«Аңшы ата ізімен» (табиғат новеллалары) шығармасын. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.
Тарау: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: 3.1 Шығарманың жоспарын құру. «Аңшы ата ізімен»
Оқу мақсаттары:
4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды.
Бағалау критерийлері
- мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
- әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
- кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.
Сабақ барысы
Сабақтың басы:
Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.
(ЖЖ). Бұл кім?» ойыны. Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады.
Сабақ мақсаты: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма.
Бұл тапсырманың негізгі идеясы оқушыларға әңгіменің белгілі бір ойды білдіретінін түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ, ол оқушылардың оқи отырып, ақпараттарды белгілей алу дағдыларын дамытады. Тапсырма жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқуға беріледі.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө) «Белгіле» әдісі. «Аңшы ата ізімен»
1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.
2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.
Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Қ/Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.
2-тапсырма
Бұл тапсырманың негізгі идеясы оқушылардың өз тәжірибесіндегі деректерді пайдаланып, айтылым дағдыларын дамытады және топпен жұмыс істеу барысында талқылауға, бағалауға және түсінуге көмектеседі.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Аңшы атай әңгімесінен белгілеген бөліктерге ат қойыңдар.
1. Оқушылар мәтінен өздерінің белгілеген бөліктері бойынша талдап алады
2. Сол бөлікке ат қояды.
3. Не себебті олай атағанын түсіндіреді.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.
Қ/Б «Бағдаршам»
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
3-тапсырма.
Тапсырманы орындау арқылы мәтін мазмұнын түсінгендерін білуге болады. Жоспар құрастыру арқылы сауатты жазу дағдылары дамиды, ойын дамытады
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т) 1. Мұғалім әр топқа мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруды ұсынады.
2. Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.
3. Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4. Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Жоспар:
1.Аңшы атайдың қамығуы
2. Аңшы атайдың өкініші
3.Жас лақтың зулап бара жатқаны
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.
Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.
4-тапсырма.
Тапсырманы орындау арқылы мәтін мазмұнын түсінгендерін анықтауға негізделеді.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т) «Төрт сөйлем» әдісі
Аңшы атайдың іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалап жаз.
«Менің ойымша, ............ мұның себебі............»,
«Мысалы, ................»,
«Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............» сияқты кіріспе сөздер тізбегі берілген.
1.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
2.Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша оқып береді.
Қ/Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
.
Рефлексия: «Бес саусақ» әдісін қоланыңыз.
1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?
3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?