Ажалдан құтқарған асыл сөз. 3 сынып


 Ажалдан құтқарған асыл сөз

 

 Ертеде бір хан шеру тартып келе жатады. Бір шөлейт, сусыз далаға кездесіп, әскері де, аттары да шөлдейді. Осылай зарығып келе жатқанда, алыста бір кішкене бұйрат көрінеді.

 Хан жігіттеріне:

 -Адырлы жер ауыз сусыз болмайды, барып қараңдар,-дейді.

 Сұр: Шабармандар адырлы жерден суды тапты ма? (қалай ойлайсыңдар

 Шапқыншылар адырдың үстіне шықса, қойнауда бір қора қой жайылып жүр екен. Жігіттер қойдың шетіне келсе, мосқал тартқан қойшысы бар екен. Қойшыны олар кісі ғұрлы көріп амандаспайды.

 -Су қайда?-деп зіркілдейді.

 -Су дегенің көл ме?-деді қойшы.

 -Өзің қалай қисық сөйлейсің? Бізге, ана ханға ауыз су керек,-дейді ежіреңдеген шабармандар.

 -Мен хан ішеді деп қасқиып жатқан бұлақ көргенім жоқ,-дейді қойшы.

 Шабармандар одан әрі ызаланып, күш көрсетпек болады.

 -Мен де сендердей кісімін, су емеспін.Жерден бұлақ ағызар су иесі Сүлеймен де емеспін,-деп, қойшы шабарманның аузын аштырмайды.

 -Әйда, хан алдына жүр, сенімен сонда сөйлесеміз,- дейді шабармандар.

 Сұр:Қойшы неліктен дұрыс жауап бермеді?Шабармандар қандай шара қолданады деп ойлайсыңдар?

 -Мен сендердей ерігіп жүргем жоқ.Мына баққан малымды тастап, ешқайда бармаймын.Бір топ қураған қамыс желден ықтады деп барам ба?-деп, қойшы жүрмей отырып алады.

 Шабармандар ханға келеді. «Қойшы-бір кесір, жөн айтпайды.Күш жұмсамай, өз әміріңізге келдік» дейді.

 -Ұрмай,соқпай барып алып келіндер,- деп, хан үщ жігіт жібереді.Хан әмірі екі болмайды,жігіттер барады да,қойшыны еріксіз алып келеді.

 -Шақыртқанда неге келмейсін, неге судың жөнін айтып бермейсің?..Қазір басыңды алғызайын . Ал мынаның басын!-деп, жендеттеріне әмір етеді хан.Жендеттер қылышын көтере бергенде қойшы басын иіп:

 -Тақсыр, хан, дат!-дейді.

 -Е, датын болса, айт!- деп, хан жендеттерін тоқтатып, қойшыға сөйле деп ишарат білдіреді

 Сұр. Қойшы ханға не айтты деп ойлайсыңдар?

 -Мен сізге бір сұнқар мен шөже торғайдың хикаясын айтайын,- деп, қойшы сөз бастайды.-Ерте кезде бір сұнқар жем таба алдмай ашығып,өзен бойын өрлеп ұшып келе жатса, алдынан бір шөже торғай ұша жөнеліпті.Сұнқардың көзін қан толып,торғайды қуып жетіп,енді жеуге айналғанда,торғай: «Сұңқар мырза, бір ауыз арыз тыңдаңыз, соны айтып болған соң, жей беріңіз» депті.

 -Айт!- депті сұңқар.Сонда торғай:

 -Мен шөже торғаймын.Қорбиған жүнім болмаса, Сіздің бөтегеңізге жұғын болатын қызылым жоқ.Менің қалжама не қарық боласыз?

 Жарымайтын нәрсеге асыл тұмсығыңызды босқа былғайсыз.Ол да ештеңе емес. «Қарны ашқан сұңқар қармауы жоқ шөже торғайға түсіп, тұмсығын былғапты» деген өзіңізге жаман атақ емес пе?

 Бұл сіздің атағыңызға нұқсан келтіреді ғой деймін.

 -Шөже торғай осыны айтып болып, «жей беріңіз» дегендей көзін жұмып, қанатын жайып жата кетіпті.

 -Сұңқар көп ойланып отырып, щөже торғайды қоя беріпті.

 Сұр.Қойшы өзінің әңгімелеген оқиға желісіне байланысты не айтуы мүмкін?

 Сол сияқты мен де мына азғана қойды бағып жүрген қойшымын. Не атаным жоқ, не атағым жоқ. Менің басымды алғаныңызды елеп, сондай бір жауды жеңіпті деп,сіздің батырлығыңызды ешкім елей ме?Қайта «қолында қаруы жоқ,қасында қорғаушысы жоқ қойшыны өлтіріпті»деп күледі. Жауына әлі келмеген соң, кегін сол қол астындағы қойшыдан алыпты дейді ғой, естіген елге мазақ боласыз ғой деп аяймын.Аламын десеңіз, міне басым,- деп,қойшы тізерлеп отыра кетіпті.

 Сұр:Қалай ойлайсыңдар хан қойшының басын шаба ма жоқ па? Неліктен?

 -Хан райынан қайтып, қойшыны босатқызыпты.Сонда қойшы:

 -Ей, тақсыр хан- ай, жердегі бос жатқан суды таба алмайтын басшы алып шығыпсыз.Көшпелі қос өзеннің адыры ана тұрған.Соны таппай, қолыңызды қаңсытып келесіз,келешекте қалай жол табасыз?депті.

 -Осыны айтып қойшы атын тебініп қалып, қойына жүріп кетіпті.Хан қапа болып, сөзден жеңіліп, қала беріпті.

 

 1-қосымша

 Артығын алып таста:

 

 

 

 

 

 

 2-қосымша

Өлең мен мәтінді салыстыр.Семантикалық картаны толтыр.

 

 Жақсы мен жаман туралы

 Мәтіннің жанры

  

 өлең

 1

  

  

  

 2

  

  

  

  

  

  

  

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу