Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру. Нақты сандарды салыстыру. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 7 сабақ.


7 тақырыпқа әдістемелік нұсқаулықтар

 «Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру»

 

 Оқудың мақсаттары:

8.1.2.3

көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;

8.1.2.4

бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;

8.1.2.5

құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

8.1.2.6

нақты сандарды салыстыру;

 

 Сабақтың мақсаты – «Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеу және жалпылау

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.

 Квадрат түбірі бар өрнектердің мәндерін табу бойынша оқушылардың жұмысын ойын түрінде жүзеге асырылады. Математикалық лото ойыны түрлі тақырыптарды оқыған кезде сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолданыла алады. Ойын ережелеріне сәйкес оқушыларға тапсырмалары бар карточкалар беріледі. Тапсырмалардың жауаптары ашық хаттың артқы жағында жазылады, ол тапсырмалар санына қарай бөлек бөліктерге бөлінеді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін, оқушылар тапсырманы ашықхаттың бір бөлігімен дұрыс жауаппен жабады. Егер оқушы жауап таба алмаса, ол шешімінде қатені іздейді және түзетеді, яғни оқушы өз жұмысын өзіндік бағалауды жүзеге асырады. Карточкалардың орнына жауаптар жазу үшін басылған математикалық пазлдарды немесе математикалық мазмұнды қызықты суреттерді пайдалануға болады.

 Математикалық лото ойыны келесі тақырыптар бойынша меңгеру деңгейін тексеруге арналған:

  • түбірдің қасиеттері
  • қысқаша көбейту формулалары
  • көбейткішті түбір белгісінің ішіне еңгізу және сыртына шығару
  • бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату

 Оқушылар тапсырмаларды жеке немесе жұппен орындай алады.

 Сабақтың екінші жартысында оқушылар бөлімнің оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар орындайды. Әрбір оқу мақсатына арналған тапсырманың екі нұсқасы дайындалады. Шешімдерді тексеру үшін үздік оқушылар арасында кеңес берушілер тағайындалады. Кеңесшілерді алдын ала дайындау керек: олар сабақта ұсынылатын тапсырмаларды алдын ала шығарады, басқа оқушылардың жұмысын жетілдіруге арналған нақтылайтын сұрақтарды талқылайды. Сіз сондай-ақ әріптестерді сабағыңызға шақырып оларға осы функцияны тағайындай аласыз.

 

 

 Формативті бағалауға арналған нұсқаулықтар

 Сабақтың соңында мұғалім шешімдерді қайта қарау үшін оқушылардың жазу дәптерлерін жинайды. Бағалау парақтарын қолданып, оқушылар жасалынған жұмыстарды талдайды, тақырыпты қарастыруда жақсы нәтижелерге жету үшін не істей алатындығы туралы қорытындылар жасайды.

 

 Жауаптар, өздік жұмыс тапсырмаларының критерийлері

 

 Карточка 1Оқу мақсаты: 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;Бағалау критерийлері:- түбірасты өрнекті бір немесе бірнеше көбейткіштері толық квадрат болатындай көбейтінді түрінде жазу;- формуласын қолдана отырып, көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару - санның модулінің мәнін таба алады;- теріс емес көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алады;- алынған түбірасты өрнек ықшамдайды.

 Тапсырманың жауаптары:

 

 Нұсқа 1А

 1. а) ; б) ; в) ; г) .

2. а) ; б) ; в) ; г) ; д) .

Нұсқа 1Б

 1. а) ; б) ; в) ; г) .

2. а) ; б) ; в) ; г) ; д) .

 

 Карточка 2Оқу мақсаты: 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;Бағалау критерийлері:- бөлшектің бөлімі мен алымын тиісті көбейткішке көбейтеді;- бөлшектің бөлімі мен алымын ықшамдайды;- бөлшекті мүмкін болатын жағдайларда қысқартады.

 

 Тапсырманың жауаптары:

 

 Нұсқа 2А

 а) ; б) ; в) ; г) ; д) .

Нұсқа 2Б

 а) ; б) ; в) ; г) ; д) .

 

 Карточка 3Оқу мақсаты: 8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;Бағалау критерийлері:- қосу/ азайтуды қажет ететін бөлшектің ортақ бөлімін таба алады;- бөлшекке қосымша көбейткіш табады және әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін тиісті қосымша көбейткішке көбейтеді. - бөлшектің суммасын / айырымын табады және алынған өрнекті ықшамдайды.;- бөлшекті көбейту/бөлуді орындайды.

 

 Тапсырманың жауаптары:

 

 Нұсқа 3А

  • ;
  • .

Нұсқа 3Б

  • ;
  • .

 

 Карточка 4Оқу мақсаты:8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру;Бағалау критерийлері:- санды салыстыру үшін тиісті тәсілді таңдайды;- санды өсу/ кему тәртібімен орналастырады.

 

 Тапсырмалардың жауаптары:

 

 Нұсқа 4А

; ; ; ; .

 

Нұсқа 4Б

 ; ; ; ; .

 

 

 Қосымша тапсырмалар

 

 1. санын бүтін сан екенін дәлелдіңіз.

 2. Өрнекті қысқарт .

 3. екені белгілі. өрнегінің мәнін табыңыз.

 

 

Қажетті сілтемелер мен әдебиеттердің тізімі

 

  •  Мерзляк А.Г., Полонский В.Б., Рабинович Е.М., Якир М.С. Сборник задач и контрольных работ по алгебре для 8 класса. – Х.: Гимназия, 2010. – 96 с.: ил.
  •  Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г. Алгебра. Дидактические материалы. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М. : Мнемозина, 2010. – 157 с. : ил.
  •  Лейбсон К.Л. Сборник практических заданий по математике. Часть 1. 8 класс. – М.: МЦНМО, 2010. – 182 с.
  •  Кузнецова Л.В. и др. Сборник заданий для проведения письменного экзамена за курс основной школы. 9 класс. – М.: Дрофа, 2005

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу