Екі айнымалысы бар теңсіздіктер. Алгебра, 9 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Қосымша 1.

Қосымша 2.

  • түрінде берілген теңсіздіктер шешімін координаталық жазықтықта кескіндеңіз, мұндағы:
  • Теңсіздіктер шешімін координаталық жазықтықта кескіндеңіз:

Теориялық материал.

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер.

Екі айнымалыдан тұратын теңсіздікті екі айнымалысы бар теңсіздік дейді.

Мысалы, 3x+7y>9; -2y+5x<0; x2-6y>0

Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу берілген теңсіздікті дұрыс сандық теңсіздікке айналдыратын сандар жұбының жиынын табу немесе берілген теңсіздіктің шешімі жоқ екенін дәлелдеу.

Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу үшін келесі алгоритмді пайдалану керек:

1) теңсіздікке сәйкес функцияның түрін анықтау;

2) ол функцияның графигін координаталар жазықтығына салып, жазықтықтарды бөліктерге бөлеміз;

3) жазықтықтың қай бөлігі теңсіздіктің шешімі болатынын анықтаймыз. Ол үшін жазықтықтың кез келген бөлігінен бір нүкте алып, оның координатасын берілген теңсіздікке қойып, дұрыстығын тексереміз; теңсіздік дұрыс болатын жазықтық бөлігінің нүктелер жиынын және теңсіздік қатаң емес жағдайда функцияның графигін, берілген екі айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі ретінде аламыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу