Квадрат түбір. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер | Мектеп |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Квадрат түбір |
Cабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі ұғымдарын біледі және ажыратады; |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбірдің анықтамаларын біліп, оларды ажыратады, сонымен қатар, толық квадраттан арифметикалық квадрат түбірдің мәнін тауып, түріндегі теңдеуді шешеді. |
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
|
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология: - квадрат түбір; - арифметикалық квадрат түбір; - радикал; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - арифметикалық квадрат түбір дегеніміз ...; - квадрат түбір дегеніміз ...; - арифметикалық квадрат түбір мен квадрат түбірдің айырмашылығы ...; - берілген квадрат түбірдің мәні ... тең болады; - арифметикалық квадрат түбір өрнегінің мәні болу үшін ... |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сонымен қатар, еліміздің басты байлығы - тәуелсіздігіміздің тірегі болар және елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын дамытатын білімді ұрпақ қана бола алатынын ұғындыру. Топтарға біріктіре отырып, бір-бірімен ой бөлісуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруды дамыту. |
Пәнаралық байланыстар | Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс орнатылады. |
АКТ қолдану дағдылары | GeoGebra бағдарламасы |
Бастапқы білім | Натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамаларын, дәреженің қасиеттерін білу; дәреженің мәнін есептеу дағдысы, санды санның квадраты түрінде жаза алу; функцияның графигін салу дағдысы. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Басталуы 0-2 мин 2-5 мин 5-10 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру. Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушыларға ауызша кері байланыс ұсыну, кателіктердің пайда болу себептерін анықтау. 2. Бұрынғы білімдерін белсендіру Мұғалім санды түбірден шығару дәрежеге шығару амалына кері екенін көрсетеді. Ол үшін мынадай мысал келтіріледі. Мысалы: егер кез келген а санына b санын қосып, одан кейін b санын азайтсақ , онда a саны өзгеріссіз қалады немесе амалдардың ретін ауыстырсақ, аламыз. Дәл осылай, өзара кері көбейту және бөлу амалдарының дұрыс орындалғанын тексеруге болады, яғни немесе , мұндағы . Сонда "Дәрежеге шығару амалына кері амал бар ма?" деген сұрақ оқушыларға қойылады. екені белгілі. Бұл жазудағы - дәреже, 3 - дәреженің негізі, 2 - дәреженің көрсеткіші. Мұнда санның негізі (3) және көрсеткіші (2) арқылы дәреженің мәні (9) есептелген. 3. Сабақ мақсатын қою Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырғаннан кейін, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге қорытылады. | Шыныбеков Ә.Н. 8-сынып Алгебра Презентация слайд 1-2 Презентация слайд 3-4 |
Сабақтың ортасы 10-15 мин 15-20 мин 20-25 мин 25-27 мин 27-30 мин 30-35 мин | 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мұғалім оқушыларды 3-4 оқушыдан топқа біріктіріп, әр топқа шаршы бейнеленген суреттерді ұсынады. Бұл суреттерде үлкен шаршы кішкене шаршылардан тұрады және үлкен шаршының ауданы берілгенімен, олардың қабырғасының ұзындығын және кішкене шаршының ұзындығын табу керек. Бұл тапсырманы оқушылар ауызша орындайды. Осы тапсырманың көмегімен мұғалім белгісіз бір санның квадратын біле отырып, оның қай санның квадраты екенін анықтауға болатынын көрсетеді. Оқушылар тағы бір тапсырма беріледі, функциясының графигінен функцияның берілген мәндеріне сәйкес аргументтің мәндерін табу ұсынылады. Мысалы: болғанда, аргументтің мәні немесе болғанда, аргументтің мәні немесе . графигін «GeoGebra» бағдарламасының көмегімен немесе презентацияда берілген графикті қолданылады. Мұғалім алдыңғы қарастырылған екі мысалдың ұқсастығы мен айырмашылығын оқушылар алдымен топта, одан кейін бүкіл сыныппен талқылауды ұсынады. Осыдан кейін квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбірдің анықтамалары тұжырымдалып және де арифметикалық квадрат түбір белгісі (радикал) көрсетіледі. Оқушылар назарын өрнегінің болғанда ғана мағынасы болатынына көрсетіледі. 5. Бекіту №1. Оқушыларға арифметикалық квадрат түбір мен оның шешімі бар шарларды бір түспен бояу ұсынылады. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың толық квадрат сандарды білуі тексеріледі. Тапсырманы тексеру жұпта өзара тексеру арқылы жүзеге асады. Бағалау критерийі: Оқушы:
№2. Оқушылардың арифметикалық түбір анықтамасын түсінгені жайлы білу мақсатында белгісіз параметрдың қандай мәндерінде өрнектің мәні болатынын анықтау ұсынылады. Бұл тапсырмада оқушылар өздерінің негіздеулерінде арифметикалық квадрат түбір астындағы өрнек теріс емес сан болу керек екендігін қолданады. Бағалау критерийі: Оқушы:
№3. Квадрат түбір анықтамасын қолдану мақсатында оқушыларға келесі тапсырма ұсынылады: Маржан квадраты 36 болатын сан ойлады. Ол қандай сан(дар)ды ойлады? Мұнда оқушылардың көбі тек бір ғана 6 деген жауапты айтуы мүмкін. Сонда -6 санының квадраты да 36 болатынын олардың естеріңе түсіріледі. Яғни бұл есеп бойынша теңдеу құрастырылатын болса, онда ол болады. Сонда бұл теңдеудің екі жауабы болады. Осыған қоса, тағы бірнеше теңдеулерді шешу ұсынылады. Бұл теңдеулерді шешіп болғаннан кейін, мұғалім оқушылардың назарын теңдеуінің қай жағдайларда екі, бір түбірі немесе түбірі болмайтыны жайлы атап өтіледі. Бағалау критерийі: Оқушы:
| Қосымша 1 Презентация слайд 5 Қосымша 2 Презентация слайд 6 Презентация слайд 7-8 Қосымша 3 Презентация слайд 9 Түрлі-түсті қарындаш Презентация слайд 10-11 Презентация слайд 12-13 |
Сабақтың соңы 35-40 мин | Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді. Рефлексия Оқушылар 3-2-1 үшбұрышын толтырады: | Шыныбеков Ә.Н. 8-сынып Алгебра Презентация слайд 14 |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын | Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын. | Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан тұрады. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды