Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім: Бухарбекова Б.Т.

Сабақ тақырыбы

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.5.2.3 шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, олардың ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалау;

Сабақ мақсаттары

1.Шаршы ауданы мен текшенің көлемінің санның квадраты мен кубына байланысты екенін түсінеді;

2. Шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, олардың ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалайды.

Сабақтың түрі

зерттелген материалды жалпылау және жүйелеу

Бағалау критерийі

1.Шаршы мен текшенің ауданы мен көлемін есептейтін формуланы біледі және қолданады;

2. Шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның ауданы қалай өзгеретінін бағалайды;

3.Текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның көлемі қалай өзгеретінін бағалайды.

Тілдікмақсаттар

Тілдікмақсат

- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Пәнгетән лексика мен терминология:

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже;

- дәрежеге шығару;

- квадраттау, кубтау;

- санның квадраты, санның кубы;

- көбейтіндінің дәрежесі;

- бөліндінің дәрежесі;

- дәрежелердің көбейтіндісі;

- дәрежелердің бөліндісі;

- дәрежені дәрежеге шығару;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

бірнеше бірдей негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);

  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;
  • теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
  • теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
  • негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік. Құрмет.

Бастапқы білім

Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын білу. Аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Жұпқа бөлу: қағаз қиындыларында жазылған сандардың дәрежесін дұрыс табу арқылы оқушылар жұптарға бөлініп отырады.
  • Жұптағы оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы ұсынылған дайын жауаптарды қолданып бір-бірінің үй жұмысын тексеріп, комментарий жазу арқылы бағалайды.

Сабақтың басы

(10-минут)

  • Сабақтың мақсатын ашу:

1-слайдты көрсетіп, сұрақтар қоямын:

1.Суреттен не көріп тұрсыздар? (геометриялық фигураларды)

2.Қандай фигуралармен дәрежені байланыстыруға болады? (шаршы және текше)

3.Не себепті?

Оқушылар өз ойларын айтады (шаршының ауданы S=𝑎² және текшенің көлемі V=𝑎³ болғандықтан, бұл фигуралар дәрежеге байланысты болады).

5.Олай болса, бүгінгі сабақың мақсаты қандай деп ойлайсыздар?

Сабақтың мақсаты:

1.Шаршы ауданы мен текшенің көлемінің санның квадраты мен кубына байланысты екенін түсінеді;

2. Шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, олардың ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалайды.

  • Жаңа сабақты меңгерту:

Жаңа сабақты оқушыларға сұрақтар қоя отырып түсіндіремін. Оқушылар жұпта ақылдаса отырып сұрақтарға жауап береді. Мұғалім қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырады.

1.Санның екінші, үшінші дәрежесі қалай аталады? (санның екінші және үшінші дәрежесі сол санның квадраты және кубы деп аталады. Санның екінші және үшінші дәрежелері үшін санның квадраты немесе кубы деген атамалар қолданылады. Мысалы, деп оқимыз. Расында 5² қабырғасы 5-ке тең шаршының ауданын білдіреді, ал 3³ қыры 3-ке тең текшенің көлемін білдіреді).

2. Егер шаршының қабырғасын 3 есе арттырсақ немесе кемітсек оның ауданы қалай өзгереді? Әр жағдайдағы ауданның өзгеруінің жалпы түрін (формуласын) жазып көрсетіңдер.

Оқушылар өз ойларын айтады ()

3.Егер текшенің қабырғасын 2 есе ұзартсақ немесе қысқартсақ, онда көлемінің өлшемі қалай өзгереді? Өзгергендегі көлемнің жалпы формуласын жазып көрсетіңдер. Оқушылар өз ойларын айтады.

().

4. Сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты шаршының ауданы мен текшенің көлемінің қалай өзгеретінін бағалаңыздар. (оқушылар өз ойларын айтады). Оқушыларға бүгінігі мақсатқа байланысты ауызша тапсырма беремін: қабырғасы 6 см болатын шаршының ауданын табуды тапсырамын. Одан соң қабырғасы 12 см,

2 см болатын шаршының ауданын тауып, нәтижесінде, қабырғасы өзгеру барысында шаршының ауданы қалай өзгеретініне қорытынды (болжам) жасайды.

1,2-слайд

3-слайд

4-слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

  • Жұптық жұмыс:

Тапсырманы орындамас бұрын оқушылар есептің шығарылу жолын талдайды:

а) есепті шығару жолын анықтайды;

б) бірігіп бағалау критерийін құрады;

в) жұптар тақтаға шығып сесептерін шығарып, түсіндіріп береді.

Қалған жұптар орындарында отырып шығарған есептерімен салыстыра отрып, бағалау критерийі бойынша тақтаға шыққан оқушыларды бағалайды. (мүмкін болған жағдайда мүғалім бағыт береді)

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

Білу, түсіну

Шаршы мен текшенің ауданы мен көлемін есептейтін формуланы біледі;

Қолдану, бағалау

Шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, оның ауданы қалай өзгеретінін бағалайды;

Текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, оның көлемі қалай өзгеретінін бағалайды;

Жұпқа берілетін есептер:

1)Текшенің барлық жақтарын баяуға 54 г бояу керек. Қыры бұдан 3 есе үлкен текшенің барлық жақтарын бояуға қанша бояу қажет болады?

Жауабы: 486 г.

2)Текше түріндегі ыдысты толтыру үшін 1840 г. сұйықтық керек. Қыры 2 есе кіші текше түріндегі ыдысты толтыру үшін қанша грамм сұйық қажет болады?

Ж: 230 г

3) Жүк тиеуші қоймадағы 3×3×3 өлшемді тәртіппен орналастырылған бір литрлік сүттер қаптамалары салынған қорапты көтере алады. Осындай сүттер қаптамасы салынған 9×9×9 дана өлшемді қорапты үш жүк тиеуші көтере ала ма?

 Шешуі:

 Егер үлкен қораптағы жүктің салмағын есептейтін болсақ, онда ол 9 · 9 · 9 = 729 қаптама болады, яғни 729 литр. Оны үш жүк тиеушінің көтере алмасы анық.

4)Текше пішіндес цистерна 20 минутта суға толады. Кыры екі есе үлкен текше пішінді цистернаны сумен толтыруға қанша уақт кетеді?

Жауабы: 2 сағ. 40 мин.

5) Текшені бояуға 1,2 кг бояу кетті. Қыры төрт есе қысқа текшені бояуға қанша бояу қажет болады?

Жауабы: 75 г.

Қосымша-1

Сабақтың соңы

5-минут

Сабақты қорытындылау:

Өтілген мақсат бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

1.Сабақтың мақсаты қандай болды?

2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек?

3.Нені түсінбедің?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үй жұмысы:

1.Егер қырын 2 есе, 3есе, 𝑛 есе ұзартса, текшенің көлемі қалай өзгереді?

2. Шаршының қабырғасы қалай өзгереді, егер оның ауданын:

а) 25 есе, 100 есе қысқартса;

б) 9 есе, 64 есе ұзартса?

Қосымша 1

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Бағалау критерийі бойынша жұптар бін-бірі бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу