Аминқышқылдары. Нәруыздар. №17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Оттекті және азотты органикалық қосылыстар

Мектеп: Талдықорған қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абуханова А.Б.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аминқышқылдары. Нәруыздар. №17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.3.27 нәруыздағы а-аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;

9.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;

9.4.3.29 нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіреді, нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді, нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіреді

Басым бөлігі: аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуінің реакция теңдеуін жазады

Кейбір оқушылар : нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін көмірсулармен салыстырады

 Бағалау критерийлері

нәруыздағы а-аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіреді

нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді

нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

  

  

  

 

нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін ауызша және жазбаша сипаттайды.

Пәнге қатысты терминология:

Нәруыз- белок- protein

Денатурация- denaturation

Аминқышқылдары-аминокислоты- amino acids

Пептидтік байланыс- пептидная связь- peptide bond

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Пептидтік байланыс дегеніміз ...............

Нәруыз денатурациясы деп...........................Бұл тәжірибе ... көрсетеді ме?Біз қалай ...біле/тексере аламыз...?

 Құндылықтарды дарыту

 

Өз отанын, елін, жерін шексіз сүюге, бағалауға, қорғауға үйрету.

 Пәнаралық байланыстар

Биология

 АКТ қолдану дағдылары

Ақпараттарды жинап, анализ жасау, оны өңдеуде қолданылады

Бастапқы білім

7.5.1.2 тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білу және анықтай алу;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:

2 минут

Сабақ басында:

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу;

- оқушылардың «жақын даму аймағы» - топтарды құрып алу;

- сабақ соңындағы күтілетін нәтижелерді ОМ қарап анықтап алу;

еруБо

Сабақтың ортасы

2- минут

3-минут

3-минут

15-минут

2-минут

3-минут

6-минут

1) нәруыздағы а-аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру

№1бейнебаянды көрсету керек

Бейне баяннан алған білімін қолдану үшін 1- тапсырманы жасатуға болады

1-жаттығу

Аминқышқыл молекуласын А деп белгілеп, қосылыстар атауларын сәйкес құрылымдарымен сәйкестендір.

1)аминқышқылы

  • а)A – A
  • 2) ақуыз
  • ә)A – A – A
  • 3) трипептид
  • б)A – (A)78 – A
  • 4) полипептид
  • в) A
  • 5) дипептид

г)A – (A)78 – A – A – (A)78 – A

Қ.Б.:Өзін-өзі тексеру: 1-в, 2-г, 3-ә, 4-б, 5-а

2- жаттығу

а) Глицин мен валин аминқышқылдарынан дипептид формуласын құрастырыңыз

ә) аминқышқылдардың өзара байланысқан байланысты атап, көрсетіңіз

2) нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу

Оқушылар топтарға бөлініп, зертханалық жұмыс жасайды

№17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"

Мақсаты: Жұмыртқа нәруызының қайтымды және қайтымсыз денатурациясын зерттеу

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: жұмыртқа нәруызы ерітіндісі, аммоний сульфаты, мыс сульфаты ерітіндісі, этил спирті, азот қышқылы, спиртшам, сынауықтар, шыны таяқшалар

Жұмыс барысы:

1-тәжірибе

Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне құрғақ аммоний сульфатын қосып, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнбаның еруін түсіндіріңіз.

2- тәжірибе

Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне мыс сульфаты ерітіндісін құйыңыз, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнба неге ерімейді?

3- тәжірибе

Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне этил спирті ерітіндісін құйыңыз, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнба неге ерімейді?

4- тәжірибе

Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне абайлап концентрлі азот қышқылын тамшуырмен тамызыңыз , шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаның түсіне назар аударыңыз. Тұнба неге ерімейді?

5- тәжірибе

Сынауыққа жұмыртқа нәруызының ерітіндісін құйып, абайлап, спиртшам жалынында қыздырыңыз. Не байқадыңыз?

ҚБ: нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді

Дескрипторлар:

1. Жұмыртқа ақуызының кейбір тұздармен қайтымды денатурацияға ұшырайтынын біледі;

2. Жұмыртқа ақуызының ауыр металл тұздарымен қайтымсыз денатурацияға түсетінін біледі

3. Жұмыртқа ақуызының спирттермен қайтымсыз денатурацияға түсетінін біледі

4. Жұмыртқа ақуызының азот қышқылымен сапалық реакцияға түсетінін біледі.

3) нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру

Бейнематериал №2 көрсету

Бейнематериал бойынша тест

№1 сұрақ

Біздің ас мәзіріміздегі тағам құрамы қанша пайыз ақуыздан тұру керек?

  • 10-15%
  • 50-55%
  • 70-75%
  • 30-35%

№2 сұрақ

Төменде көрсетілген тағам өнімдерінің қайсысында ақуыз жоқ?

  • жұмыртқа
  • балық
  • қант
  • ет

№3 сұрақ

Төменде айтылғандардың ішінде қайсысы ақуыз қызметіне жатпайды?

  • гормондар
  • жасушаның қалпына келуі және өсуі
  • термоизоляция
  • ферменттер

№4 сұрақ

Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?

  • ферменттер – бұл ақуыздар
  • ақуыздар энергия көзі
  • шаш ақуыздан тұрады
  • біздің ағзамыз маңызды аминқышқылдарды синтездей алады

№5 сұрақ

Мына тұжырымдардың қайсысы ақуыздың қорытылуы туралы дұрыс емес ақпарат береді?

  • протеаза деп аталатын ферменттер ақуызды ішек пен асқазанда ыдыратады
  • ақуыздың қорытылуы ауыз қуысында басталады
  • аминқышқылдары қанға сіңеді
  • асқазандағы тұз қышқылы ақуыздарды ыдыратады

ҚБ: өзара тексеру

Жауабы:

1 а

2 с

4 d

5 b

3-тапсырма Топтық жұмыс

Нәруыздар мен көмірсулардың биологиялық маңызына венн диаграммасын құру

ҚБ: топтардың кері байланыс беруі

№1

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/aquyzdar-aquyz-molekulasynyng-qurylysy

нұсқаулық

парағы-1

№2

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/aquyzdar-aquyzdyng-ximiyalyq-qasietteri-aquyzdardyng-negizgi-funkcziyalary

Сабақтың соңы:

3 минут

1 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы:

«нәруыздар мен көмірсулардың биологиялық маңызы» тақырыбына венн диаграммасын құру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы: аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіреді, нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді, нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіреді

Көбі: аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуінің реакция теңдеуін жазады Кейбіреуі: нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін көмірсулармен салыстырады

оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін «бірін-бірі бағалау», «өзін-өзі бағалаулар» қолданылады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары :

Интерактивті жүйені 20 минут сайын демалдырып отыру қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?