Ойнай білу де-өнер. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сабақ тақырыбы: «Елдестің ойыны» Оспанхан Әубәкіров

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп баға береді

Көпшілік оқушылар: Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды

Кейбір оқушылар: Шығарманың құрылымын, стилін жетілдіреді

Бағалау критерийлері

  • Кейіпкердің іс-әрекетіне қарап мінез-құлқына баға береді
  • Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды
  • Шығарманың құрылымын жетілдіреді

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Топқа бөлу: Ұлттық ойындар арқылы топтарға бөлінеді

1-топ «Орамал тастау» ойыны

2-топ «Асық»ойыны

3-топ «Теңге алу»ойыны

4-топ «Соқыртеке» ойыны

Топтар таңдаған ұлттық ойындары туралы түсінік береді

Ширату тапсырмасы:

Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса, сақа ғой

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса, аға ғой

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Сабақтың ортасы

Автормен танысу

Оспанхан Әубәкіров (1934-1986) Алматы облысы Жамбыл ауданы Үшбұлақ ауылында туған. Ақынның «Күлеміз-ау», «Қағаз қалпақ» және т.б жыр жинақтары бар.

1-тапсырма

(Ж,Т) Оспанхан Әубәкіров «Елдестің ойыны» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Мәтінннің бір бөлігін оқығаннан кейін оқиға қалай жалғасады деп оқушылардан сұраңыз. Оқушылар өз ойын білдіргеннен кейін келесі бөлігін оқып, жасаған болжамдарымен салыстыру. Осылайша мәтінді тұтас оқиды.

Саралау: Кейбір оқушыларға мәтінді оқуға қосымша уақыт беруге болады

Нұсқаулық

Оқушылар оқиғаға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

2-тапсырма

(ЖЖ,Т) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі.

-Елдестің іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір.

-Балалар Елдестің асығын арқардың асығы дегенге өз ойыңды айт

-Асық ойынының ерекшелігі туралы түсіндірме беріп көр

Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

Нұсқаулық

Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады

3-тапсырма

(Т,Ұ) Мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасау

Құрылымы

Оқиғалар тізбегі

Басталуы

Жалғасуы

1.

2. Асықтан ұтылған балалардың дауы

3.

Аяқталуы

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады.

ҚБ «Смайликтер» арқылы бағалау

4-тапсырма

(Ө;Т) Аяқталу бөліміндегі жазбаға түсіндірме береді. Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады. Оқиға қосып мәтінді жалғастырып жазады.

Құрылымы

Оқиғалар тізбегі

Мәтіннің аяқталуы

Түсіндірме

Ертеректе «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар»деген мақал болған. Сол доп ешкімді тоздырмай-ақ, қызығып ойнайтын футбол ойынына ұласты.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Нұсқаулық

Бір нәрсе немесе бір оқиға жөнінде түсіндірме беру үшін сол айтылғандарға дәлелдер келтіресің, келісетінің не келіспейтінің туралы айтасың

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.

Сабақтың соңы

«Жетістік баспалдағы» әдісі

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

Өте жақсы түсіндім

Жақсы түсіндім

Түсіндім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу