Оқуға шақыру А. Байтұрсынов Оқуға шақыру. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:Астана қаласы, №54мектеп - лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Г. А. Оразбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оқуға шақыру А. Байтұрсынов Оқуға шақыру

Оқу мақсаты

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: өлең мазмұнын түсінеді;

Көптеген оқушылар: өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңді түсініп оқи алады.

Кейбір оқушылар: өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады, бөліктеріне тақырып қояды

Бағалау критерийлері

  • өлеңді түсініп, қатесіз оқиды;
  • өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • өлеңдегі оқиғаға қатысты ойын айтады;
  • өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады;
  • өлең бөліктеріне тақырып қояды.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Өлең мазмұны туралы өз ойын айта алады. Өлең бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Күз мезгілін суреттей алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Жатпа қарап, жұмыссыз, даналық, ұшқан құс, кетпес байлық.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Білімді іздеп тауып алға бола ма?...

Күш білімде, себебі...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыстар

Берілген сызба бойынша мәтін құрастырып жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Суретке қарап тәуліктің қай мезгіл екенін ажырата алуы дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерселсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта жанды табиғат бөлімінде бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар жыл мезгілдері туралы біледі. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Өлең жанрының ерекшелігін, ұйқасқа құрылатынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды «Б, А, К, М» қима әріптерін таңдау арқылы 4 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Білім»

2-топ: «Ақыл»

3-топ: «Кітап»

4-топ: «Мектеп»

Оқушылар қима әріптерді таңдап ол туралы өз ойын айтады, топтарға бірігеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Б, А, К, М қима әріптер, интербелсенді тақт

Сабақтың ортасы

4-9

10-12

13-25

24-29

30-36

  • 1-
  • (МК, Ұ,) суретпен жұмыс

«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша қабырғаға ілінген суреттерге шолу жасайды.

  • Суреттегі тәулік мезгілін айнықтайды.
  • Бәріне ортақ тақырып ойластырады.
  • Тақырыбын түсіндіреді.
  • Сабақ тақырыбына болжам жасайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

Автормен таныстыру

А. Байтұрсынов- ақын, ұстаз, ғалым.

1872-1937 жылдары өмір сүрген. Қазақ тілінде тұңғыш Әліппені жазған. Балаларға арналған бірнеше өлеңдері бар. Мысалы: «Тарту», «Оқуға шақыру» өлеңдері.

(Ө, Т, МК) 2- тапсырма аудиотаспадан Ахмет Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңін тыңдау.(https://www.youtube.com/watch?v=GiyiQNGgczo). Оқушылар өлеңді түсініп оқиды. Өлеңдегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп оқиды. Оқуға, жұмыссыз, даналыққа, даналық-өшпес жарық, кетпес байлық. «Пирамидалық талқылау» әдісіне сүйеніп оқушылар:

  • өлеңді түсініп, қатесіз оқиды;
  • өлең мазмұны бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
  • өлеңнің бөліктерін ажыратады, тақырып қояды.

Үлгі: а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс- әрекеті. ә) Даналық. Дәптермен жұмыс: оқу, іздену, даналық, үйрену. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • өлеңді түсініп, қатесіз оқиды;
  • өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • өлеңдегі оқиғаға қатысты ойын айтады;
  • өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады;
  • өлең бөліктеріне тақырып қояды.

3-тапсырма

( МК, ЖЖ) «Ашық микрофон» әдісіне сүйеніп диалог құрады. Оқушылар өлең мазмұнына сәйкес сұрақтарды жалғастырып, жауап береді.

Үлгі:

А.Байтұрсынов кім?

Ол кім?

Қандай оқулық жазған?

Қайда туған?

Қандай шығармаларын білесің?

Ізденсең білімді боласың дегенді қалай түсінесің?

Даналақ деген не?

Еңбек іс-әрекетті жырлаған шумағын оқып бер

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

4 - тапсырма

( МК, Ө) «Төрт сөйлем» тәсілімен сызбаны пайдаланып, өз сөзімен түсндіреді.

1. Пікір. Берілген сөздер бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Оқулықтың 5-бетіндегі суреттер, слайд № 4

Ақын суреті және шығармалары,

интербелсенді тақта., слайд №5

https://www.youtube.com/watch?v=GiyiQNGgczo, слайд № 6

Оқулық 5-7-бб, интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік , слайд №

7

А3 парағы, маркер, микрофон, слайд №7

Сызба, интербелсенді тақта,слайд 8,9

Сабақтың соңы

37-40

Кері байланыс: «Бес саусақ»

Бас бармақ- өте жақсы

Балаң үйрек -ұсынысым бар

Ортан терек - жақсы

Шылдыр шүмек- шектеулі

Кішкентай бөбек - нашар

А4 парағы, маркер, слайд №10

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде ««Пирамидалық талқылау», «Галереяны шарлау» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Ашық миркофон» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу», «Смайлик» әдісі

Дескриптор:

  • өлеңді түсініп, қатесіз оқиды;
  • өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • өлеңдегі оқиғаға қатысты ойын айтады;
  • өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады;
  • өлең бөліктеріне тақырып қояды.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\

елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу