Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1В бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: НИШ ФМН г. Тараз

Мерзімі:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Сабақ мақсаты

0, 1, 5 немесе 6-ға аяқталатын санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатынын анықтай алады

 Сабақтың түрі:

Жаңа білімді меңгерту

 Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • 0 – ге аяқталатын кез келген санның дәрежесінің соңғы цифрын анықтай алады
  • 1 – ге аяқталатын кез келген санның дәрежесінің соңғы цифрын анықтай алады
  • 5 –ке аяқталатын кез келген санның дәрежесінің соңғы цифрын анықтай алады
  • 6 –ға аяқталатын кез келген санның дәрежесінің соңғы цифрын анықтай алады

 Тілдік мақсаттар:

 

Тілдік мақсат

- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мысалы 1: Калькуляторды қолданып X- тің кубтық түбірін тап (мысалы )

- бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

-негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);

-негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;

-теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

-теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

-негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;

 Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

 Бастапқы білім

Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын, аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу. Санның разрядтарын білу, сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу. Сан тізбегін құру және олардың жетіспейтін мүшелерін таба білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару. Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Үй жұмысын тексеру

3-минут

Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау

Сабақ мақсатын қою

5 минут

Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

Өткен сабақты қайталау үшін оқушылардан математикалық диктант алынады.

Матаматикалық диктанттың тақтадағы дайын жауабы арқылы өзін-өзі бағалайды.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.

Жаңа білімді меңгеру

15 минут

Мақсат: Санның дәрежесінің соңғы цифрын анықтауды үйрету.

Жаңа сабақ.

1-ші топқа тапсырма:

(1)2; (1)3; (11)3; (21)2; (21)4;(101)2

2-ші топқа тапсырма:

(5)2; (35)3; (25)4; (15)2; (65)2

3-ші топқа тапсырма:

(10)2; (10)3; (10)7; (20)4; (110)2; (100)3.

4-ші топқа тапсырма:

(6)2; (16)3; (16)4; (16)2; (66)2; (36)2

дәрежесінің мәнін есептеп берілген сан мен дәрежесінің мәні арасындағы байланысты бақылап, қорытынды шығару ұсынылады.

Егер оқушыларда қорытынды шығаруда қиындықтар туындаса,

Берілген сан мен дәреженің мәнінің соңғы цифры жайлы нені байқадыңыз? деген сұрақ қойылады.

Оқушылар өз қорытындыларын шығарады.

Таныстырылым арқылы өз қорытындыларының дұрыстығына көз жеткізеді.

Оқушылардың диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Жаңа білімді түсіну

12 минут

Мақсат: жаңа сабақты түсіну. Есептер шығару. (Қосымша 1)

Жұптық жұмыста келесі есептер орындалады.

1. Дәреженің мәнін есептеңіз. Дәреженің мәнін есептемей берілген санның жауабы қандай цифрмен аяқталатын анықтаңыз.

  • 12; 15; 17; 112; 115; 312; 512;
  • 02; 05; 107; 202; 305; 702; 402;
  • 52; 55; 57; 152; 252;
  • 62; 65; 67; 462; 165; 662; 962;
  • 55 + 62; 202 + 165.

2. Айырманың мәні қандай цифрмен аяқталады 98 – 78.

3. Айырманың мәні қандай цифрмен аяқталады 514 – 1.

4. Айырманың мәні қандай цифрмен аяқталады 78 – 1.

5. 312; 50617; 1515; 14025 сандары қандай цифрмен аяқталады.

6. 1616; 2536; 45105 сандары қандай цифрмен аяқталады.

7. Қосындының соңғы цифрын анықтаңыз: 1825 + 857

8. Айырмасының соңғы цифрын анықтаңыз: 100887-65442

9. Өрнектің соңғы цифрын анықтаңыз:

( + ) 3

Немесе жұптардың бірі есепті тақтада орындап, екінші оқушы орнында отырып шығарады. Нәтижесін орнында отырған оқушы басқа түсті маркермен тексереді.

Жұптар бірін-бірі бағалайды.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білімін қолдану

Талдау

0 – ге аяқталатын кез келген санның дәрежесінің соңғы цифрын анықтай алады

1 – ге аяқталатын кез келген санның дәрежесінің соңғы цифрын анықтай алады

5 –ке аяқталатын кез келген санның дәрежесінің соңғы цифрын анықтай алады

6 –ға аяқталатын кез келген санның дәрежесінің соңғы цифрын анықтай алады

Оқушының жұмыс парағы

Жаңа білімді бекіту

5 минут

Мақсат: жаңа сабақты бекіту.

Жұптық жұмыс.

Дәреже мен дәреженің мәнінің аяқталатын соңғы цифрымен сәйкестендіріңіз.

  • 453
  • 0 цифрімен аяқталады
  • 413 – 102
  • 1 цифрімен аяқталады
  • (22 + 122)3
  • 5 цифрімен аяқталады
  • 7319
  • 6 цифрімен аяқталады
  • (9 + 20)23
  • 7 цифрімен аяқталады

Жауабы: А – …; В – …; С – …; D – …; Е – … .

Дұрыс жауабымен өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырмасы

1 минут

Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

Үйге: 2, 3, 4-ке аяқталатын санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.

Рефлексия

3 минут

Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?

Нені түсінбедім?

Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады

Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау.

Жұптар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. 2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу