Банктік пайыздармен байланысты есептерді шешуде прогрессияны қолдану. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

Качнов В.А.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3А бөлім: Тізбектер

Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ақтау қ.

Күні: 20.01.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Садирова Г.А.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Банктік пайыздармен байланысты есептерді шешуде прогрессияны қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.5.2.2 қарапайым банктік пайыздармен байланысты есептерді арифметикалық прогрессияны қолданып шешеді және күрделі банктік пайыздармен байланысты есептерді геометриялық прогрессияны қолданып шешеді;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Банктік пайыздармен байланысты есептерді шешуде прогрессияны қолданады 

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

- қарапайым банктік пайыздармен байланысты есептерді арифметикалық прогрессияны қолданып шешсе; 

- күрделі банктік пайыздармен байланысты есептерді геометриялық прогрессияны қолданып шешсе.

.

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар:

  • сандық тізбектер; 
  • тізбектің берілу тәсілдері; 
  • тізбектің алдыңғы мүшесі, тізбектің кейінгі мүшесі; 
  • тізбектің бірінші мүшесі және  т.с.с., тізбектің n-мүшесі; 
  • тізбектің n-мүшесінің формуласы; 
  • рекурренттік формула; 
  • өспелі, кемімелі тізбек; 
  • арифметикалық прогрессияның айырмасы; 
  • геометриялық прогрессияның еселігі; 
  • арифметикалық ортасы; 
  • геометриялық ортасы; 
  • арифметикалық/геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы; 
  • шексіз кемімелі геометриялық прогрессия; 
  • математикалық индукция әдісі 

 Құндылықтарды дарыту

 

 

- Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру 

- Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы   құрмет құндылықтарын қалыптастыру  

- Жаңа білімді меңгеру арқылы  өмір бойы оқу  құндылығын қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

Экономикада (банктің пайыздық есептеулерінде)

 АКТ қолдану дағдылары

Active Inspire

Бастапқы білім

Сандық тізбектер, дәрежесі бар тізбектер түсініктері. Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар тізбектің заңдылығын анықтау және жетіспейтін мүшесін таба білу. Пайыз, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу, пайыздық қатынас түсініктері. Сандардың бөлінгіштігі, бөлінгіштік белгілері. 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-сабақ

5 минут

5 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Дайын жауаптар арқылы тексереді, оқушылар бір-бірін тексереді, бағалайды.

3. Қайталау.

Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа сабақ

Мысалды бүкіл сыныппен талқылау керек. Оқушылар келесіні түсінуі керек, мысалда несиенің барлық мерзімі ішінде пайыздар тек бастапқы сомадаға есептелетіндіктен, сондықтан қарапайым пайыздарды есептеу туралы айтылып жатыр.

Мысал: Микроқаржы ұйымы клиентке 250 000 теңге сомасында қарыз ұсынады. Ай сайын борыштың негізгі сомасына бастапқы соманың 1% -ы есептелетін болады. 4 айдан кейін клиент қандай соманы қайтаруы керек?

I Қарапайым пайыздарды зерттеу.

1 тапсырманы орындау барысында оқушылар қарапайым пайызды есептеу формуласын қорытып шығарады және сәйкес тізбек арифметикалық прогрессия екенін дәлелдейді, сонымен қатар есептің шартына сәйкес прогрессияның монотондылық түрін анықтайды.

Мысал: тауардың бастапқы бағасы 12 000 теңгеге тең. Егер ай сайын баға 5% төмендесе, 7 айдан кейін тауардың бағасы қандай болады?

Мысалды бүкіл сыныппен талқылау керек. Оқушылар қарастырылған мысалда алдыңғы қадамда табылған шаманың бірдей пайызы есептелетіндіктен, күрделі пайыздарды есептеу туралы айтылып жатқанын түсіну керек

II Күрделі пайыздарды зерттеу

2 тапсырманы орындаған кезде оқушылар күрделі пайыздарды есептеу формуласын қорытып шығарады және сәйкес тізбек геометриялық прогрессия екенін дәлелдейді, сонымен қатар есептің шартына сәйкес прогрессияның монотондылық түрін анықтайды.

2-сабақ

10 минут

20 минут

5 минут

Топтық жұмыс

Топтық жұмыс Әр топқа талқылауға 5 минут уақыт беріледі. Тапсырмаларды қорғауға әр топқа 2 минут уақыт беріледі.

1-топ

Банк клиенті сомасы 1,5 млн теңге болатын несие алды, оның жылдық мөлшерлемесі қарапайым пайыздарсхемасымен 12%. Егер клиент банкке 2,4 млн теңге қайтарса, ол несиені неше жыл төледі?

2 топ

Салымшы жинақ кассасына 10 % жылдық өсіммен 400 000 теңге салды. Ол n жылдан кейін қанша теңге алады?

1) n = 2; 2) n = 4

7.163- 7.166 Оқулық NIS, 9-сынып

Келесі тапсырманы оқушылар кезекпе кезек орындайды. Әр оқушыға 1 ұяшықты толтыру талап етіледі.

Банк салымшыға 20 % - дық жылдық өсім төлейді. Есеп шотына 100 мың теңге салса, бес жылдың ішінде салымшының есеп шотындағы ақшасы қанша болатынын кесте арқылы көрсетіңіз:

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу