Жақсылықпен жаным дос (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

 Жақсылықпен жаным дос (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы.
Сабақтың тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1 Мен және менің отбасым
Сабақтың мақсаттары: 1.1.2.3 Мектепте өзін ұстау ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру.

(Ұ)Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Оқушылар оң жақта, сол жақта кімнің отырғанын анықтайды. Көршілерінің аттарын айтады.
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Әрбір оқушы кезектесіп өзі туралы хабарлайды:
Менің аты-жөнім;
Менің жасым;
Менің көзімнің түсі;
Менің мекен - жайым;
Менің сүйікті үй жануарым.
(О.Т)
Тақпақ жаттау.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
ұқсайтынын сұрау.
Жұппен жұмыс.Оқушылар жұптаса отырады.
Олар кім екенін және қайда тұратынын айта отыра өздерін таныстырады. Одан кейін оқушылар өз өмірінің кейбір сәттерін талқылайды:
1. Сүйікті заты, аяқ киімі және киімі
2. Сүйікті естеліктер.
3. Өзі туралы қызықты (ерекше) жайттарды әңгімелейді.
4.Үйден әкелінген фотосуреті бойынша әңгімелейді.
Әркім өзінің жұбының суретін салады.
«Партада кіммен отырасың? Сыныпта досың бар ма, ол кім? Кім мектепке сыныптасымен бірге келеді?» – деген сауалдар төңірегінде әңгіме құрастыруды ұйымдастыру.
(Ө) Оқушылардан сыныптасымен қандай қарым қатынаста болуы керектігі жайында ойлануына мүмкіндік беру
 Сыныпқа келесі сауалдары қойылады: Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесің?
 Жақсы қасиеттерге нелер жатады?
 Жақсы іс атқару әркімнің қолынан келе ме?
(О.Т) Сынып оқушыларын 2 топқа топтастырыңыз, «жақсылық» пен «жамандық» сөздерін ажыратып, тақтаға жазу.
Дидактикалық ойын: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?». Екі топтан балалар шығып, нұсқау бойынша интерактивті тақтадан берілген суреттерді әңгімелей отырып, қолдарындағы ақ және қара текшені көтереді. (жақсылық- ақ текше, жамандық- қара текше)
(Ж,Т) Әрбір оқушы өздерінің қандай жақсылық жасағандары немесе жақсы іс істегендері туралы қысқаша айтады.
(Ұ) Мұғалім әрбір оқушының жазған ойларын талқылайды.
Жақсылық жасау дегеніміз – біреуге көрсеткен көмегің, қамқорлығың, жамандықты ойламай, өзгелерді ренжітпей, айналаңа жақсы істер жасап қуантсаң, жақсылықпен дос болсаң, көңілің қуанышқа бөленіп, бақытты боласың..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 440



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?