Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С: Түзулердің өзара орналасуы | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Байдешева Г.М. | ||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы Үшбұрыштың сыртқы бұрышы. | ||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту сабағы | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.16 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу; 7.3.1.17 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану; 7.3.1.18 үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу; 7.3.1.19 үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану; | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру, өз ойларын теореманы дәлелдеуде жеткізе білу | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және одан шығатын салдарларды дәлелдей алады; үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теореманы және одан шығатын салдарларды қолданып, есептеуге және дәлелдеуге берілген есептерді шығара алады; үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теорема негізінде тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгісін қорытып шығара алады; үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолданып есептер шығара алады; | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - теоремаларды дәлелдеу мен есеп шығаруды түсіндіреді; - бөлімнің терминдері мен ұғымдарына сүйенеді; - сызбадағы берілгендерді суреттейді. Бөлім бойынша лексика және терминология - параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулер; - қиюшы; - ішкі айқыш бұрыштар, ішкі тұстас бұрыштар, сәйкес бұрыштар; - үшбұрыштың сыртқы бұрышы; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - берілген бұрыш үшбұрыштың ... төбесіндегі сыртқы бұрышы болып табылады, өйткені ... ; - үшбұрыштың берілген бұрышы ... қарсы жатқандықтан, үшбұрыштың ең үлкен бұрышы болады; - үшбұрыштың сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес ... қосындысына тең болады; - үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы ...; - 300 - тық бұрышқа қарсы жатқан катетті табу үшін ... ; | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ActivInspire бағдарласымен жұмыс жасау | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері; | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылар құралдарын реттеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру | Ершов А.П. 7 сынып Алгебра и геометрия | |||||||||||||||||
3 минут 12 минут 10 минут 2 минут 10 минут | IІІ. Ой қозғау: Үшбұрыштарды бір бірінен қалай айыруға болады? - қабырғаларының ұзындығы бойынша. Бұрыштары өлшемдерімен. Үшбұрыштың бұрыштары қандай болуы мүмкін?
ІV. Жаңа тақырып Геометрияның негізгі теоремаларының бірі – үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теорема. Осы теореманы дәлелдейік: Теорема: Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы 1800 – қа тең болады. Дәлелдеуі: Кез келген АВС үшбұрышын қарастырайық және екенін дәлелдейік. В төбесі арқылы АВ қабырғасына параллель а түзуін жүргізейік ( 1-сурет). 1 және 4 бұрыштары а мен АВ параллель түзулерін АС қиюшысы қиып өткенде жасалған айқыш бұрыштар, ал 3 пен 5 бұрыштары сол параллель түзулерді ВС қиюшысы қиғандағы жасалған айқыш бұрыштар. Сондықтан: 4,2 және 5 бұрыштарының қосындысы төбесі С болатын жазыңқы бұрышқа тең, яғни аламыз. Теорема дәлелденді. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы деп осы үшбұрыштың кез келген бұрышымен сыбайлас бұрышты айтады. №1. Егер үшбұрыштың екі бұрышы белгілі болса үшінші төбесіндегі сыртқы бұрышын тап: 1)540және 360 Ж: үшінші бұрышы 90 сыртқы бұрышы ;90 2)42 Ж: 60; 120; 3)65 Ж:80; 100 4)330және 1200 Ж:27 ;153 Не байқадыңыздар?Сыртқы бұрыш неге тең? Оқушылар үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы тұжырым жасайды.Одан кейін мұғалім дәлелденуін көрсетеді. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың онымен сыбайлас емес екі бұрышының қосындысына тең болатынын дәлелдейміз. 2-суретті қарастырайық, мұндағы 4 бұрышы берілген үшбұрыштың 3 бұрышымен сыбайлас сыртқы бұрышы. Ал әрі үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теорема бойынша болғандықтан, дәлелдейтінім осы. V. Жаңа тақырыпты бекіту: (есепті тақтада шығарып талдайды, саусақ арқылы бағалау) №2. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыштың шамасы 1120. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын анықтаңыз. Жауабы: №3. Үшбұрыштың бұрыштары 3:7:8 сандарына пропорционал. Үшбұрыштың ең үлкен бұрышын анықтаңыз. Жауабы: 800 №4. болса, онда үшбұрыш бұрыштарының шамасын табыңыз. Жауабы: 450, 250, 1100. VІ.Логикалық есеп: Бірінші қабатта тұрған адам екінші қабатта тұрған адаммен сөйлесіп тұр. Екеуі бір мезгілде сөйледі. Қайсысы екіншісінің дауысын бірінші болып естиді? (Жауабы: төмендегісі, себебі h1 < h2) VIІ. Жұппен жұмыс Оқушыларға смайликтер арқылы жұптасып жұмыс істеуді ұсынамын. жұмыстарды орындап болған соң, оқушылар тапсырмаларын алмасып, тексереді. №5. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының бірі 950. онымен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының қосындысын табыңдар. Жауабы: 950 №6. АВС үшбұрышында . В төбесіндегі сыртқы бұрышы 720. Үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар. Жауабы: №7. АВС үшбұрышының А және В төбелеріндегі сыртқы бұрыштардың қосындысы (әрбір төбеден бір-бірден алынған) қосындысы 2400-қа тең. Үшбұрыштың С бұрышын табыңдар. Жауабы: 600 | Геометрия – 7-9 класс Л.С. Атанасян, И.Ф. Бутузов С.Б. Кадомцев Э.Г. Позняк, И.И. Юдина | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Үйге тапсырма: Кері байланыс: 3-2-1стратегиясы
| ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бір-біріне түсіндіруі, топтық жұмыс арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтау | Шапалақтау, басбармақ, сабақ барысында қолдау,мадақтау | Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 мин асырмау; Көз жаттығуларын жасау. | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?