«Квадраттық фукнция» бөлімін қайталау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | «Квадраттық фукнция» бөлімін қайталау | ||||||
Cабақтың түрі | Қайталау сабағы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.2 түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу; 8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу; 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу; 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану; 8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
түріндегі квадраттық функция графиктерін салу;
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: квадраттық функция графиктерінің салынуын түсіндіреді, олардың қасиеттерін тұжырымдайды, есепті шешу кезінде квадраттық функция қасиеттерін қолдануын негіздейді, практикалық мазмұндағы есептерді шешуде математикалық модельді құруды түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика және терминология: Квадраттық функция, парабола, парабола төбесі, симметрия осі, парабола тармақтары, парабола төбесінің координаталары. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Квадраттық функция графигін салу үшін ... Парабола төбесінің координаталарын табу үшін ... Ох осінде парабола осіне симметриялы екі нүктені белгілеу ... | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Физикамен байланыс практикалық мазмұндағы есептерді шешу барысында орын алады, яғни жоғары лақтырылған дененің қозғалыс траекториясы параболаның бөлігі. Географиямен байланыс мұғалімнің сейсмограф құрылғысын түсіндіру арқылы жүзеге асады, бқл сөз тест тапсырмасын орындағанда кілт сөз болып алынады. (Күш пен бағытты анықтайтын құрылғы және жер сілкінісін өлшейді). | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар «Квадраттық функция» бөлімін 3-тоқсанда өтіп кеткен. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-8 мин |
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.
Оқушылар мұғаліммен бірге бөлімнің негізгі теориялық сұрақтарын қайталайды.
| Презентация Слайд 1-3 Презентация Слайд 4-5 | |||||
Сабақтың ортасы 8-16 мин 16-23 мин 23-39 мин | 3. Практикалық мазмұндағы есептерді шығару. Оқушылар мұғаліммен бірге квадрат функция қасиеттерін қолдануға мәтіндік есепті шағарады. Шешімді талқылайды, сұрақтар қояды. Есеп. Мейрамға арнап қарақшылар суға снарядтарды атты. Кемеден, яғни су бетінен 4 м жерден снаряд атылды. Снарядтың ұшудағы биіктігі 4 формуласымен анықталған, мұндағы – секундпен ұшу уақыты. а) снаряд қандай максимал биіктікке жете алады?b) Максимал биіктікке жету үшін қанша уақыт қажет? с) Неше секундтан кейін снаряд суға құлайды? d) Снарядтың биіктігін атылғаннан 1 сек және 2 сек кейін салыстырыңыз.е) Снаряд ұшуының траекториясының графигін схемалы түрде бейнелеңіз. 4. Квадраттық функция графигін салу бойынша жұмыс. Мұғалім оқушыларға дайын парақтарда квадраттық функция графиктерін салуды ұсынады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін, оқушылар слайдтағы жауаптар арқылы өздерін бағалайды, содан кейін мұғаліммен бірге орындалған жұмыстың қорытындысын жасайды. 5. «Квадраттық функция» бөлімі бойынша тест. Оқушыларға жеке орындауға тест тапсырмасы ұсынылады, оны орындау арқылы оқушылар жан-жақты бөлімді қайталай алады. Тест тапсырмасының әрбір жауабына қандай да бір әріп сәйкес келеді. Егер барлық тапсырмаларды дұрыс орындап, сәйкес әріптерді жазып алсақ, онда кілт сөз алынады, дәлірек айтқанда құрылғының атауы шығады. Дұрыс жауап: СЕЙСМОГРАФ. | Презентация Слайд 6-7 Қосымша 1 Презентация Слайд 8-9 Қосымша 2 Презентация слайд 10 | |||||
Сабақтың соңы
| 6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады: •Бүгін мен білдім … •Маған қызықты болды … •Маған қиын болды … •Мен ... тапсырмаларын орындадым. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген. | Презентация слайд 11 Стикерлер Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады. Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады. Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз. | Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау. Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады. | Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру