Химиялық элемент сипаттамасы.Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ТАБИҒА ҰЯЛАС ЭЛЕМЕНТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 3тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Сабақ тақырып пен оқу мақсатын таныстырудан басталады. Сабақты тиімді ұйымдастыру мақсатында сынып оқушыларын 4 топқа бөл ұсынылады. Әр топқа жеке тақырыптар беріледі. Мысал реитінде «Сілтілік металдар» «Галогендер» «Ауыспалы металдар» «Инертті газдар» топшасын таңдау қарастырылады.

Сабақ 2 бөлімге бөлінеді. 1 Бөлім барысында оқушыларға ноутбук және тапсырма жазылған парақшалар ұсынылады. Әр топ тақырыпқа сай видеоны көріп талқылап болған соң тапсырма орындауға кіріседі. Тапсырмалар әр түрлі деңгейде құрастырылды, сондықтан топ мүшелерінің барлығы өздерінің қабілеттеріне сай қамтылып отырылғанын қадағалау қажет.

2 бөлім барысында өздерінің тақырыптары бойынша постер құрастыруға тапсырма беріледі. Түрлендіру мақсатында бір топқа постер, ал келесі топқа кітапша шығару немесе т.б. жұмыс түрлерін ұсынып көруге болады. Топтық жұмысты бағалауға арнайы критерийлер дайындалады.

Оқушылардың барлық жасаған жұмыстарынан соң келесідей қорытындыларды тұжырымдауға шақырыңыз:

Бір топта орналасқан элементері ортақ қасиетке ие болады. Сондықтан олар табиғи ұяластар деп аталады. Сондай-ақ олардың кейбірінің сыртқы энергетикалық деңгейінде бірдей электрон саны болады.

Оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында тайм-менеджменттің сақталуын және әр топтың видеоны тыңдау барысында қатты шу болмауын мұғалім қадағалап отыруы тиіс. Тапсырмалар да дифференциациялық негізде құрастырылған, демек қабілетті оқушылардың үлгірімі төмен оқушылармен бірігіп жұмыс жасауына көп мүмкіндік болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру