Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Квадрат теңдеулер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аюпова Гульсим

Сынып: 8

Сабақ 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.7 квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешеді

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Биквадрат теңдеулерді шешу алгоритмін біледі;

Алмастыруды қалай орындау керектігін түсінеді

Қолдану

Теңдеуді квадрат теңдеуге келтіреді және оны шешеді.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар:

  • алмастыру әдісі арқылы теңдеуді шешуді түсіндіреді;
  • квадрат теңдеудің түбірлерінің санын дәлелдейді;
  • осы бөлімнің пәндік лесикасы мен терминологиясына сүйенеді.

Пәндік лексика мен терминология

  • квадрат теңдеу;
  • екінші дәрежелі теңдеу;
  • толымды және толымсыз квадрат теңдеу;
  • келтірілген квадрат теңдеу;
  • бірінші немесе бас коэффициент, екінші коэффициент немесе х –тің коэффициенті, бос мүше;
  • дискриминант;
  • квадрат екімүшені шығарып алу;
  • рационал теңдеу;
  • биквадрат теңдеу;
  • бөлшек-рационал теңдеудің мүмкін мәндер облысы;

- бөгде түбір.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • квадрат теңдеудің дискриминанты оң сан;
  • бұл квадрат теңдеудің … түбірі бар (түбірлер саны), өйткені…;
  • … өрнегін у арқылы өрнектейік;
  • бұл квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы бірдей, өйткені…;
  • бұл квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы әртүрлі, өйткені …;

- бұл түбір бөгде түбір, өйткені….

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Академиялық адалдық.

Пәнаралық байланыс

Бұл бөлімде алынған білім бүтін және рационал теңсіздіктерді шешкенде қажет болады, сонымен бірге кез келген теңдеуді соның ішінде квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешудің негізі болып табылады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, тақта ретінде Activ Board

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеулерді, бөлшек-рационал және биквадрат теңдеулерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстары

Сабақтың басы

1 мин

3 мин

6 мин

Ұйымдастыру бөлімі. Өзара амандасу; оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, сыртқы келбеті); назарларын аудару. Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Үй тапсырмасының дұрыстығын тексеру

Оқушылар жұптаса отырып дәптерлерін алмастырады және өзара тексеру жүргізеді.

Ауызша жаттығулар

1. Есептеңіз: . (Жауабы: 5,8)

2. Көбейткіштерге жіктеңіз: 16у2 - 24у + 9 (Жауабы: (4у-3)2)

3. Теңдеуді шешіңіз: ( Жауабы: -1; )

4. Теңдеуді шешіңіз: (Жауабы: 2; 1)

5. Теңдеуді шешіңіз: . (Жауабы: )

6. Теңдеуді шешіңіз: . (Жауабы: 0)

7. Бөлшекті қысқартыңыз: (Жауабы: а+b)

Оқушылар тапсырмаларды барынша ауызша орындаулары керек. Жауаптарды шағын тақталарға немесе ламинадталған парақтарға жазып, жауаптарын мұғалімге көрсетулері керек.

Презентация

1 слайд

2-8 слайдтар

Шағын тақта, маркерлер

Сабақтың ортасы

2 мин

3 мин

5 мин

10 мин

5 мин

7 мин

Жаңа материалды меңгеру

х4+7х2-8=0 және теңдеулерін қарастырайық.

- Бұл теңдеулерді қандай әдіспен шығара аламыз ? (жаңа айнымалы енгіземіз немесе алмастыру әдісін қолданамыз)

- Осы теңдеулерді шешу алгоритмін айтып беріңіз (және жаңа айнымалыларын енгіземіз, у айнымалысына қатысты теңдеулерді шешеміз. Кейін х-тің мәнін табамыз.)

- Келесі теңдеулерді шешу үшін қандай жаңа айнымалы енгіземіз? Нәтижесінде қандай квадрат теңдеу пайда болады?

Бұл тапсырма қажетті айнымалыны таңдап алу және берілген теңдеуді квадрат теңдеуге келтіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, сондықтан бұл теңдеуді ары қарай шешудің қажеті жоқ.

теңдеуін қарастырайық.

1) Қандай әдісті пайдаланған тиімді?

2) Қандай жаңа айнымалы енгізу керек? ()

3) Қандай теңдеу аласыздар?

Ары қарай оқушылар өздіктерінен шығарады. Бір оқушы тақтада шығарады.

Жаңа әдісті бекіту

Жұппен жұмыс

Теңдеулерді шешіңіздер:

1) ;

2) ;

3) ;

4) .

Кейін жұптар құраммен ауысады. Келген оқушылар сыныптасының жұмысын өз дәптеріндегі жауаппен тексереді, ауызша комментарий береді, келесі дискрипторларды пайдаланып, әрбір теңдеуді бағалайды:

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешеді

Жаңа айнымалы енгізеді

Шыққан квадрат теңдеуді шешеді

Айынымалыға қайта келеді

Жауабын жазады

Кейін оқушылар бұрынғы өздерінің жұптарына қайта барады және қалған оқушы тексеріп кеткен оқушы қандай комментарий бергенін айтады.

Қайталау тапсырмасы

теңдеуінің квадраттарының қосындысын табыңыз.

Тапсырманы екі тәсілмен орындаңыз:

а) берілген теңдеуді шешіп;

б) теңдеуді шешпей.

9 слайд

10 слайд

Шағын тақта, маркерлер

11 слайд

12 слайд

Қосымша 1

13 слайд

14 слайд

Сабақтың соңы

3мин

Сабақты қорытындылау

Рефлексия. Сыныптың үш бұрышына төмендегі сөйлемдер жазылған қағаздар ілінеді:

- Барлығын түсіндім және досыма көмектесе аламын.

- Көп нәрсені түсіндім. Бірақ маған әлі де көмек керек.

- Сабақта маған қиын болды.

Оқушылар сабақтан соң өздері қалаған бұрышқа тұрады. Кейін оқу мақсатына жетудің келесі қадамдары талқыланады.

Үй тапсырмасы:

1. Алмастыруды қолданып, кез келген үш теңдеуді шешіңіз.

а) ;

б);

в) ;

г) ;

д) .

2. теңдеуінің түбірлерін таппай-ақ, түбірлерінің квадрттарының айырмасын табыңыз.

15 слайд

16 слайд

Виленкин Н.Я., Виленкин А.Н., Сурвилло Г.С. и др. Алгебра: учеб. для 8 кл. с углубленным изучением математики. – М.: Просвещение, 2006. 303 с. : ил. 234 бет.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Жұппен жұмыс кезінде оқушылар өзара оқыту негізінде бір-біріне көмектеседі, мұғалім де оқушыларға көмектеседі.

Үй тапсырмасының бірінші нөмірі қиындығына қарай сараланған.

Ауызша тапсырмалармен жұмыс кезінде мұғалім маркерлі тақталардың көмегімен оқушылардың түсінгендігін бағалай алады. Сонымен бірге сабақ кезінде өзара бағалау жүзеге асырылады.

Іс-әркеттің түрінің өзгеріп отыруы оқушылардың шаршауын азайтады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу