Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Теңдеулерді шешу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.7 квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешеді

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Алмастыруды қалай орындау керектігін түсінеді

Қолдану

Теңдеуді квадрат теңдеуге келтіреді және оны шешеді.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар осы бөлімнің пәндік лесикасы мен терминологиясына сүйене отырып, квадрат және бөлшек-рационал теңдеулерді қалай шешкендерін түсіндіреді.

Пәндік лексика мен терминология

  • квадрат теңдеу;
  • екінші дәрежелі теңдеу;
  • толымды және толымсыз квадрат теңдеу;
  • келтірілген квадрат теңдеу;
  • дискриминант;
  • рационал теңдеу;
  • биквадрат теңдеу;
  • бөлшек-рационал теңдеудің мүмкін мәндер облысы;
  • бөгде түбір.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- бұл түбір бөгде түбір, өйткені….

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Топпен, жұппен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ізденгіш жеке тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Бұл бөлімде алынған білім бүтін және рационал теңсіздіктерді шешкенде қажет болады, сонымен бірге кез келген теңдеуді соның ішінде квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешудің негізі болып табылады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеулерді, бөлшек-рационал және квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді алмастыру әдісі арқылы шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстары

Сабақтың басы

1 минут

6 минут

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа назарларын аудару. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Қайталау

Оқушылар мұғалім дайындаған қорапшадан 1 есептен суырып алады. Өздіктерінен шығарады, кейін бірдей есеп шығарған оқушылар бірігіп тақтадағы дескрипторлар арқылы өзара бағалау жүргізеді. Егер оқушы барлығынан бұрын шығарса, мұғалім тексереді.

№1. Теңдеуді шешіңіз: (х - 1) 4 + х 2 – 2х-1 =0

№2. Теңдеуді шешіңіз: (5х +1) 4 +6 (5х + 1)2 =7

№3. Теңдеуді шешіңіз: (2х - 1) 4 - 25 (2х - 1) 2 +144 = 0

№4. Теңдеуді шешіңіз: (2х 2 + 3х) 2 - 7(2х 2 +3х) = -10

№5. Теңдеуді шешіңіз: (у2 +2у+4) 2 -7(у 2 + 2у+4)+12 =0

№6. Теңдеуді шешіңіз: (х 2 + 2) 2 - 5 (х 2 + 2) - 6 = 0

№7. Теңдеуді шешіңіз: (х 2 + х+1) 2 - 3х 2 - 3х-1 = 0

№8. Теңдеуді шешіңіз: (х 2 - 1) 2 + 2 (х 2 - 1) = 15

№9. Теңдеуді шешіңіз: (х 2 – 6х) 2 - 2 (х-3) 2  =81

№10. Теңдеуді шешіңіз: (х 2 +2х+ 1)  2 +2х) = 12

Дескриптор

Оқушы

  • айнымалыны дұрыс енгізеді;
  • жаңа айнымалымен квадрат теңдеуді шешеді;
  • бастапқы айнымалымен берілген квадрат теңдеуді шешеді;
  • теңдеудің түбірін дұрыс анықтайды.

Презентация

1-2 слайдтар

Қосымша 1

3 слайд

Сабақтың ортасы

15 мин

10 мин

10 мин

Жаңа материалды меңгеру

Оқушыларға осы теңдеуді қалай шығаруға болатынын көршілерімен бірігіп талқылауға уақыт беріледі. Кейін тақтаға бір оқушы шығарып, дұрыс шешу жолы көрсетіледі.

Мысал 1: Жаңа айнымалы енгізу арқылы теңдеуді шешіңіз.

Шешуі:

; ; ,

Енді х-тің мәнін табу үшін және екі теңдеу шешеміз.

шешімі жоқ, өйткені , ал түбірлері

Жауабы:

2-мысалда оқушыларға қандай айнымалы енгізуге болатынын табу ұсынылады. Алмастыру дұрыс табылған соң осы есепті өздері шығарады. Кейін презентацияда дұрыс шығару жолы көрсетіледі.

Мысал 2: Жаңа айнымалы енгізу арқылы теңдеуді шешіңіз.

Шешуі.

  болсын, онда

 

 

 

 

 

Жауабы: 1; 3.

Жұппен жұмыс

Оқушылар жұпқа бөлінеді, жұптағы әрбір оқушыға 1 есеп беріледі. Олар өздерінің есептерін шығарып, көршілеріне түсіндірулері керек.

  • Жаңа айнымалы енгізу арқылы теңдеуді шешіңіз:
  • Жаңа айнымалы енгізу арқылы теңдеуді шешіңіз:

Жеке жұмыс

Оқушылар өздіктерінен 10 минут ішінде қанша есепке үлгерсе соншасын шығарады. Қалған 5 минут ішінде дайын жауаппен өздерін тексереді. Дескрипторлар бойынша бағалайды.

Жаңа айнымалы енгізу арқылы теңдеулерді шешіңіз:

Дескриптор

Оқушы

  • бөлшек-рационал теңдеуді шешуде айнымалыны дұрыс енгізеді;
  • жаңа айнымалымен квадрат теңдеуді шешеді;
  • бастапқы айнымалымен берілген теңдеуді шешеді;
  • теңдеудің түбірін дұрыс анықтайды;
  • жауабын дұрыс жазады.

4-5 слайдтар

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақты қорытындылау.

Оқушылар төмендегі сұрақтарға ауызша жауап береді. 1. Сабақтың күрделілігін бағалаңыз.

Сізге сабақ...

- жеңіл

- қарапайым

- қиын

2. Материалды меңгеру дәрежеңізді бағалаңыз:

- толық меңгердім

- бүгінгі сабақты жартылай түсіндім

- бүгінгі сабақты түсінбедім

Үй тапсырмасы:

  • Теңдеуді жаңа айнымалы енгізу арқылы шешіңіз:
  • Теңдеуді шешіңіз:
  • Теңдеуді жаңа айнымалы енгізу арқылы шешіңіз:

.

6 слайд

Қосымша 5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабаққа тапсырмалар таңдалғанда жүргізілді. Жұппен жұмыс кезіде қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптастарына көмектеседі. Жеке жұмысқа берілген тапсырмаларды түгел шығарады. Барлығанан бірінші бітірген кезде оларға қосымша тапсырма беріледі.

Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша комментарий береді. Сабақта өзара және өзіндік бағалау ұйымдастырылады.

Сынып бөлмесі желдетіледі.Сабақтың ортасында көзге жаттығу жұмыстарын орындау ұсынылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу