Қазақстанның пайдалы қазбалары. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Оқу бағдарламасына сілтеме: Геологиялық химиялық қосылыстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстарға бай екендігін және олардың қайда екендігін және қалай игерілетіндігін білу

 Сабақ мақсаттары

Адам ағзасының пайыздық құрамын қайталау

«Пайдалы қазбалар» түсінігін тұжырымдау

Қазақстанның бірнеше маңызды қазбалы ресурстарына мысал келтіру

Мұнай, газ, көмір және металдардың кен орындарын Қазақстанның картасына белгілеу

 Жетістік критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді егер,

пайдалы қазбалылардың мысалдарын келтірсе;

олардың Қазақстанның қай өңірінде өндірілетінін көрсете алса

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Химиялық қосылыстарды атау кезінде арнайы лексиканы дұрыс қолданып айту мен жазу (нөмір үшінші бағана)

Пәнге қатысты лексика және терминология

малахит, әк, шикі мұнай, табиғи газ, мұнай, бензин, дизель (жанғыш отын), керосин, ауыр мұнай, жер қыртысы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Табиғи газ … орналасқан/… туындайды

Шикі мұнай/әк (және т.б.) коммерциялық құндылыққа ие, себебі…

Неге малахит/керосин бағалы болып табылады?

 Құндылықтардыдарыту

Сыйластық пен ынтымақтастық

Жауапкершілік

Өмір бойы білім алу

 Пәнаралық байланыстар

Биология

Бастапқы білім

7.1А-бөлімі. Элементтер, қосылыстар мен қоспалар

7.3A-бөлімі. Тау жыныстары мен геологиялық цикл

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

0-5

5-7

8-9

Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу. Жағымды атмосфера қалыпастыру

Өзектендіру.

Оқушыларға адам құрамына кіретін бірнеше элементтер және олардың пайыздық мөлшері көрсетіледі. Оқушылар дұрыс комбинацияларын анықтап, өз жауаптарын презентациядағы әрекеттермен көрсетеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын көрсету. Жетістік критерийлерін талқылау.

Топтарға бөлу. Оқушылар ретімен санайды: бірінші, екінші, үшінші және т.с.с топ санына қарай. Топтар санау ретіне сай жинақталады.

Презентация PowerPoint

Мағынаны тану

10-16

16-22

23-33

34-37

38-39

Проблемалық сұрақ орнату. «Пайдалы қазбалар терминын қалай түсінесіздер? Осы терминге жер қыртысында кездесетін барлық қосылыстарды жатқызуға бола ма? Қазақстанда кездесетін пайдалы қазба түріне мысал келтіріңіз». Оқушылар сұрақтарды топта 2минут бойы талқылайды, содан соң түрінде өз жауаптарын таныстырады. Әрбір қорғалған топ сыныстаптарымен бағаланады (мысалы, шапалақтау немесе белгі карточкалары көмегімен). Қалаған оқушылар кері байланыс береді. Барлық топтар тыңдалған соң мұғалім тапсырма бойынша кері байланыс береді.

Пайдалы қазба терминіне жалпы анықтама құрылады.

Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға белгілі бір пайдалы қазба түрлеріне байланысты мәтіндер таратылады. Оларға оқушылар түрлі-түсті маркерлермен алдын-ала берілген элементтердің маңыздылығы мен кен орындарын белгілеп отырады.

Оқушыларға Қазақстанның контурлы карталары таратылады. Онда әр оқушы мәтін бойынша тіркеген ақпараттарын белгілейді. Содан соң мәтіндер сағат тілі бағытымен беріледі және тағы да контурлы картамен жұмыс жасалады. Барлық оқушы өзінің ақпаратын енгізіп болғанша осы қадам қайталанады.

Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазблары көрсетілген дайын карталар таратылады. Олар өздерінің енгізген мәліметтерін дайын картадағы мәліметтермен салыстырады..

Оқушылар өз орындарына отырады. Әр жұпқа сұрақтары карточкалар таратылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, тексереді. Бірін-бірі бағалау.

Сабақты қорытындылау.

Сабақ мақсаттарына оралу.

Презентация.

Қосымша 1.

Түрлі түсті маркерлер.

Қосымша 2

Рефлексия

39-40 мин

Рефлексия «Білемін. Білдім. Білгім келеді» кестесі

Үй жұмысы: тақырып бойынша ақпаратты қайталау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы: «пайдалы қазбалар» не екендігін түсіндіреді

Көбісі: Қазақстанның бірнеше маңызды қазбалы ресурстарына мысал келтіреді

Кейбіреуі: Қазақстанның мұнай, газ, көмір және металдардың кен орындарын атайды және оларды картадан көрсете алады

Сабақтың көп бөлігінде оқушылар бірін-бірі бағалайды. Дегенмен мұғалім бақылаушы рөлін алып, топтың және ондағы оқушылардың прогресін бақылап, қадағалай алады.

География пәнімен байланыс

Оқушылардың омыртқа жотасы дұрыс қалыптасуы үшін олардың партада дұрыс отыруына мән беру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді