Банктік пайыздармен байланысты есептерді шешуде прогрессияны қолдану. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Математика» ӘБ жетекшісі | Даулетов К.С. |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3А Тізбектер | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Банктік пайыздармен байланысты есептерді шешуде прогрессияны қолдану | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.5.2.2 қарапайым банктік пайыздармен байланысты есептерді арифметикалық прогрессияны қолданып шешеді және күрделі банктік пайыздармен байланысты есептерді геометриялық прогрессияны қолданып шешеді;; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Банктік пайыздармен байланысты есептерді шешуде прогрессияны қолданады | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология
математикалық индукция әдісі | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экономика | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.gym1522.ru/media/- жеке орындауға арналған тапсырмалар https://ust.kz/word/ekonomikalyq_mazmundagy_esepterdi_progressiya_arqyly_sesy_joldary-63849.html - топтық орындауға арналған тапсымалар | |||||||||||
Бастапқы білім | Сандық тізбектер, дәрежесі бар тізбектер түсініктері. Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар тізбектің заңдылығын анықтау және жетіспейтін мүшесін таба білу. Пайыз, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу, пайыздық қатынас түсініктері. Сандардың бөлінгіштігі, бөлінгіштік белгілері. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы Ұ және М 4 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу. 3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут
11 минут
10 минут 10 минут
10 минут
27 минут | І. Жаңа сабақ барысы Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары. a,b,c сандары айырымы 4-ке тең арифметикалық прогрессияны құрайды. Егер сандарды a,b,c+8 деп алсақ, онда тізбек геометриялық прогрессия болады. Осы сандарды табыңыз. Жауабы: 2,6,10 Жаңа сабақ. Пайыздың өсуіне байланысты салым ақшасының артуы әртүрлі әдістермен жүргізіледі. Қарапайым пайыздарды есептеу схемасын қарастырайық (пайыз мөлшері барлық сақтау мерзімінде алғашқы сомадан анықталады, сақтау мерзіміне қатысты емес): Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Жаңа сабақты есеп арқылы түсіндіру. Тұрақты уақыт аралығында өзгермейтін капитал қосылады, және бұл капитал нақты берілген пайызға тең болады - жай пайыздар. an+1=a1+nd, d = pan+1=a1( 1+pn/100), p-проценттер.Анықтама 2.Күрделі пайыздар.Мәнді бұрынғы мәнмен салыстырғанда бірдей пайызбен өсуі.bn+1=b1qnq=1+p/100 .Мысалдар:Үш жылдан кейін банкта 880 мын теңге жиналды. Бұл сумма жылына 40% жай өсіммен салынған болатын . Бастапқы ақшаны табыңыз.Шешуі:a1=880мын. тгp=40%n=3a1=?a4 =a1+3d, d= = 0,4a1.880=a1+1,2a1880=2, 2a1a1=400 мын тг.Жауабы : Бастапқы ақша 400 мын теңге.Жылына 20% күрделі өсіммен 1440 теңге алу үшін 1000 тенгені қанша жылға салу керек?Шешуі:b1 =1000p=20bn+1=1440bn+1=b1qnq=1+ = 1+0,2=1,2.1440=10001,44=1,2nn=2Жауабы:2 жылға салу керек. ΙΙ. Топтық жұмыс Оқушылар 2 топқа бөлініп, топ келесі есепті шығарады.Бетон зауытты депозитқа ақша салайын деді . Олар 3 банкке барып олардың ұсыныстарымен танысты.1 банк –жай процентпен 3% бір айға есептегенде.2 банк –жай процентпен 40% жылына есептегенде.3 банк – күрделі процентпен 30% жылына есептегенде. Қай банктың ұсынысы ең тиімді, егер120000 мын теңгені 3 жылға салады.Шығару жолы.Банк1 жауабы:249600 теңгеБанк2 жауабы:264000 теңгеБанк 3 жауабы:263640 теңге.Жауабы: 2 –банктің ұсынысы ең пайдалы болды. Әр топ мүшелері бір-бірімен жұптасады. Қосымша №1 тапсырмалары жұптастырып беріледі Кері байланыс беру арқылы бағалау ΙΙΙ . Жеке жұмыс Қосымша №2 Кері байланыс беру арқылы бағалау Оқушылар ерте бітірген жағдайда,қосымша есептер беріледі Қосымша №3 | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | 1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Сенімдімін!!! Сенімсізбін??? 2. Бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау 3. Үйге тапсырма: https://www.goodstudents.ru/bank/452-procenty.html сайтынан №6,7 | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылар үшін С деңгейінің тапсырмалары қосымша беріледі. Олармен жеке жұмыс жүреді және кері байланыс орын алады. | Сабақ барысында оқушыларға бірдей тапсырмалар беріледі. Әрбір оқушыға жеке кері байланыс жүргізу барысында деңгейлерін анықталады. Дейгейіне сай тапсырмалар орын алады | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. Сабақ барысында кішікірім денені шынықтыруға арналған жаттығуларды жүргізу. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру