Аниондардың сапалық реакциялары. № 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау". Химия, 9 сынып, презентация.


Аниондарға сапалық реакция

Cабақтың мақсаты:

хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау

-жүйелілік сынақтарды жүргізу көмегімен қарапайым заттарды тани білу

Бағалау критерийлері

хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізсе, ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттай алса

-жүйелілік сынақтарды жүргізу көмегімен қарапайым заттарды тани білсе

1

2

3

4

5

Қайталау, (ойын түрінде «мен саған , сен маған» оқушылар бір – біріне жалынның түсін айтады екінші оқушы катионын анықтайды)

Зертханалық жұмыс

Жалпы сыныптағы оқушылардың жұптық жұмысы

ҚТЕ еске түсіру (қайталау)

Жұмыс парақтарын таратып, жұмыс барысын жұпта талдау, сыныппен талдау

Сl, Br, I, PO43–, SO42–, CO32–, NO3, SiO32- аниондарын анықтау

Нәтижесін және қорытындысын кестеге жазу

Зертханалық жұмыс

№1 Хлорид, бромид , йодид-иондарын анықтау

Үш сынауыққа, 1-2 мл-ден натрий хлориді, натрий бромиді, натрий иодиді ерітінділерін құйып, әрқайсына күміс нитратын құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

Әр сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп, біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар. Нәтижесін жазыңдар

Мәтінді толықтырыңыз.

Күмістің ақ түсті хлориді аммиактың сұйылтылған ерітіндісінде -------------- . Қошқыл ақ күміс бромиді ------------------- аммиак ерітіндісінің қатысуымен ериді. Күміс хлориді мен күміс бромиді екеуі де ерігіш ------------- диамин күміс(I) ионын түзу үшін аммиакпен бірігеді. Күмістің сары йодиді аммиакта -------------

Жауаптары (ериді, концентрлі, түссіз, ериді)

Зертханалық жұмыс

№2 Сульфат-ионын анықтау 

1. Сынауыққа 1-2мл мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

2. Сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп, біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар. Нәтижесін жазыңдар

№3 Карбонат-ионын анықтау

1.Екі сынауыққа, 1-2 мл-ден натрий карбонатының ерітіндісін құйып, біреуіне барий хлориді ,екіншісіне кальций хлориді ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

2.Әр сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп , біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты

Зертханалық жұмыс

№4 нитрат-ионын анықтау (демонстрация, тартпа шкафта)

1. Сынауыққа 1-2мл концентрлі азот қышқылы ерітіндісін құйып, оған мыс жонқасын салғанда қоңыр түсті газ (түлкі құйрық) деп те атайды бөлінеді, улы газ.

Тартпа шкафта жасау керек!!!

Оқушыларға өз беттерімен нитрат ионын анықтатуға келесі тапсырманы да беруге болады

Зертханада натрий нитратын қыздыру арқылы да анықтауға болады, нәтижесінде натрий нитриті және оттегі бөлінеді

Калий нитраты, натрий гидроксиді, AI фольгасы, лакмус қағазы

Зертханалық жұмыс

№ 5 Фосфат-ионын анықтау

1. Сынауыққа 1-2мл натрий фосфаты ерітіндісін құйып, оған күміс нитраты ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

2. Сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп , біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

5 силикат-ионын анықтау

Сынауыққа 1-2 мл натрий силикатын құйып, оған аммоний хлоридінің 3-4 түйірін салып қыздару, нәтижесінде ақ желім тәрізді тұнбаның түзілгенін көруге болады

Байқалған құбылыстар негізінде кесте толтыру

ТАПСЫРМА !

өз бетімен жұмыс

сулы ерітіндідегі Сl, Br, I, PO43–, SO42–, CO32–, NO3, SiO32- аниондарын анықтаудағы реакция теңдеулерін жазып, түзілген тұнбаның түсін жазып затты атаңдар

Сl, PO43,SO42–, CO32–, NO3 анықтауда толық және қысқартылған теңдеулерін жазыңдар

Рефлекция

-нені білдім, нені үйрендім?

- нені еске түсірдім?

немен жұмысты жалғастыру қажет.

Кері байланыс

РАХМЕТ!!!

Сабақ аяқталды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?