«Теңсіздіктер» бөлімін қайталау. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: «Теңсіздіктер» бөлімін қайталау
Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Оқу мақсаты:
8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу;
8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу;
8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу;
8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
- Квадрат теңсіздіктердің шешеді: интервалдар әдісімен, графиктік әдіспен;
- Рационал теңсіздіктерді шешеді;
- Екі теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді, олардың біреуі – сызықтық, екіншісі – квадраттық.
- Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
- Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешеді;
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
- Қайталау.
- Өздік жұмыс.
- «Теңсіздіктер» бөлімі бойынша тест.
- Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Анықтама. Сол жағы екінші дәрежелі көпмүше, ал оң жағы – нөл болатын теңсіздікті квадрат теңсіздік деп аталады.
Квадрат теңсіздікті шешу алгоритмі:
- Квадраттық функцияның а коэффициентін анықтау
және парабола тармақтарының бағытын анықтау.
- Квадрат үшмүшенің дискриминант таңбасын анықтау.
Егер , онда түбірлерді есептеу және оларды сан осінде белгілеу.
Егер , онда бірден келесі қадамға көшу.
- Параболаны схемалы түрде бейнелеу немесе оның координаталық жазықтықта орналасуын көрсету.
- Параболаның орналасуына байланысты теңсіздіктің шешімдер жиынын жазу.
Интервалдар әдісі:
түріндегі теңсіздіктерді қарастырайық
- теңдеуін шешеміз;
- Алынған барлық түбірлерді координаталық жазықтықта бейнелеу.
- функциясының интервалдағы таңбасын анықтау (плюс немесе минус). Ол үшін функциясына берілген интервалдан кез келген санды қою керек;
- Қалған интервалдардағы таңбаларды анықтау.
- Қажетті интервалдарды жазып алу керек. Олар «+» таңбасымен болады, егер теңсіздіктің түрі , немесе «−» таңбасы, егер теңсіздік түрі .
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді іс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.
Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар
Базалық деңгей
А1. -3; 0; 2 сандарының қайсысы теңсіздігінің шешімдері болып табылады ?
А2. Теңсіздікті шешіңіз:
В1. х-тің қандай мәнінде өрнегінің мағынасы болады?
Күрделі деңгей
Теңсіздіктерді шешіңіз:
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.
Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады. Тапсырмалардың жауаптары слайд презентацияларында жазылған.
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. 8-класс: Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения/ А.Н. Шыныбеков – 3-издание. – Алматы: «Атамұра», 2012. 288 с.
Алгебра. 8-класс: Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения/ А.Е. Абылкасымова – Алматы: «Мектеп», 2008. 144 с.
Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 21-е изд., испр. — М. : Мнемозина,
2014.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру