Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулярлық биология және биохимия
| Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып:11 |
| |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Генетикалық кодтың қасиеттері: үшөрімділігі, көптігі, әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы. | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | генетикалық кодтың қасиеттерін атау және оларды сипаттау | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Генетикалық кодтың қасиеттерін біледі; Әрбір қасиеттерін сипаттай алады. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология Генетикалық код, триплеттілік, азғындық, бірін – бірі жаппауы, әмбебаптығы. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Генетикалық код- дегеніміз ... Генетикалық кодтың қасиеттері: .... Триплеттілік- .... | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Генетика: генетикалық код | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, ғаламтор, ноутбуктер | |||||||||||||
Бастапқы білім | Молекулярлы биология: 8 - 10 сынып. Заттардың тасымалы: 9 сынып. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы Ой қозғау 1-5 мин 6- 10 мин 11- 25 мин 25-37 мин | Болжау кестесін толтыру
КБ: мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды. Тақырып пен оқыту мақсаты, сабақтың мақсаттары, бағалау критерийлері тұжырымдалады.
(М) Оқушыларға генетикалық кодтың қасиеттерін сипаттап түсіндіреді. (G) (f) Жұптарға генетикалық кодтың қасиеттерін қарастыруға беріледі: -триплеттілігі -қатарынан орналасқан 3нуклеотид бір кодон (триплет) құрап, бір аминқышқылын анықтайды -үздіксіздігі -кодондар үздіксіз орналасқан - қайта жабылмайтындығы-кодондар бірі бірін жаппайды, әр нуклеотид тек бір кодонның құрамына кіреді -коллинеарлығы -кодондардың реті белоктағы аминқышқылдардың ретіне сай -артықтылығы - бір аминқышқылды 1-6 жуық кодон анықтауы мүмкін, өйткені жалпы кодондар саны 64, ал аминқышқылдар саны – 20 -жүйелілігі - кодондағы нуклеотидтердің ақпараттық маңыздылығының бірдей болмауы: 1-2 орындағы нуклеотидтер маңызды болып саналады, ал 3 нуклеотид әртүрлі болуы мүмкін және автоматты түрде оқылады -арнайылылығы - әр кодон тек белгілі бір аминқышқылын анықтайды - әмбебаптығы - барлық тірі ағзаларға (бірқатар ерекшеліктерінен басқа) генетикалық код бірдей. Сұрақ- жауап: •Генетикалық кодтың сипаттамасын беріңіз; •Генетикалық кодтың негізгі қасиеттерін атаңыз; •Генетикалық кодтың триплеттігін қалай анықталады? ҚБ: оқушыларға тапсырмалар таратылады. | Генетикалық кодтың қасиеттері туралы ақпарат (орыс тілінде): http://medbiol.ru/medbiol/biology_sk/0004f0e0.htm http://fb.ru/article/46935/svoystva-geneticheskogo-koda-i-ego-v-obschey-sisteme-dnk http://biologylib.ru/books/item/f00/s00/z0000012/st179.shtml Генетикалық кодтың қасиеттері туралы презентация (орыс тілінде): http://www.myshared.ru/slide/1353429/ Қалыпта- стырушы бағалау тапсырма-лары | ||||||||||||
Соңғы бөлім 38-40 мин | Рефлексивті бейне
Үйге тапсырма: жаға терминдермен жұмыс жасау. | |||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік ережелері, АКТ, құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
- генетикалық кодтың анықтамасын біледі; - генетикалық код қасиеттерін дұрыс атап ерекшеліктерін сипаттайды. | Нәтижелерді бағалау –термин сөздерге байланысты тапсырма арқылы, сөздік қорын кеңейтуге арналған тапсырмалар арқылы, оқушылардың жауаптары, критериалды бағалау | Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру