Тәжірибелік зерттеу: ферменттердің иммобилизациясы. Биология, 11 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс "Иммобилизация-лаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу"

Оқыту мақсаты: фермент- субстрат кешенінің түзілу механизмін түсіндіру

Бағалау критерийлері :

Ферменттің құрылысын сипаттайды

Белсенді орталықтың маңызын түсіндіреді

Фермент мен субстарттың әрекет ету реттілігін сипаттайды

Сүтті өзгерту үшін иммобилизацияланған ферментті қолдану

Жұмыс барысы:

2 см3 лактаза ферментін 2% 8 см3 натрий альгинатымен араластыру.

Ферменттің иммобилизделген шарларын біркелкі ету мақсатында, көлемі 1 мл пластикті тамшуырдың ұшын кесіп, оның шприцтің ұшына жалғастыру.

Натрий альгинаты мен лактаза ферментін 1.5% хлорлы кальцийде еріту қажет, тамшылап қосу ( натрий альгинаты мен лактаза ферментін).

Альгинат шарларын хлорилы кальцийден сүзгімен сүзіп алу.

Альгинат шарлары дистилденген сумен брнеше минут аралығында шаю.

Иммобилизделген ферметті лактозаның глюкоза мен галактозаға дейін ыдырату мақсатында қолдану.

Біріншіден, сүттің құрамында глюкозаның барын Тестер жолақтарының көмегімен анықтау, Тестер глюкозаның жоқтығын көрсетеді.

Түтіктің ұшын шприцтің ұшына жалғау және қысқышпен бекіту. Шприцтің ішіне иммобилизделген ферментті орналастыру. Сүтті шприцтің ішіне ферменттің үстіне құю және 10 минутқа қалдыру.

Сүттің құрамында глюкозаның пайда болғанын тест-жолақтың көмегімен тексеру. Егер глюкоза пайда болса болса, онда жолақ өзінің түсін өзгертеді.

Сегізінші және тоғызыншы қадамды бірнше рет қайталауға болады, сүттің құрамында глюкоза пайда болғанша.

Қорытынды

сүттің құрамындағы қант аталған ферменттің көмегімен ыдыратылады;

глюкоза мен галактоза түзіледі;

зерттеудің нәтижесінде алынған сүттің құрамында жеңіл қант (глюкоза мен галактоза) бар;

сүттің құрамындарнайы тест- жолақтың көмегімен анықтайдыағы пайда болған глюкозаны



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу