Металдық байланыс. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Вебер Г Г | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Металдық байланыс | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Металдық байланыс,оның сипаты, физикалық қасиеттері және ,металдық байланыстың табиғаты туралы білімдерін жүйелеу,тереңдету | ||||||
Сабақ мақсаттары | Металдық байланысты ажырата алады, металдардың физикалық қасиеттерін біледі. | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушыларды бағалауда олардың үй тапсырмасы мен сабаққа қатысуы есепке алынып, бағаланып барылады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар сабақ барысында қолданылатын терминдер мен сөз тіркестері: Тілдік мақсат Оқушылар орындауы тиіс : Металдық байланысты дұрыс ажырата білу. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Металдық байланыс, химиялық белсенді, орташа белсенді, инертті. жылдамдық (реакция), түсін жоғалту | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ұлт денсаулығын нығайту Оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым- қатынасын, жауапкершілігін арттыру Топпен, ұжыммен жұмыс жасау, жеке оқушының білім алуына кедергілер жасамау | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Физикамен және математикамен пәнаралық байланыстар болады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ұсынылған презентациядан керекті мәліметтерді таңдап алу дағдысын қалыптастыру. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 1-2 минут | Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. | ||||||
Сабақтың ортасы 3- 20 минут
21-31 минут 32-37 минут | Металдарды анықтау Әдетте металдарды бір қарағаннан-ақ олардың металдық жылтырынан анықтауға болады. Жаңа ғана тегістелген металдың беті жарықты шағылыстырып, оған жылтыр түр береді. Көптеген металл атомдарының сыртқы қабатында бір,екінемесе үш электроннан болады.Үш электроны бар металл атомдарында иондану энергиясы төмен болғандықтан электрондар оңай үзіліп, электрондық газ түзіледі, яғни «бос электрондар» жиынтығы пайда болады. Олар қозғалғыш, оңай орын ауыстырады,сондықтан кез –келген металды өз-ара байланысқан оң зарядталған металл ионы мен электрондық газдан тұратын тығыз жинақталған құрылым есебінде қарастыруға болады. Металл иондары мен электрондар арасында түзілетін байланысты металдық байланыс деп атайды. Ол металдар мен құймаларға тән. Байланыс табиғаты металдық. Металдардың түсі және физикалық күйі Металдардың көпшілігі күміс-сұр түсті болады, мысалы: темір, қорғасын, күміс, алюминий. Тек екі металдың түсі ғана өзгеше. Мыс қызғылт түсті, ал алтын сары түсті болады. Металдық байланыс валентті электрондардың ортақтасуына негізделгендіктен ковалентті байланыспен көптеген ұқсастықтары бар. Бірақ ковалентті байланыста жұп электрон тек екі атомға ортақ болса, ал металдық байланыста барлық атомдар электрондары байланыс түзуге қатысады. барлық атомдарға ортақ болады. Сондықтан ковалентті байланысы бар кристалл торлары сынғыш , ал металдық кристалл торлар – иілгіш Металда иондар өзара байланыстарды бұзбай ығысады. Бұл металдық байланыстың бағытының болмауын көрсетеді. Тапсырмалар: А) кристалл торындағы металдар атомдары бағытталмауымен, қанықпауымен сипатталады; Б) металдардың физикалық қасиеттері (қаттылығы, электрөткізгіштігі, жылуөткізгіштігі, иілгіштігі, тапталғыштығы) металдық байланыстың болуымен түсіндіріледі. Металл Na кристалдарының құрылысы Үйге тапсырма: жазбаша, фторсутек , йодсутек молекуласының масштабты шарөзекті моделін құрастыру. | Bilimland.kz https://bilimland.kz/kk/content/lesson/10240-metaldyq_bai_lanys https://bilimland.kz/kk/content/lesson/10240-metaldyq_bai_lanys | |||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | «Кемірқосақ» 1.Енді мен ... жасай алам 2. Мен ... үйрендім 3. ... қиын болды 4. менде ... жақсы шықты 5. ... қызықты болды 6. ... мені таңқалдырды 7. бүгін мен ... білдім | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Барлық оқушылар: •Металдық байланысты біледі. Физикалық қасиеттерін ажырата алады. | Сұрақтарды мұғаліммен сыныпта талдау Қалыптастырушы бағалау жұмысы Өзара бағалау | Сабақта денсаулық пен қауіпсіздік проблемалары талқыланбайды. Жұптасып және топта жұмыс, сондай-ақ бір - бірімен және мұғаліммен жұмысты талқылау, басқалар пікірін құрметтеуді және бір-бірімен және мұғаліммен тиісті үлгіде араласу қасиетін дамытуы керек. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды