Экология және қоршаған ортаға адамның әсері. Биология, 11 сынып, презентация.


11.4 С Экология және қоршаған ортаға адамның әсері

11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау

https://www.youtube.com/watch?v=hhpHrOz3iRs

Ғаламдық жылыну — XX және XXI ғасырлардағы Жер атмосферасы мен Дүниежүзілік мұхиттың орташа-жылдықтемпературасының біртіндеп өсу процесі.

Климаттың өзгеруін зерттейтін БҰҰ-ның мемлекетаралық эксперттер тобының пайымдауынша (және Үлкен Сегіздік елдерінің ұлттық академияларының келісімімен) XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жердің орташа температурасы 0,7 °C көтерілді және соңғы 50 жылдағы жылыну процесінің көп бөлігі адамзаттың кесірінен орын алған, бірінші кезекте газдардың атмосферағашығарылуынан туындаған көмірқышқыл газы (CO2) мен метанның (CH4) «көшетхана эффектісі» (Greenhouse effect).

IPCC ұйымының климаттық модельдерге байланысты алынған мәліметтері бойынша: XXI ғасырда Жер бетінің орташа температурасы 1,1 °C-тан 6,4 °C-қа көтеріледі-мыс. Ал кейбір аймақтарда керісінше сәл төмендейді.

Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өсуімен қатар ғаламдық температураның да өсуі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Нәтижесінде табиғи катаклизмдер жиілеуі мүмкін, мысалы: су тасқындары, қуаңшылықтар, дауылдар және басқалары, жапа шеккен аймақтарда ауылшаруашылық өнімдерінің мөлшері төмендейді және басқа аймақтарда жоғарлайды (көмірқышқыл газы концентрациясының көтерілу есебінен). Жылыну процесімұндай құбылыстардың масштабы мен жиілігін жоғарлатуы ықтимал.

Климаттың жылынуынан келесі қауіп туындауы мүмкін: кейбір жануар немесе өсімдік түрлерінің таралу аймағының полярлық зоналарға ығысуы; жаға зоналары мен аралдарда мекендейтін саны аз түрлердің жойылуы

1.Түсіндім кемінде 3 мысал келтіре алам:

2. Кейбір қиындықтар болды:

3. Түсіндіріп көмектесе алам:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу