Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тарау: 10.4 С

Биофизика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тақырыбы

Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы.

Сыныбы:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаты

  • 10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • жүрек автоматиясының механизмін, жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштық қасиетін, жүректегі қозудың өту жылдамдығын анықтай отырып, электрокардиография және оның диагностикалық маңызын саралауды үйренеді

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы:

Жүрек автоматиясының механизмін түсінеді;

Жүректегі қозудың өту жылдамдығы мен жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығына талдау жасайды;

Электрокардиография, оның диагностикалық маңызын саралайды.

Тілдік мақсаттар

Дұрыс ғылыми терминдерді пайдаланып, жүрек автоматиясы механизмін зерттейді. Электрокардиографияның мәнін түсінеді (оқылым, айтылым және тыңдалым дағдылары)

Пәнге бағытталған лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

электродтар

электроды

electrodes

электрокардиограмма

electrocardiogram

қалыпты ЭКГ

нормальная ЭКГ

normal ECG

жүректің электрлік осі

электрическая ось сердца

electrical axis of heart

потенциалдардың айырмашылығы

разность потенциалов

the potential difference

ток өткізетін гель

токопроводящий гель

conductive gel

фазалар

фазы

phase

жүректің электрлік белсенділігі

электрическая активность сердца

electrical activity of the heart

электроэнцефалограмма

electroencephalogram

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу, Ашықтық, Топта жұмыс жасау арқылы Өзіне және айналадағы құрмет, Ынтымақтастық; Жұмыстарды өзара және жеке тексеру кезінде Академиялық әділдік құндылығын дарытуға болады.

Пәнаралық байланыстар

Тарауда физика және информатика пәндерінің биологиямен пәнаралық кіріктірілуі жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейне баян көруде қолданады

Алдыңғы білім

Қозғалыс, бұлшықеттер 7,9 сыныптар.

Қанайналым жүйесі 8 сынып.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

3 минут

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Оқушыларға жүректің суретін көрсету. Жүректі көргенде ойларына не келетіндігін сұрау.

Мүмкін болатын жауаптар:

-мейірімділік, кеңпейілдік, Ана махаббаты т.б

  • Ұ = ұжымдық жұмыс. Сабақтың тақырыбы оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе талқылау.

Презентация

5 минут

Т = топтық жұмыс. Оқушылар топта терминдермен жұмыс жасайды. Терминдерді үш тілде сәйкестендіреді

Ұ = ұжымдық жұмыс. Оқушыларға проблемалық сұраққа жауап беруді ұсыну:

«Жүрек тоқтап қалғанда не себепті дефибриллятор қолданады?»

Презентация

5 минут

  • М = мұғалімнің түсіндіруі. Жүрек жасушаларының негізгі қызметтерін айқындау. (Автоматизмдік қызметі, өткізгіштік қасиеті, жиырылғыштық қасиеті, қозғыштық қасиеті, рефрактерліқ қасиеті).

Презентация

15 минут

Т = топтық жұмыс. Мүмкіндік болса медбикені немесе дәрігерді шақыртып, электрокардиограмманың жазбасын түсіру үдерісін демонстрациялауды сұрауға болады/ бейнематериалдарды/ анимацияларды қолдануға болады.

Оқушыларға ЭКГ-нің құрылысы мен жұмыс істеу механизмі туралы ақпарат парақшаларымен жұмыс жасайды.

Оқушылар топта бірлесе талқылау жасайды.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырма ретінде екі ЭКГ (1 -ші сау адамның және 2-ші жүрегінің жұмысында ауытқушылығы бар) ұсынып, олардың айырмашылығын анықтау.

Дені сау және жүрегінде ақауы бар адамдардың ЭКГ мысалдары: http://qps.ru/aT3dw

Биология. Т.2_Тейлор Д, Грин Н, Стаут У 154 бет

Жүрек циклдері мен оларға сәйкес келетін ЭКГ толқындардын көрсететін анимация:

https://en.wikipedia.org/wiki/File:ECG_principle_slow.gif

ЭКГ туралы қосымша ақпарат көзі:

http://therapy.odmu.edu.ua/ru/ecg-online-course/154-normal-ecg-waves-intervals.html

10 минут

Жж = жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау жұмысы. Оқушыларға бір жүрек циклінің электрокардиограммасын PQRST тісшелерін көрсете отырып сипаттайды. Жүрек жұмысының сызбасын құрастыру.

Бағалау: өзара бағалау.

ҚБ жұмысы

2 минут

Кері байланыс. Сабақтың мақсаттарына қайта шолу.

"+,-"

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Қабілеті жоғары оқушылар үшін, қосымша тапсырма ретінде екі ЭКГ ұсынуға болады.

Жж = жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау жұмысы. Өзара бағалау.

Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері. Сергіту сәттері мен партада дұрыс отыру ережелері,3-4 және 7-8сабақтарда көзге жаттығу жасау. Ноутбукпен, ғаламтормен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау ескертіледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болдыма? Бүгін оқушылар неніүйренді? Оқытуортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге астыма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізуүшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қысқаша бағалау

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу