2= 0

б) бейметалл және бейметалл атомдарынан тұратын бинарлы қосылыста электртерістігі жоғары элементтің тотығу дәрежесі теріс, ал электртерістігі төмен элементтің тотығу дәрежесі оң (металдағы сияқты) болады. Электртерістігі жоғары элементтің тотығу дәрежесі таңбаның жекесіне жазылады (8 – топ нөмірі). Екінші элементтің тотығу дәрежесі белгісіз «х» есептеледі

мысалы: Р2хО5-2 2х + (-2)∙5 = 0 х = +5

Р2+5О5-2

FexCl3- x + (-1)∙3 = 0 x = +3

Fe+3Cl3-

  • Күрделі заттың құрамында элемент саны екіден артық болғанда алдымен тотығу дәрежелері белгілі элемент таңбаларының шекесіне жазылады, белгісіз «х» есептеледі

K+1MnxO4-2 (+1) + x + (-2)∙4 = 0 x = +7 K+1Mn+7O4-2

H2+SxO4-2 (+1)∙2 + x + (-2)∙4 = 0 x= +6

H2+S+6O4-2

(С) Бекіту тапсырмалары: элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңыздар: РH3, H2SO3, K2MnO4, Al2(SO4)3 , Cl2, Fe2O3(оқушылармен тақтада орындалады)

, Б) оқушылар жаттығуларды жеке орындайды

  • (слайд 10)

Бірі бірін бағалау (үлгі бойынша)

  • (слайд 11)

K2Cr2O7 (х = +6)

NaClO4 (х = +7)

K2MnO4 (х = +6)

K2CO3 (х = +4)

Fe(NO3)3 (х= +5)

Өз өзін бағалау

Ерте аяқтаған оқушылардың жұмыстарын мұғалім тексереді және қосымша тапсырмалар ұсынады

Power Point презентациясы

Соңы

4 минут

Рефлексия

Дәптерлеріне 0 ден 10 дейін шкала сызады да қай жерде тұрғанын белгілейді, бірнеше оқушы өз жауаптарын түсіндіреді:

Мен өзіме .... қойдым, себебі ......

Үй тапсырмасын беру.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Дифференциация * – кең қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Барынша қабілетті оқушылар үшін қандай жұмыс түрлерін жоспарлап отырсыз?

Бағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлайсың?

Айқаспа оқу сілтемелері

Денсаулық пен қауіпсіздікті

тексеру

АТ-сілтемелер

Шамаларға сілтемелер

Қолдау көрсету тәсілдері бойынша (ақпарат парақтары, диалог) жеке оқушыларға жақындау

Топтық тексеру

Өз өзін тексеру

Мұғалімнің кері байланысы

ИТ қолдану уақытын қадағалау

Дифференциация

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Берілген уақытты тиімді, дұрыс пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?

Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралы анағұрлым маңызды сұрақтарға жауап беру керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?