«Алып қара құс – Самұрық» ертегісі. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

«Алып қара құс – Самұрық» ертегісі.

  Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты - Асан, ортаншысының аты - Үсен, ал ең кенже баласының аты - Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақ көңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі.Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», - дейді.

 Асан мен Үсен әкесінен қорыққанынан: «Қайдан да болса тауып әкеп береміз», - деп уәде береді де, жол жүріп кетеді. Бұл уақиғаны Хасан білмейді. Хасан әкесінің Асан мен Үсенді күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түсетін құсқа жұмсағанын қырық күннен кейін барып біледі.

 Асан мен Үсенді осындай алыс жолға жұмсап, өзінің үйде қалғанына қапа болып, әкесіне жылап келеді.

 - Әке, - дейді Хасан, - Асан мен Үсенді жұмсаған жаққа мені неге жұмсамадыңыз, әлде мені ол екеуінен жек көресіз бе, я болмаса маған сенбедіңіз бе?

 Патша айтады: «Жоқ, балам, олай емес, мен Асан мен Үсенді өте қатерлі қиын жолға жұмсадым. Ал сені ол қиын сапарға жұмсауға қимадым!» Хасан әкесіне жалынып, сол құсты іздеуге разылығын алып, ел-жұртымен қош айтысып, екі ағасының артынан кетеді

 Қырық күн бұрын кеткен ағаларын Хасан қуып жетеді. Ағайынды үшеуі бір үлкен жолға түсіп жүре береді. Бір күндері бұлардың жүріп келе жатқан жолы үш айрылады: бір жол оңға, бір жол солға, бір жол тура бетімен. Әр жолдың басында үлкен тас тұр, тастың бетіне ойып жазған жазуы бар.

 Бірінші жолда - «Барса, келер», екінші жолда - «Барса, мүмкін келер, мүмкін келмес», үшінші жолда -«Барса, келмес» деп жазылған. Асан «барса, келер» жолына түседі. Үсен «барса, мүмкін келер, мүмкін келмес» жолына түседі, ал Хасан «барса келмес» жолына түсіп жүре береді.

 Бірнеше ай, бірнеше күн жүргеннен кейін Хасанның алдынан үлкен қала көрінеді, қаланың айналасында көп киік жайылып жүр. Хасанның осы кезде азығы таусылып бірнеше күннен бері ас ішпей, ашығып келе жатқан кезі екен....

ҚОСЫМША 2

 

ҚОСЫМША 3

1.

Мен сабақта жұмысты былайша жасадым.

Активті/пассивті

2.

Сабақтағы жұмысыма менің

Көңілім толады/көңілім толмайды

3.

Сабақ маған мынадай көрінді

Тез өтіп кетті/ұзақ бітпестей көрінді

4.

Сабақ барысында мен

Шаршаған жоқпын/шаршап кеттім

5.

Менің көңіл-күйім

көтеріңкі болды,түсіп кетті

6.

Сабақ материалдары маған

түсінікті, түсініксіз

пайдалы/ пайдасыз

қызықты/жалықтырып жібереді

[attachment=26409:didaktikalyk-material-5.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу