Алкандар. Химия, 9 сынып, презентация.


Алкандардың химиялық қасиеттері

9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;

9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру

Жану

Алкандарды ауа қатысында жандырғанда көміртегі диоксиді және су және үлкен жылу бөлінеді.

  CH4 + 2O2  ––>  CO2 + 2H2O

 C5H12 + 8O2  ––>  5CO2 + 6H2

Давыдова Н.Г.

Орынбасу реакциясы бұл алкандар реакциясындағы С-Н байланысының үзіліп, сутегінің орнына хлор атомының орын басуы

Алкандардың галогенденуі

СН4 + Cl2hv CH3Cl + HCl

Хлорметан

СН3 Clгаз, жеңіл сұйықтық және буланғанда үлкен көлемде жылу сіңіреді. Осы қасиетін, салқындатқыш құрылғыларын жасауда қолданылады

Алкандардың галогенденуі

СН3Cl + Cl2 hv CH2Cl2 + HCl

Дихлорметан,

СН2 Cl2 пластиктерді желімдеу үшін еріткіш ретінді қолданылады

Алкандардың галогенденуі

СН2Cl2 + Cl2 hv CHCl3 + HCl

Трихлорметан

немесе хлороформ

СН Cl3 хлороформ, түссіз, тәтті дәмі бар және эфир иісі ұқсас ұшқыш сұйықтық

Қолданылуы:

салқындатқыш фреондар өндірісінде;

дәрі өндірісінде еріткіш ретінде;

бояғыштер мен пестицидтер өндірісінді

Алкандардың галогенденуі

СНCl3 + Cl2 hv CCl4 + HCl

Тетрахлорметан

С Cl4 - еріткіш ретінде қолданылады (майлар, шайырлар, каучуктер);

фреондар алуға қолданылады.

Нитрлеу.

Алкандарды140°С температурада және қысым бере отырып сұйытылған (10%-ной) азот қышқылы қатысында қыздырғанда сутегі атомын нитротоп орын баса отырып нитрлену реакциясы жүреді (М.И.Коновалов реакциясы).

СН4 + HO-NO2 = CH3-NO2 + H2O

Изомерлену

Катализатор қатысында қыздырғанда көмірсутектер қалыпты құрылыстан тармақталған құрылысқа изомерленеді.  

CH3-CH2-CH2-CH3 AlCl3 CH3-CH-CH3

CH3

n-бутан 2-метилпропан

Айрылу реакциясы

Алкандарды 500°С температураға дейін қыздырғанда көміртегі атомдар арасындағы байланыстардың үзілуі жүреді.

C 10H22 C5H12+C5H10

C10H22 C4H10+C6H12

Бұл процесті термиялық крекинг деп атайды

Крекинг- заводтар

Пиролиз

Температураны жоғарылату арқылы органикалық зат – көмірсутегі толық көміртегі мен сутегіге ыдырайды. Бұл процесті пиролиз деп атайды.

СН4   С+2Н2

Дегидрлену

Қыздырылған алкандарды платина немесе никельді катализтор үстінен өткізгенде сутегі бөлініп шығады. Бұл процесті дегидрлену деп атайды

C3H8 C3H6 + H2

Конверсия.

СН42O CO+3H2

Табиғи газдарды су буымен реакциясын, конверсия деп атайды. Жоғары температурада (шамамен 1000оС) көміртектің монооксиді мен сутегінің қоспасы түзілді. Бұл қоспаны синтез- газ деп атайды.

Өзіңді тексер

Алкандар қандай реакцияға түседі?

Дұрыс жауапты таңдаңыз

верно

верно

неверно

неверно

пиролиз

қосылу

гидрлену

орынбасу

верно

неверно

конверсия

полимерлену

Шығармашылық тапсырма

1. Алынған білімдеріңді қолдана отырып химиялық қасиеттердің генетикалық тізбегін құрыңыз.

2. Галоген орын басқан алкандардың қайсысын анестезиялық орта ретінде қолданылады? (анықтамалық әдебиетті қолдана отырып жауап беріңіз)  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру