Тыңдарманның назарын аударту. 3 сынып


 Тарау: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

 

 Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды.

 Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде нақыл сөздерді қолдана алады

 Кейбір оқушылар: нақыл сөздің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда, өз тұжырымдарын ұсына алады

 Бағалау критерийлері

  •  сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана алады
  •  нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 «Үш пікір» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 Мұғалім оқушыларға «Нақыл сөз» деген не? сұрақ қояды.

 Осы тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады.

 Мұғалім: Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. «Біздің бүгінгі сабағымызда сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды қолдануды үйренеміз»

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Жасайық.

 (Ж). «Тізімін жаса» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің? Отбасы, табиғат, мектеп үшін қандай жақсылық жасай алатыныңды тізіп жаз деген тапсырма береіледі.

 1. Оқушылар 4 адамнан топтарға бірігеді.

 2. Әр топта өз топ мүшелерінен сұраққа жауап беретін жүргізушіні таңдайды.

 3. Топ оқушылары өздерінің тізімдерін құрастырып, оны жүргізушіге береді. Ол сұрақтарды біріктіріп, сол топ бойынша тізімді оқиды.

 4. Топтардың жұмыстары тыңдалып, жетістіктері бағалаңады.

 Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылардың сурет бойынша не ойлайтынын сұраңыз. Ал қабілетті оқушылардың қосымша білетін мәліметтері бойынша тұжырымдай білуге ынталандырыңыз.

 Қ/Б: Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

 2-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Оқиық. (Ө). 1. Ыбырай Алтынсаринның «Баланың айласы» әңгімесін оқушылар жеке оқиды.

 2. Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі;

 3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін мәтінді шолу тапсырылады;

 4. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету. Қабілеті төмен оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек беріңіз.

 Қ/Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

 3-тапсырма. Сөйлесейік.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

(Ө,Т). «Көремін-естимін-сеземін» әдісі арқылы «Жақсылыққа жамандық бар ма?» Бұл сұраққа мәтін кейіпкерлері қалай жауап берген? Суретке қарап әңгімеле деген тапсырма беріледі.

 1.Әрбір оқушы А4 парағына (естимін, көремін, сеземін) деп жазып, сурет бойынша қағазға жазады (толтырады). Алдымен оларға өз жауаптары туралы ойлануына уақыт беріледі.

 2. Оқушылар 4 адамнан бірігіп топтасады және әрбір жолаққа жазғандарын оқиды (суретте нені көрді, қандай дауысты естіді, нені сезді), жалпы талқылаудан өздерінің жазғандарын толықтыруларына болады.

 3. Әрбір топ өздерінің құрған сызба нұсқасын оқиды, қалған оқушылар тыңдайды, толықтырады.

 Нұсқалар: Оқушылар 3 топқа бірігеді және «Көремін» немесе «Естимін» немесе «Сеземін» сызбасының тек бір ғана қырын қарайды, содан кейін әр топ өздерінің жұмыстарына таныстырылым жасайды.

 

 «Көремін-естимін-сеземін» сызбасы:

 

 

 

 

 

 

 Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріңіз, ал қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі ойлау дағдысын қажет ететін сұрақтар беріңіз.

 Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 (МТ) Мұғалім нақыл сөздің не екенін түсіндіреді.

 Сен білесің бе? Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. 

 

 4-тапсырма. Анықтайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Нақыл сөздің мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіру тапсырылады. Ол үшін арнайы кесте береіледі. Оқушылар нақыл сөзді оқып, топта талқылайды. Сұрақтары мен түсінгендерін айтып, ортаға саладып, кестені толтырады.

 Нақыл сөзді оқы.

 «Жақсыға қылған жақсылық

 Өміріңде тозбайды

 Жаманға қылған жақсылық

 Бір күнгідей болмайды»

 Кестені толтыр.

 

Зерттеу аясы

Мысалы

1

Позиция

Нақыл сөздің мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндір.

2

Себептер

Оқушылар неге осылай ойлайтындарының себебін көрсетеді.

3

Мысал

Оқушылар мысал келтіреді.

4

Талқылау

Оқушылар өз аргументтерін жалпылайды.

 Саралау: «Дереккөз» арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдау көрсетіңіз, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

 «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

 Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  •  бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
  •  бүгін сабақта қуантқаны.....
  •  мен өзімді.....үшін мақтар едім.
  •  маған ерекше ұнағаны.....
  •  сабақтан соң маған........келді.
  •  бүгін маған..........сәті түсті.
  •  қызықты болғаны.....
  •  ......қиындық тудырды.
  •  менің түсінгенім.....
  •  енді мен......аламын.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу