Полигонмен берілген ақпаратты талдау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4B Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Полигонмен берілген ақпаратты талдау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.4

Статистикалық кестемен, полигонмен берілген ақпаратты талдайды;

Сабақ мақсаттары

Берілген ақпарататты статистикалық кесте арқылы жиілік полигонын тұрғызып талдау жасай алады;

Бағалау критерийлері

Берілген ақпаратқа статистикалық кесте арқылы жиілік полигонын тұрғызып талдау жасай алады;

Тілдік мақсаттар

Бөлім бойынша лексика және терминология

реттелген қатар; қатар элементі; бас жиын; нұсқалық; вариациялық қатар; статистикалық қатар; таңдама; жиілік; абсолюттік жиілік; салыстырмалы жиілік; жинақталған жиілік; жиілік кестесі;салыстырмалы жиілік кестесі; деректер жинау;деректерді көрсету(беру);

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • таңдама көлемі...;
  • деректерді үлестіру кестесін құрастыру;
  • алынған деректерді жиілік кестесі түрінде көрсету;
  • алынған деректерді салыстырмалы жиілік кестесі түрінде көрсету;
  • абсолюттік жиілікті есептеу үшін.... санау қажет;

салыстырмалы жиілікті есептеу үшін .....санына.... бөлу қажет.

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, әлеуметтану.

 АКТ қолдану дағдылары

Excel бағдарламасы.

Бастапқы білім

Сандар қатарының құлашын, модасын, медианасын және арифметикалық ортасын таба алу. Диаграммаларды салу және оқу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. Қиындық тудырған есептерді тақтада бірге талқылау.

Сабақ мақсаты мен бағалау критериілерін бірге анықтау.

«Статистикалық сипататамалар»

2017-2018жыл. 8 сыныпқа арналған нұсқаулық

Сабақтың ортасы

ЖЖ

5 минут

Ұ

20 минут

ЖЖ

11 минут

І. Қайталау – оқу анасы, ауызша тапсырмалар:

  • Кездейсоқ таңдалымның кестесі берілген:

Таңдалым

5

7

9

Жиілік

4

3

Орташа мәні 7 болғандағы кестедегі бос орынды толтырыңыз.

2. Кездейсоқ Х шамасы келесі заңға сәйкес таралған:

(a) Егер M(x)=2,9 болса m2 шамасын табыңыз;

(b) Жинақталған жиілік кестесін жазыңыз.

ІІ. Түсіну және білу.

Жаңа ұғымға түсінік:Талдау нәтижесіндегі ақпаратты жиілік полигондары арқылы графиктік түрде бейнелеуге болады.

Вертикаль осі салыстырмалы жиілікті, ал екінші осі таңдалым сандарын көрсететін жазықтықта (х1; n1), (х2; n2), ..., (хk; nk) нүктелерiн белгiлеп, оларды түзу кесiндiлерiмен тiзбектеп қосқаннан шығатын фигураны жиiлiк полигоны деп атайды. Жалпы жиілік полигоны арқылы таңдалым элементтерінің шамамен қандай заңдылықпен үлестірілгенін көруге болады, және жиілік алқабынан статистикалық орталарды көріп, қандай да бір тұжырым жасауға болады.

Оқушыларға тапсырманы топта орындауды ұсынамын. Топқа мақал-мәтелдер арқылы бөлемін.

Отан – Отан отбасынан басталады, Отан жер үшін отқа түс – күймейсін, «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Ормансыз бұлбұл, Отансыз адам».

Білім –« Білім - теңіз, мектеп – кеме», «Білімді бірді жығады, білекті бірді жығады», «Білгенім 9, білмегенім 99»,

Адамгершілік туралы – «Кең болсаң, кем болмайсың», «Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта», «Адам бір-біріне қонақ».

Топтардың жұмысын бақылап жүріп, назар аударатын сұрақтар қоямын, алынған нәтиженің мәнін түсінуге бағыттаймын.

№1. Кестеде N қаласында 1980 жылы маусым айындағы және 1990 жылы маусым айындағы температура бойынша деректер келтірілген. Бұл кестеде күнделікті бақылау ақпараты берілген.

а) Қай жылы ауа температурасының 26o -тан ыстық күндері көп болған?

в) Интервалмен берілген таңдалымның әр жылына жеке жиілік полигонын тұрғызыңыз.

Топпен немесе жұппен бірлесе отырып статистикалық сипаттамаларға күнделікті өмірден мысал келтіруді сұраймын.

№2. Сегізінші сынып оқушылары (әрқайсысы өз бетімен) сөзжұмбақ шешті. Шешіп болған соң табылмаған сөздер санын салыстырды. Деректер кестеде берілген (%-бен):

1сөз 2сөз 3сөз 4сөз

Оқушылардың қанша пайызы екі сөзден артық сөзді шеше алмады?

№3. Төмендегі графикте жыл соңында жаппай сатылым кезінде сауда үйінің жанында кезекте тұрған адамдар саны көрсетілген:

 

a) Қай уақытта кезектегі адам саны 20-ға жетті.

b) сағат 08:30-да кезекте тұрған адам саны неше болды.

c) сағат 09:00-да қандай өзгеріс болды?

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

2 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма:

1. Ойын сүйегін 20 рет лақтырғандағы түскен сандардың жиілік кестесін салыңыз:

Абсолют, салыстырмалы, жинақталған жиілік.

Жиілік полигоны мен жинақталған жиілік қисығын салыңыз.

2.Таңдалым жиiлiгiнiң интервалдық кестесi берiлген.

а) таңдалым көлемiн табыңдар;

в) салыстырмалы жиiлiгiнiң интервалдық кестесiн жазыңдар; с) жиілік полигоны мен жинақталған жиілік қисығын салыңыз.

интервал

[10; 12)

[12; 14)

[14; 16)

[16; 18)

[18; 20)

[20; 22)

ni

2

4

8

12

16

10

«Статистикалық сипаттамалар» 2017-2018жыл. 8 сыныпқа арналған нұсқаулық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырамалар кезінде оқушылардың қастарына барып тапсырмаларды орындауын бақылап, сұрақтары болса жеке жауап беріп бағыттап отырамын. Сызбаны дұрыс салуын қадағалаймын. Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын.

Тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалаймын. А деңгейіндегі тапсырмаларды қатесіз бағалау критерийіне сай ұпайларын алған оқушылардың барлығы да бүгінгі сабақ мақсатына жеткенін, Ал В мен С деңгейіндегі тапсырмаларды орындаған оқушыларға ерекше мақтап барлығыңда сол деңгейге жетулеріңе мүмкіндік бар екенін айтып өтемін.

Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу