Кейіпкердің,кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

«Аватардың» тілін білетін Арман

 Күн жексенбі болатын. Ауылдағы алаңқайда балаларымды ойнатып жүр едім, қасыма мектеп жасындағы бір балақай жүгіріп келді.тани кеттім. Көрші үйде тұратын Арман екен. Арман биыл5-сыныпты оқып жүр. Өзі бір кісі алдынан қия өтпейтін тәрбиелі бала. Көрген жерде құрақ ұшып амандасатыны бар.

Арман маған әдеттегідей қос қолын ұсынды. Бірақ амандасқаны сол еді, қалтасындағы ұялы телефоны «әндетіп» қоя берді. Балақай анадайға барып, ұзақ сөйлесті. Сөз арасында шүлдірлеп бірдеңелерді айтып қояды. Ақырын құлақ түрсем, бұрын-соңды естімеген бейтаныс тіл.

 «Бұл бала қай тілде шүлдірлеп отыр?» -деп аң-таң болдым.

Ақыры шыдамым таусылды. Сөйлесіп болып, телефонын қалтасына сүңгіте бергенде, Арманды қасыма шақырдым.

-Қане, айта қойшы. Жаңа қай тілде сөйледің?

-Нави тілінде, - деді Арман

-Нави? Ол қай тіл? Қай ұлттың тілі, -дедім таңданысымды жасыра алмай.

Арман тақ ете қалды.

-«Аватар» фильміндегі Пандора ғаламшарының тұрғындарының тілі ғой.

-А-а-а.. Солай ма...-дедім де, артынан ойланып қалдым. «Авотардың» Фантастикалық фильм екені есіме сап ете түсті. Бір сәттік аңғалдығыма іштей күлкім келді. Бірақ оны Арманға сездіргім келмеді. Қайта ренжіген сыңай таныттым.

- Арман ағаңды алдағаның қызық болды-ау......

- Айта берсе көп қой... Олар айдаһарды ерттеп мініп, аспанға ұша алады.

- Дұрыс. Бірақ меніңше басты артықшылығы мынада. Олардың елі өмірде жоқ. Қиялдан туған. Ал тілін біреулер ешкім мәжбүрлемей- ақ өздігінен үйреніп жүр. Ал біздің еліміз бар. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие. Бірақ кейбір қандастарымыз ана тілін білмейді. Тіпті білу керектігі миларына кірмейді. Өз елінде жүріп өзге тілде шүлдірлеуге құмар. Осыған келісесің бе?

Арман үндемей қалды. Үндемегені келіскені ғой.

Б. Мәжитов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қосымша 2

Жоспар

Шығарманың композициясы

Сюжеттің басталуы

Дамуы

Дамуы

Сюжеттің аяқталуы

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу