Заттың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтау. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Элементтің тотығу дәрежесін анықтайтын ережелер:

  • Жай заттың құрамындағы элементтің тотығу дәрежесі нольге тең.

Мысалы: І2 молекуласында иодтың екі атомы бар, олардың электртерістігі бірдей, электрондар берілмейді де алынбайды, немесе ортақ электрон жұптарын түзеді, сондықтан тотығу дәрежесі ноль І20 (қосымша 2).

  • Металдардың тотығу дәрежесі оң.
  • Қосылыстағы элементтердің тотығу дәрежелерінің қосындысы 0 тең.
  • Бинарлы қосылыстар

а) металл және бейметалл атомдарынан тұратын бинарлы қосылыста оң тотығу дәреже металл атомында (неше электрон береді), теріс тотығу дәреже бейметалл атомында (аяқтауға неше электрон жетпейді 8 – топ нөмірі)

мысалы: Са+2О-2 +2 + (-2) = 0

Ca+2Cl2- +2 + (-1)∙ 2 = 0

Mg3+2N2-3 (+2)∙3 + (-3)∙2= 0

б) бейметалл және бейметалл атомдарынан тұратын бинарлы қосылыста электртерістігі жоғары элементтің тотығу дәрежесі теріс, ал электртерістігі төмен элементтің тотығу дәрежесі оң (металдағы сияқты) болады. Электртерістігі жоғары элементтің тотығу дәрежесі таңбаның жекесіне жазылады (8 – топ нөмірі). Екінші элементтің тотығу дәрежесі белгісіз «х» есептеледі

мысалы: Р2хО5-2 2х + (-2)∙5 = 0 х = +5

Р2+5О5-2

FexCl3- x + (-1)∙3 = 0 x = +3

Fe+3Cl3-

  • Күрделі заттың құрамында элемент саны екіден артық болғанда алдымен тотығу дәрежелері белгілі элемент таңбаларының шекесіне жазылады, белгісіз «х» есептеледі

K+1MnxO4-2 (+1) + x + (-2)∙4 = 0 x = +7 K+1Mn+7O4-2

H2+SxO4-2 (+1)∙2 + x + (-2)∙4 = 0 x= +6

H2+S+6O4-2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?