Кездейсоқ шамалар. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4A Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Кездейсоқ шамалар | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.4 кездейсоқ шаманы түсінеді және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіреді; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Кездейсоқ шаманың мағынасын түсініп, олардға мысалдар келтіріп, кездейсоқ шамаға жататын мысалдарды ажыратуды үйрену | ||||||||||
Жетістік критерийлері | Кездесоқ шаманы берілген мәтіннен анықтайды Кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіреді | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология Оқиға, кездейсоқ шама, тәжірибе, ойын сүйегі Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер -Мүмкіндіктерін көрсету үшін болуы мүмкін, мүмкін, істей алу, ықтимал сияқты модальды етістіктерді пайдалану
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілік құндылықтары сабақ барысында дамыту | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||
Бастапқы білім | Кездейсоқ оқиғалар, ықтималдық | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 4 минут | Сәлемдесу. Ықтималдықтар теориясында кездейсоқ оқиғалардан басқа маңызды ұғым кездейсоқ шамалардың бар екендігін мұғалім айтып өтеді. Сұрақ: Кездейсоқ оқиғаның анықтамасын беріңіз. Кездейсоқ оқиға мен кездейсоқ шаманың айырмашылығы неде? Мысалмен түсіндіріңіз? Оқушылар мысалдар келтіріп көреді. Мұғалім қажетті жерде өзгерістер енгізіп өзінің мысалдарын келтіреді: 1) Кездейсоқ шамалар ретінде: 2) Талдықорған қаласында бір тәулікте туылған балалар саны; 3) Берілген партияда ақауы бар өнімдерінің саны; 4) Нысанаға бірінші тиюге дейінгі оқтардың атылған саны; 5) Артиллерия снарядының ұшу ұзақтығы; 6) Бір ай ішінде зауыттың элект энергиясының шығыны. Ойын сүйегін бір рет лақтырғанда 1; 2; 3; 4; 5; 6 сандарының бірі түсуі мүмкін.Нақты қандай сан түсетінін жоспарлау мүмкін емес, өйткені берілген сандардың кез келгені түсуі көптеген себептерге тәуелді және оларды анықтау мүмкін емес. Егер бірінші 3 саны түссе, екіншісінде 1 немесе 5 саны түсуі немесе 3 саны түсуі мүмкін. Сонымен тәжірибенің қайталануынан түскен сандардың жиынтығы кездейсоқ өзгереді. Ойын сүйегін лақтыру кезінде, түскен сандар жиынтығы айнымалы болып табылады, оның өзгерісі көптеген кездейсоқ себептерден тәуелді. Ондай шаманы кездейсоқ деп атайды. Кездейсоқ оқиға деп кейбір байқау, тәжірибе немесе эксперимент жасауда белгілі бір шарттардың жиынтығы орындалғанда пайда болатын немесе пайда болмайтын нәтижені айтады. Кездейсоқ шама – ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарының бірі.Кездейсоқ шама – жағдайға тәуелді белгілі бір ықтималдығы бар әр түрлі мән алатын қандай да бір шама. | В.Н. Калинина, В.Ф. Панкин Математическая статистика Н.Ш. Кремер ТВ и МС | |||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
18 минут | Мысалдардан кездейсоқ шаманы анықтап, талдау жасалады. Қажетті қорытындыға келеді. Кездейсоқ шамалары бар мысалдар оқушыларға ұсынылады. Соның ішінде кездейсоқ шама бола алатын және бола алмайтын мысалдар да бар. Оларды анықтап, жауабын негіздеу керек. Есептер шығару. Бағалау критерийлері: 1. Кездейсоқ шаманы біледі 2. Кездейсоқ шаманы анықтайды 3. Кездейсоқ шаманың мәндерін болжайды, табады | Қосымша 1 Дидактикалық материал Қосымша 2 Ю.Н. Тюрин, А.А. Макаров, И.Р. Высоцкий, И.В. Ященко Теория вероятностей и статистика Қосымша 3 Ю.Н. Тюрин, А.А. Макаров, И.Р. Высоцкий, И.В. Ященко Теория вероятностей и статистика | |||||||||
Сабақтың соңы 1 минут 2 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үйге тапсырма 1. Кездейсоқ шамаларға 3 мысал құрып, оларды жазыңыз. 2. Мектеп бағасын кездейсоқ шама ретінде қарастыруға бола ма? «Ия» және «Жоқ» деген пікірлерге аргументтер келтіріп жазыңыз? | Ю.Н. Тюрин, А.А. Макаров, И.Р. Высоцкий, И.В. Ященко Теория вероятностей и статистика Қосымша 4 | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады Кездейсоқ шамаларға байланысты есептерді саралау, уақытқа байланысты саралау | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Диалог(сұрақ-жауап, ашық сұрақтар) көмегімен оқушылар сабақ мақсаттарын анықтауларына көмегін тигізеді. Мұғалім көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізу (мәтінмен жұмыс, мәтіннің ішінен кездейсоқ шаманы анықтау, немесе әртүрлі жағдайлардың көмегімен кездейсоқ шаманы тауға есептер құрастыру). Жеке, жұптық жұмыстарды жүргізу және бағалау критерийлері көмегімен бірін-бірі тексеру. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Қозғалысқа, көзге арналған гимнастиканы қолдану | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру