Атом - күрделі бөлшек. Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Атом – күрделі бөлшек
«Изотоп» пен «нуклидтің» физикалық мағынасын түсіну.
Сабақтың мақсаты:
Бағалау критерийлері
- Атомның құрылысын біледі;
- Атомның протон, нейтрон және электрон санын дұрыс анықтайды;
- Бір элементтің әртүрлі изотоптарын анықтайды және атайды;
- «Изотоп» ұғымының мағынасын біледі;
- Изотоптарды нуклидтерден ажырата алады;
- Атом құрылысы арқылы элементтерді анықтай алады;
Глоссарий
Атом – Атом – Atom
Атом моделі – Модель атома – Atomic model
Электрон – Электрон – Еlectron
Протон – Протон – Рroton
Нейтрон – Нейтрон – Neutron
Ядро – Ядро – Nucleus
Нуклон – Нуклон – Nucleon
Массалық сан – Массовое число – Мass number
Атом деген не?
Атом құрылысының заманауи моделіСілтеме:
https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-atom
Атом дегеніміз не?
Оның құрам бөліктері қандай?
Атомдық масса дегенді қалай түсінесіңдер?
Атомның массасы қайда шоғырланған?
Қазіргі таңда 118 элемент белгілі
Табиғатта 340 нуклид кездеседі (250 тұрақты және 90 радиоактивті)
3000 жуық нуклидтер жасанды жолмен алынып қасиеттері сипатталған.
Э. Резерфорд 1911 ж атом құрылысының ядролық (планетарлық) моделін ұсынды.
Электронның ашылуы. Атомдардың бөлінуі.
Бейне материал бойынша беріледі.
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/atom-qurylysy-zhajyndahy-zamanaui-kozqarastar
1-жаттығу. Жеке тапсырма
Әрбір ұғымды берілген сипаттамалармен сәйкестендіріңіз.
Тест
№1 сұрақ
Атомдағы электрондардың квант сандары нені білдіреді?
А) кеңістіктегі электрондардың және атомдық орбитальдің бағытталуы
Б) электронның күйі мен атомдық орбиталь типінің энергетикалық параметрлері
В) атомдық орбитальдің пішіні
С) электронның энергетикалық күйі
№2 сұрақ
Басты квант саны қандай мәндерді қабылдай алады?
1-ден n – 1-ге дейінгі мәндер
0-ден 7-ге дейінгі мәндер
0-ден n – 1-ге дейінгі мәндер
1-ден бастап кез келген бүтін санды мәндер (n = 1, 2, 3, ...)
№3 сұрақ
Орбиталь квант саны қандай мәндер қабылдай алады?
0-ден n – 1-ге дейін
–1-ден n-ге дейін
–1-ден n – 1 дейін
n-нен 0-ге дейін
Бағалау критерийлері
Қате жіберілмесе, «Мен білемін» – басбармақ жоғары қарайды
1-2 қате жіберілсе, «Мен жартылай білемін» – басбармақ жанына қарайды
3 тен көп қате жіберілсе, «мүлдем сенімсізбін» – басбармақ төмен қарайды
Атомдық масса
Протон мен нейтрон сандарының қосындысы атомдық массаға (А) тең.
А= Z + N
Жалпы протонның массасы да,нейтронның массасы да 1-ге тең деп есептеледі
m p=1836∙me≈1,67.10-27 кг,
m n=1839∙me. ≈1,67∙10-27 кг
Нейтрон электрлік бейтарап бөлшек болып табылады.
! Элементтердің атомдық массасы оның табиғатта таралған барлық табиғи изотоптарының массаларының орташа шамасына тең. Қазіргі таңда уранның 26 изотопы белгілі. Табиғатта уранның үш изотопы кездеседі:
234U, (үлесі 0,0055 %), 235U (0,7200 %), 238U (99,2745 %).
1. Уранның үш изотобының атом құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
2. Изотоп дегеніміз не?
Ядроларында протон саны бірдей, бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар – изотоптар деп аталады.
Мысалы, сутегінің үш түрлі изотоптары бар
1Н1, 1Н2, 1Н3
протий
Бірдей элемент атомындағы нейтрондар саны әр уақытта бірдей бола бермейді!!!
Уран ядросының 92U238 заряды (qЯ= +92 · е) заряд саны Z=92
Химиялық элемент zХА
Z - рет саны, протон саны
А - нуклон саны
Ядроның заряды (qЯ= +Z · е) анықталады. Z санын заряд саны деп атайды.
Химиялық элемент zХА
A = N + Z
Нақты бір элеменнтің ядроларындағы протондар саны (Z) өзгермейді, нейтрондар саны әртүрлі болып кездеседі. Осыған сәйкес химиялық элементтің ядролардағы нук-лондар саны (А) өзгеріп отырады.
Атом ядросындағы протон және нейтрондарды бір атпен нуклондар деп атайды, олар ядролық бөлшектер.
Массалық сан
Заряд саны
Нейтрон саны
Элементар бөлшектер
Элементар бөлшектер
Протон
Электрон
Нейтрон
P А=1 Z=+1
А=1 Z=0
1
n
0
1
+1
0
-1
e А=0 Z= -1
Жұптық жұмыс
Мына берілген элемент атомдарының нуклондарын анықтаңдар
Si, P,Ca, Fe, Cr, Cu, Br
Қорытынды:
Бір элемент атомының массасы екінші бір элементтің массасынан айырмашылығы бар.
Изотоп – атомның массалық саны бірдей элементтің нуклидтерінің жиынтығы деген қорытынды жасайды .
«Изотоп» пен «нуклидтің» физикалық мағынасын түсіну.
Сабақтың мақсаты:
Reflection
МАҒАН «Атом – күрделі бөлшек» тақырыбы бойынша сабақта ОҢАЙ БОЛДЫ: ...
ҚИЫН БОЛҒАНЫ: ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?