Вавилонның аспалы бағы. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әлемнің кереметтері. Вавилонның аспалы бағы

Оқу мақсаттары

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып сын тұрғысынан бағалап оқу;

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқи алады.

Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты таба алады; көркем шығарманы сурет нұсқасымен салыстыра алады.

Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып, салыстырады; көркем шығарманы сурет нұсқасымен салыстырып, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
  • көркем шығарманы иллюстрация нұсқасымен салыстыра сипаттайды;
  • суреттердің ұқсастығын анықтайды;
  • суреттердің айырмашылығын сипаттайды.

Тірек сөздер

Оқушылар:

«Қазақстанның жеті кереметін атап бере аласың ба?» сұрағы төңірегінде өз білгені бойынша ойларын жеткізе алады. Көркем шығарманы иллюстрация нұсқасымен салыстыра сипаттайды алады. Оқушылар өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып парақшаларға жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Аспалы бақ, гүл-құрақтар, қақталған қорғасын, Ефрат өзені, Семирамида бағы

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қазақстанның керемет бақтары бар деп айта алам, олар - ...

Қазақстанымның жеті кереметі мыналар, атап айтсақ -

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық туған жерін құрметтеу, адалдық, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Ескі қалалар атауларын атай алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Аспалы бақты ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып парақшаларға жазуы барысында қазақ тілі пәнімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар мәтінді түсініп оқи алады. Ақпараттарды кесте түрінде көрсете алады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы

Оқушыларды ескі қалалармен атауларымен «Мозайка» әдісі арқылы 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Отырар»

2-топ: «Ақмешіт»

3-топ: «Сауран»

4-топ: «Сығанақ»

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Ескі қалалар суреттері, интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

4-6 минут

7-17 минут

17-25минут

26-34 минут

1-тапсырма

(МК, Ж, ОТ) Өзіңді тексер. “Ой қозғау” әдiсi арқылы тапсырма орындалады. Әлемнің жеті кереметі туралы естіп, білгендерімен жұпта ой бөліседі. Баланың басынан өткен бұрынғы тәжiрибесiне сүйене отырып, берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жеке жұмыс жасайды.

Саралау: өздігінен ізденіп, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

«Сана аллеясы» стратегиясына сүйене отырып, өз білімдерін YouTube желісінен «Әлемнің жеті кереметі» видеосымен танысу арқылы толықтыру.

2- тапсырма

, С, Қ) «Әлемнің 7 және 37 кереметі» атты кітаптан алынған «Вавилонның аспалы бағы» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі бойынша іштей саналы түрде түсініп оқиды. «Мұнара тұрғызу» әдісімен оқушылар өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып парақшаларға жазады. Оқыған мәтіні бойынша таңдаған көркем бейнелі сөздерін талқылап, пікір білдіреді. Әр топ өз жұмысын баяндайды. Топтар пікір алмасады.

«Суреттеуші» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен үзіндідегі аспалы бақты қазіргі аспалы бақтың суреттегі нұсқасымен салыстырады

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау:

мәтінді түсініп оқиды;

мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;

көркем шығарманы иллюстрация нұсқасымен салыстыра сипаттайды;

суреттердің ұқсастығын анықтайды;

суреттердің айырмашылығын сипаттайды.

3-тапсырма (шығармашылық жұмыс)

(ОТ, МК, Т) «Суреттеуші» әдісі бойынша мәтінге сүйене отырып (судың сылдыры, тас төсейді, қамыс жаяды) көркем-бейнелі сөздерді қолданып, бақты сипаттап жазады.

(Ескерту: Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтін мазмұнындағы басты табиғилықты суреттеп жеткізе алуы маңызды.)

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

4-тапсырма (дәптермен жұмыс)

(ОТ,Ұ,МК) «Нұсқаумен оқу» әдісі бойынша берілген жалқы атаулардан сөздік құрастырады және дәптерге жазады.

Үлгі:

Вавилон-ежелгі мемлекет.

Мидия-тарихи аймақ. Б.з.б. 7 – 4 ғасырларда Әзірбайжанның оңтүстігі мен Иранның солтүстік-батыс бөлігінде өмір сүрген қуатты патшалық

Ефрат- Түркия, Сирия және Ирак елдерін кесіп өтетін арна, Батыс Азиядағы ең ірі өзендердің бірі

Амитис-Мидия ханының қызы

Навуходоносор-желгі дәуірде билік жүргізген Вавилон патшасы

Семирамида- Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

«Әлемнің жеті кереметі» , «Қазақстанның жеті кереметі» сөзі жазылған

парақтар, интербелсенді тақта,маркер, слайд №4

https://www.youtube.com/watch?v=P8MZLcckqMA

Оқулық 104-106 бб, интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік, аспалы бақтың қазіргі суреті, парақша,

слайд № 5

плакаттар, маркер, түрлі кітаптар, т.б.слайд №6

дәптер, түрлі кітаптар, желі, түсіндірме сөздік кітап, итенрбелсенді тақта,

слайд № 7

Сабақтың соңы

35-40 минут

Кері байланыс бутерброды

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

Слайд №8

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Ой қозғау, Бағытталған оқу, Сана аллеясы» әдістерне сүйене отырып тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау көрсетіледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Суретші» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу» , «Шапалақ», әдісі

Дескриптор

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
  • көркем шығарманы иллюстрация нұсқасымен салыстыра сипаттайды;
  • суреттердің ұқсастығын анықтайды;
  • суреттердің айырмашылығын сипаттайды.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу