Бірмүшелерге амалдар қолдану. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар МО меңгерушісі __________Конысбаев Е.А.

7.2В бөлім: Көпмүшелер

Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шымкент қаласы

Күні: .11.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Даулетбай М.Н.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Бірмүшелерге амалдар қолдану.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.6

бірмүшелерге амалдар орындай алады;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Бірмүшелерге амалдар орындай алады.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Білу, түсіну:

  • бірмүшелерге амалдар орындау барысында дәреженің қасиеттерін ескеру керектігін түсінеді.

Қолдану:

  • бірмүшелерге амалдар орындай алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

бірмүше мен байланысты терминдерді анықтайтын қосалқы сөйлемді пайдаланады (мысалы … алатын сан) ауызша және жазбаша анықтайды.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Белгіленген бір сан немесе белгіленген мәнді әріп болып табылады.

Айнымалы шама бұл мәні белгісіз санды білдіреді.

Коэффициент бұл айнымалы шаманың алдындағы сан.

Дәреже бұл негізді өз мәнін өзіне неше рет көбейту керектігін көрсететін сан.

Бірмүше бұл тұрақты (сан) мен айнымалы шаманың көбейтіндісі.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Бірмүше, тұрақты, айнымалы шама, дәреже, коэффициент;

Көпмүше, көпмүше дәрежесі;

Толықтауыш, арифметикалық амалдар, көбейту;

Көпмүшелердің көбейтіндісі.

Бірмүше - monomial,

тұрақты - constant,

айнымалы шама - the coefficient value,

экспонента (дәреже) - exponent (degree),

коэффициент - coefficient.

 Құндылықтарды дарыту

 

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Талап қоя білуі, қолдау көрсетіп отыру.

Идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысу.

- Ашықтық

- Ынтымақтастық

- Құрмет

 Пәнаралық байланыстар

физика

 АКТ қолдану дағдылары

Қосымша тапсырмалар http://www.bilimland.kzсайттан қарауға бағыт-бағдар беремін.

Бастапқы білім

Дәреже қасиеттері, бірмүшенің стандарт түрі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарының дайындығына назар аудару, сабақтың тақырыбын, ОМ жариялау.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Өткенді қайталау.

Пысықтау сұрақтары

  • Бірмүшеге анықтама беріңіздер.
  • Бірмүшенің стандарт түріне мысал келтіріңіздер.
  • Бірмүшенің коэффициентінің дәрежесі қандай санға тең болу керек?
  • айнымалыларын қолдана отырып, коэффициенті 4-ке тең үшінші дәрежелі бірмүше қанша түрде келтіре аламыз?

Презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

5 минут

10 минут

Жаңа сабақ түсіндіру.

Көбейтудiң ауыстырымдылық және терiмдiлiк қасиеттерiн, негiздерi бiрдей дәрежелердi көбейтудiң қасиетiн қолдану арқылы бірмүшелерді көбейту.

Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырма

А Дұрыс теңдік шығатындай * белгісін алмастыр:

В Қандай бірмүшелерді басқа бірмүшенің квадраты немесе

кубы түріне келтіруге болады?

С Әрбір бағана, жол және диагоналі бойынша бірмүшелердің көбейтіндісі 𝑎15 болатындай етіп сыйқырлы шаршыны толтыр.

а5

Егер 4𝑥𝑦3 = 15 болса, өрнектің мәні неге тең:

Сергіту сәті: «Тарсия»

Жинақтау

Оқушыларды жұптарға бөліп, келесі тапсырманы орындауларын қадағалау.

https://learningapps.org/watch?v=p8mzjc1qt17

Презентация

Кеспе қағаз 1

Кеспе қағаз 2

Сабақтың соңы

Рефлексия

2 мин

Үй тапсырмасы

3 мин

Кері байланыс. бақылау-бағалау журналындағы мәліметтерге сүйене отырып, оқушылардың жетістіктері мен әлі де қол жеткізу керек мәселелер айтылады

Өзіндік бағалау. Оқушылардан ойын айтуды ұсыну.

Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»

Бүгінгі сабақта …

а) Бүгінгі жұмысыма ризамын, менде барлығы дұрыс болды.

б) Менде қателер болды, бірақ мен өз ісіме ризамын.

в) Мен териялық материалды білемін, бірақ мен практикалық жұмыста қиналдым.

г) Маған қиын және түсініксіз болды .

№4,7 103-104 беттер

Математика. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына арналған оқулық

(сынама нұсқа)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциацияның келесі әдістері қолданылады:

1. «Алдыңғы білім»

2. «Есептің түсіндірілуі »

3. «Қадамдық әрекеттер»

4. «Жұптық жұмыс»

5. «Жеке сұрақ»

6. «Жұмыс парағын тексеру»

Шығармашылық жұмыс барлық оқушыларға ұсынылғанымен қабілеті жоғары оқушылар тапқырлық танытады деп күтіледі.

  • Мадақтау
  • Өзін-өзі бағалау
  • Екі жұлдыз бір тілек

1. Қарым-қатынас мәдениетін нығайту.

2. Жағымды эмоционалдық, психологиялық ахуал орнату.

3. Дене қозғалысы (ЖАДА-ның орын алуы)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу