«Квадраттық фукнция» бөлімін қайталау. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: «Квадраттық функция» бөлімін қайталау

Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Оқу мақсаты:

8.4.1.2 түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу;

8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу;

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;

8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • түріндегі квадраттық функция графиктерін салу;
  • Берілген аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табу және берілген функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;
  • Практикалық мазмұндағы мәтіндік есептерді шешуде квадраттық функция қасиеттерін қолдану.

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • Қайталау.
  • Практикалық мазмұндағы есептерді шығару.
  • Квадраттық функция графигін салу бойынша жұмыс.
  • «Квадраттық функция» бөлімі бойынша тест.
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

 

 

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

Теорема: Квадраттық функцияның y=ax2+bx+c графигі парабола болып табылады, ол y=ax2 параболасын параллель көшіру арқылы алынады.

y=ax2+bx+c параболаның осі болып түзуі алынады; парабола төбесінің координаталары келесідей есептеледі: және

y = аx2 + bx + c функция графигін салу алгоритмі:

1. Парабола төбесінің координаталарын табу, координаталық жазықтықта сәйкес нүктені салып, парабола осін жүргізу.

2. Парабола осіне симметриялы екі нүктені Ох осінен белгілеу

3. Алынған үш нүкте арқылы параболаны жүргізеді

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

 Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді іс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.

 

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

 Базалық деңгей

Қандай да бір өзеннің ағынының жылдамдығын (м/с) оның тереңдігіне (м) қатысты тәуелділігін анықтады

Өзеннің максимал тереңдігін табыңыз (яғни болғанда) және ең жылдам ағынның максимал тереңдігін анықтаңыз.

 

 

 Күрделі деңгей

Диск 6 м биіктіктен лақтырылады. Биіктік келесі формуламен өлшенеді 6, мұндағы – секундпен ұшу уақыты.

а) Диск қандай максимал биіктікке жете алады?b) Максимал биіктікке жету үшін қанша уақыт қажет?

с) Неше секундтан кейін диск жер бетіне құлайды?d) Лақтырылғаннан кейін 1 сек және 2 сек уақыттан соң дисктің биіктіктерін салыстырыңыз.

е) Дисктің ұшу траекториясын схемалық түрде бейнелеңіз.

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

 Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады. Тапсырмалардың жауаптары слайд презентацияларында жазылған.

Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Алгебра. 8-класс: Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения/ А.Н. Шыныбеков – 3-издание. – Алматы: «Атамұра», 2012. 288 с.

Алгебра. 8-класс: Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения/ А.Е. Абылкасымова – Алматы: «Мектеп», 2008. 144 с.

Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 21-е изд., испр. — М. : Мнемозина,

2014.

Алгебра. Дидактический материал 9 класс. Учебное пособие для 9 классов 12-летних школ. Алматы «Мектеп», 2011 Авторы: В.Е.Корчевский, А.А.Малая, Я.С.Первушина



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу