Сызықтық функция және оның графигі. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3B бөлім: 7.2A Функция. Функцияның графигі | Мектеп: Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||
Күні: 31.03 | Мұғалімнің аты-жөні: Сабырова І.А. | |||
Сынып: 7 С,Д | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы: | Сызықтық функция және оның графигі | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.5.1.9 y=kx функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k-ға қатысты орналасуын болжайды; 7.5.1.10 y=kx+b сызықтық функциясының анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k мен b-ға қатысты орналасуын болжайды; 7.5.1.11 сызықтық функция графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерін табады (графикті салмай); 7.5.1.14 графикпен берілген y=kx+b сызықтық функциясының k мен b коэффициенттерінің таңбаларын анықтайды; | |||
Сабақ мақсаттары | – сызықтық функция, оның қасиеттері мен графигін біледі; – сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуын зерттейді; | |||
Бағалау критерийлері | Оқушы: y=kx және y=kx+b сызықты функциясының графигі анықтамаларын біледі. Функцияның графигін анықтайды, берілген мәндері бойынша графиктерін салады; графиктің k мен b-ға қатысты орналасуын болжайды. Берілген графиктен/кестеден қажет ақпаратты таңдайды; шыққан нәтижелерді талдайды және сәйкес қорытындыларды жасайды; ұсынылған сұрақтарға дұрыс жауаптар береді. | |||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: – сызықтық функцияның бұрыштық коэффициентінің таңбасы мен түзудің абсцисса осінің оң бағытына көлбеулік бұрышы арасындағы тәуелділікті түсіндіреді; Пәндік лексика және терминология: -сызықтық функция; – сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -берілген функция (формуламен, кестемен, графикпен, сипаттаумен)... берілген; – берілген функцияның графигі ... координаталық ширектерде орналасқан; – функцияның графигі... (координаталар басы нүктесі және т.б) арқылы өтеді; – функциялар графиктерінің қиылысу нүктесі(лері); – график абсциссалар осін ... нүктесінде қияды; – график ординаталар осін... нүктесінде қияды; – егер сызықтық функциялардың бұрыштық коэффициенттері тең болса, онда олардың графиктері ... . | |||
Саралау түрі | күрделендіру, терендету, деңгейлі тапсырмалар | |||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады | |||
Жаһандық ақпарат | ||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, сызу | |||
АКТ қолданудағдылары | Презентация | |||
Бастапқы білім | Функция. Функцияның графигі, анықталу облысы | |||
Кәсіби даму мақсат | Саралап оқыту тапсырмаларын беру арқылы өз бетінше жұмыс жасауын дамыту | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Бірінші сабақ First lesson 5 мин | Оқушылармен амандасу, сабаққа дйындау, құрал-жабдықтарын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру: 7 сынып 2-бөлім оқулығынан № | |||
Сабақтың басы 10 мин 25 мин Мұғалім көмегімен орындалады | Қайталау сұрақтары: Жаңа сабақ Сызықтық функцияның анықтамасын түсіну үшін оқушыларға жеке тапсырмалар слайдта көрсетемін. Кейбіреулері сызықтық функцияның графигі болып табылатын әртүрлі графиктер ұсынамын. Оқушылардан сызықтық функцияларды іріктеп алып, олардың тәуелді және тәуелсіз айнымалыларын, сонымен қатар коэффициенттерін көрсетіп ауызша сұраймын. Дұрыс жауапты ауызша айту арқылы өзін–өзі тексеруді ұсынамын Сызықтық функциялардың графиктерін салу дағдыларын дамыту үшін оқушыларға слайдтан жұмыстар ұсынамын. . Оқушылармен координаталық осьтерінде орналасқан нүктелердің координаталары туралы талқылаймын (Ох осінде (а; 0), Оу осінде (0; а)). Оқушыларға графиктің оспен қиылысу нүктелері графикке де, оське де тиісті екенін түсіндіру керек, яғни оның координаталары (0; а) немесе (а; 0) нүктесінің координаталарымен сәйкес келеді, бұдан функционалдық тәуелділік теңдігін дұрыс сандық тепе-теңдікке айналдырады. Осылайша оқушыларға сызықтық функция графиктерінің координаталық осьтерімен қиылысу нүктелерінің координаталарын табу алгоритмін жазуды ұсынамын. Бағалау Сұрақтар беру арқылы | Слайд Оқу бағдарламасынан | ||
Жеке жұмыс 30 минут | Деңгей бойынша тапсырмалар В Деңгей Оқулықтан 121 бет 4 есеп, С Деңгей 121 бет, 5 есеп Бағалау Мұғалім жеке тексеру арқылы | НЗМ оқулығы 7 сынып | ||
Қосымша Біргеміз 7 мин | Мұғалім көмегімен есептер шығару Оқулықтан 123 бет 1, 2, 4 есеп Бағалау Бағыттау сұрақтар қою арқылы | НЗМ оқулығы 7 сынып | ||
1 мин | Теория материалың және формулаларды жаттау. Үй тапсырмасы 124 бет 6 есеп | НЗМ оқулығы 7 сынып | ||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия.
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
_________________________________________________________ |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Топта сұрақтар құрастыуда оқушылар әр деңгейде сұрақтар құрастырады. Жұппен жұмыста қабілеті жоғары оқушы жұбына көмектеседі (Жұппен жұмыс орындаудың алдында қабілеттерін ескере отырып өзім жұпқа бөлемін). | Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін бағалайды. Сонымен қатар жетістік критерийі арқылы бағаланады. | Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?