Квадрат үшмүше. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Квадрат теңдеулер

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Квадрат үшмүше

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларды квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу арқылы бөлшектерді қысқартуға, теңдеулерді шешуге үйрету.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу арқылы бөлшектерді қысқартады;
  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу арқылы теңдеулерді шешеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу алгоритмін сипаттайды;
  • квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктелу коэффициенттері мен оның түбірлерінің арасындағы байланысты түсіндіреді;
  • алгебралық бөлшектерді қысқарту алгоритмін түсіндіреді.

- квадрат үшмүше;

- квадрат үшмүшенің түбірі;

- квадрат теңдеу;

- келтірілген квадрат теңдеу;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау

АКТ қолдану дағдылары

Drfrostmaths.com сайты

Презентация, youtube.com

Бастапқы білім

Квадрат теңдеулерді шешу, квадрат теңдеулердің түбірін формула арқылы және Виет теоремасы арқылы табу. Көпмүше ұғымы. Көбейткіштерге жіктеу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-3 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушыларға ауызша кері байланыс ұсыну, кателіктердің пайда болу себептерін анықтау.

2. Сабақ мақсатын қою

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырғаннан кейін, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге қорытылады.

Үй тапсырмасы

Презентация слайд 1-2

Сабақтың ортасы

3-8 мин

8-18 мин

18-25 мин

25-30 мин

30-38 мин

3. Бұрынғы білімдерін белсендіру

Оқушылармен осы күнге дейін білетін бөлшектерді қысқартудың әртүрлі түрлерін қайталап өту қарастырылады. Мысалы,

Бөлшектерді қысқартыңыз:

  • ;
  • ;
  • ;

4. Мәселе қою

Оқушылармен бөлшектерді қысқартуды қайталағаннан кейін, бөлшегін қалай қысқартуға болады, деген сұрақ қойылады. Ол үшін оны көбейткіштерге жіктеу керек деген ұсыныстар айтылуы мүмкін. Сонда

.

Бекіту мақсатында оқушыларға келесі тапсырмаларды жеке орындау ұсынылады.

Бөлшекті қысқартыңыз.

Дескриптор

1

Квадрат үшмүшелердің түбірлерін табады

2

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді

3

Бөлшекті қысқартады

5. Жұптық жұмыс

Геометрияның қарапайым есептерін квадраттық теңдеу арқылы шешуге бірнеше мысалдар да қарастырылады.

№1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 4 м ұзын. Тіктөртбұрыштың ауданы 45 м2.

а) болатынын көрсетіңіз.

b) өрнегін көбейткіштерге жіктеңіз.

с) x-тің мәнін табыңыз.

6. Тақырыпты тереңдету

Жоғару деңгейлі оқушыларға келесі квадрат теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу әдісімен шешуді ұсыныңыз.

Теңдеулерді шешіңіз

Квадрат үшмүше тақырыбын тексеру мақсатында оқушыларға 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы ұсынылады.

 7. Тест

  • –x+ 14x + 48 квадрат үшмүшеден толық квадратты айырыңдар.

А. (х + 7)– 1;       B. (х + 7)+ 1;   

C. (х – 7)– 1;      D. –(х – 7)+ 97.

2)      2х2 – 10х + 12 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер.

А. (2х – 4)(х + 3);       B. 2(х – 2)(х – 3);    

C. 2(х + 2)(х + 3);       D. (х – 2)(х – 3).

3)      х1 = 2,5 және х2 = -3 деп алып, квадрат үшмүшені жазыңдар.

А. х2 – 5,5х + 7,5;      B. х2 – 0,5х – 7,5;     

C. х2 – 5,5х – 7,5;       D. х2 + 0,5х – 7,5.

4) Бөлшекті қысқартыңыз   

А.                  B.  C.              D.

5)      7х2 – 31х – 6 = 0 теңдеуінің дискриминантын есептеңіз.

А. D=1129;                  B. D=919;       

C. D=793;                    D. D=1003.

6)      Берілген теңдеулердің арасынан келтірілген квадрат теңдеуді көрсетіңдер.

А. 5x2 – 29=0;             В. –x2 + 2x – 4.8=0; 

С. x3 + x2 + 12x=0;      D. x2 – 0.7x – 0.75=0.

7)      3x2 + 6.1x – 5.4 = 0 квадрат теңдеуін шешіңдер.

А. x1= -2.7 және x2= 2/3;  B. x1=  2.7 және x2=-2/3; 

  C. x1=5.4 және x2=4/3; D. x1=5.4 және x2=-4/3.

8)      20х2 + х – 12 = 0 теңдеуінің теріс түбірін табыңдар.

А. -3/4;          В. -4/5;          С. -3/2;                        D. -8/5.

9)      4x2 – 9=0 теңдеуінің коэффиценттері мен бос мүшесін табыңдар.

А. a=4, b=0, c=9;        B. a=-4, b=0, c=9;   

C. a=4, b=0, c=-9;       D. a=4, b=1, c=9.

10)  x-тің қандай мәндерінде x4 + 0.2x3 – 0.35x2 өрнегінің мәні нөлге тең болады?

А. 0.7; 0; -0.5;             B. 0.5; -0.7;     

C. -0.5; 0; 0.7;             D. -0.7; 0; 0.5.

Презентация слайд 3

Қосымша 1

Презентация слайд 4

Презентация слайд 5

Презентация слайд 6-7

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38-40 мин

Үйге тапсырма: Үй тапсырмасын дидактикалық материалдан мұғалімнің өзінің қалауымен беру

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Өзіңнің бүгінгі сабаққа қатысыңды бағалап, берілген фигураларды таңда.

Мен сабаққа өте жақсы қатысып, тапсырмаларды толық орындадым.

Мен бүгінгі сабаққа жақсы түсініп, қатысып отырдым.

Мен жақсы талпындым, бірақ бәрі ойдағыдай емес.

Менің бұдан да жақсы дайындалуыма болады

Мен бүгін сабаққа араласпадым

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Презентация слайд 8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу