Квадраттық түбірі бар өрнекті түрлендіру. Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Сабақтың жоспары
Қысқа мерзімді жоспар : 8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадраттық түбірі бар өрнекті түрлендіру. Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу. | ||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу; | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Квадраттық түбірлер амалдарын қолдана отырып оқушылар сандық өрнектерді ықшамдайды, көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығарады және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алады | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түбірдің мәнін табу, көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу туралы ой бөліседі. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Квадрат түбір, иррационал сан, көбейткіш Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Көбейтіндінің квадрат түбірі..... тең Санның квадраты ..... тең Көбейткіштердің мәні ..... Санды көбейтінді түрінде ... көрсетейік | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Командада жұмыс жасау, алынған білімді қолдана білу сияқты құндылықтарды дамыту. Құндылықтарды дамыту оқушылардың іс әрекеті арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Квадрат түбірлермен жұмыс жасау дағдылары физикалық есептерді шешуде маңызды. | ||||||||||||||
АКТ-ні қолдану дағдылары | Оқу материалды көрсету үшін презентация қолданылады. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар арифметикалық квадраттық түбірлердің қасиеттерін біледі, түбірдің мәнін таба алады. | ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын беру. Оқушыларға жетістік критерийлері туралы ойлап көруді ұсыну. Оқушылар түбірлер көбейтіндісінің қасиеттерін, жұп дәрежелі түбір анықтамасын қайталауға арналған тапсырмалар орындайды.
| Презентация 1-3 слайдттар Слайд 4 | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 7 мин 10 мин 5 мин 10 мин | Жаңа материалды меңгеру Мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы ұсынады: «Өрнекті ықшамда ». Есепті талқылау барысында, оқушылар қойылған тапсырманың шешу тәсілін анықтайды: түбір астындағы сандарды біреуі толық квадрат болатын көбейткіштердің көбейтінді түрінде жазу керек. Мұғалім мұндай түрлендіруді көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару деп аталатынын түсіндіреді. Оқушылар көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару алгоритмін құрастырғанда жаңа сөз тіркестерін қолданады.
Оқушылар алгоритмдерді қолдану үшін қарапайым есептерді орындайды. Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығар: а) ; б) ; в) ; г) ; д) , p>0; е) , a<0; ж) . Есептер слайдта берілген. Оқушылар жауаптарды шағын тақталарда жазуына болады, ол өз кезегінде оқушылардың меңгеру деңгейін анықтауға, соған сәйкес түзету жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. Қосымша сұрақ: Барлық мысалдарда айнымалының анықталу облысы берілмеген себебі неде?
Көбейткішті түбір астына кіргізуге бола ма? Оны қалай жасау керек? Оқушылар алгоритмді талқылап, кейіннен тапсырманы орындайды: Көбейткішті түбір белгісінің ішіне еңгіз: а) ; б) ; в) , x>0; г) ; д) ; е) , z<0.
Дағдыларды қалыптастыру Мұғалімнің үстелінің үстінде бірнеше карточкалар қойылған. Оқушылар кез келген карточканы таңдап алып есепті жекедара дәптерінде орындайды. Мұғалім сыныпқа шолу жасап, оқушылардың жұмысын бақылайды, жекелеген оқушыларды тексереді, ал басқалары сыныптастарының жұмыстарын тексеруге атсалысуы мүмкін. Оқушыларға алғашқы үш есепті шығару жеткілікті. Төртінші тапсырма басқалардан тез жұмыс жасайтын оқушыларға арналған.
Топтық жұмыс. Сыныпты топтарға бөліп, тапсырмалар үлестіріледі. Оқушылар карточкада берілген тапсырманы шешеді, дұрыс жауапты тауып, оны қасына қояды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, олардың ойларын тыңдайды, дәптерлерде орындалған есептерді шешуін қадағалайды. Бұл мәліметтер барлық оқушылардың квадраттық түбірлермен жұмыс жасай білуі, көбейткішті түбір астынан шығаруды және түбір астына кіргізуді білетіні туралы қорытынды жасауға, сыныпқа немесе жекелеген оқушыларға қайта түсінудіруді қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Қиындық туғызған тапсырмаларды тақтаның алдында қайтадан талқылауға болады. Оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындап, түсіндірме береді, ал қалғандары өздерінің шешімдерін тексеріп, пікірлерін айта алады. Оқушылар нақтылайтын сұрақтар қойып, қорытынды мен жалпылаулар жасайды.
| Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений – М. : Мнемозина, 2010. – 384 с. : ил. Слайд 5 Маркерлер, шағын-тақта Слайд 6 Маркерлер, шағын-тақта Қосымша 1 Қосымша 2 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Мұғалім олардың жетістік деңгейін талқылау арқылы сабақтың мақсатына қайта оралады. Сабақты ары қарай жоспарлау үшін оқушыларға келесі сұрақтар қойылады: - не білдің, не үйрендің; - қандай сұрақтар түсініксіз болып қалды; -қандай бағытта жұмыс жасау керек? Сұрақтар жазбаша немесе ауызша талқылануға болады. Оқушылар өзінің және сыныптастарының жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалай алады. | Стикерлер Слайд 7 | |||||||||||||
Дифференциация –қандай жолмен Сіз қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||
Материалды қайталау кезеңінде оқушылар оқу материалын баяндаудың өз деңгейін таңдап, топтарға бөлінеді: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (анализ және суреттерді салыстыру). Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі типтеріне сәйкес оқу ақпараты ұсынылады. Бекіту кезеңінде білім деңгейі төмен оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беріледі. | Мұғалім сабақ барысында оқушылардың жұмысын бағалайды, сонымен қатар оқушыларда сабақтың тақырыбын түсінуін, оқытудың мақсатына жетуін өзіндік бағалауды жүзеге асыра алады | Оқушыларға жүктемені азайту үшін түрлі іс-шаралар ұсынылатын болады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?