Химиялық элемент сипаттамасы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТ СИПАТТАМАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 3тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақ «Мен кіммін?» ойынын ойнатудан басталады. Мұнда элементтердің периодтық кестедегі орнына сәйкес қай элемент екенін табу қажет. Содан соң ғана сабақтың тақырыбы және оқу мақсаты жарияланады. Тақырыптың мазмұнын ашу үшін «Менделеев периодтық кестеде әлі ашылмаған элементтердің қасиетін қалай болжаған?» деп оқушыларға ой салуға болады. Оқушы жауабынан соң ғана «Твиг-билим» сайтынан тақырыпқа байланысты видео ұсынылады.
Химиялық элементке дұрыс сипаттама беру үшін арнайы жоспар ұсынылған жөн. Себебі, оқушы академиялық тілді қолдана отырып, сауатты жауап бере алса, онда неғұрлым пәнмен қатар тілдік дағдылардың да қалыптасып жатқанын байқауға болады.
Сабақтың келесі бөлімі жұптық жұмыспен жалғасады. Ол үшін мысал ретінде №9-12 элементтерге сипаттама беру сұралады. Онда оқушылар бағанағы жоспарда көрсетілген сипаттамаларды қолдануға тырысады.
Тақырыпты тереңірек түсіну мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылады. Әрбір топ элементтердің жан-жақты сипаттамасын қарастыра отырып, кестені толтырады. Топтар өзара ақпараттарымен алмасып, өзара оқытуды жүзеге асырады.
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында «Тауып көр...» ойынын ұсынылады. Тапсырманы әртүрлі формада да беруге болады.
Үйге тапсырма ретінде әлі ашылмаған химиялық элементтерге қандай болжам жасар едіңіздер? Деген болжамды сұрақты беруге болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?