Зерттеуді жоспарлау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Зерттеуді жоспарлау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Зерттеуді жоспарлау 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.3.1 Зерттеуді жоспар бойынша жүргізу
6.1.3.2 Зерттеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Зерттеуді жоспарлау қадамдарын анықтайды;
• Зерттеуді жоспар бойынша жүргізе алады;
• Зерттеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтайды;

1. Алғашқы эксперимент
Оқушыларға алғашқы экспериментті өз еріктерімен ешбір жоспарсыз жүргізуді ұсыныңыз.
Сыныпты үш топқа боліп керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіңіз
Уақытты тікелей анықтауға тырыспа оны екі зерттеумен салыстыр.

2. Экспериментті орындау
Оқушыларға парақтың құлау уақытының қандай жағдайларға тәуелді екенін зерттеуді ұсыныңыз.
Оқушылар парақты
a) Әртүрлі биіктіктен тастайды;
b) Парақты бірнеше рет бүктеп оның ауданын өзгертеді
c) Параққа бірнеше парақ қосып, әртүрлі ұсақ денелерді олардың үстіне қойып оның массасын өзгертеді
3. Қиындықтарды талқылау
Олардың қандай қиындыққа кез болғанын талқылаңыз.
Оқушылардың мүмкін жауабы:
-зерттеуді жүргізу үшін арнайы нұсқаулықтың болмағаны.
4. Жаңа сабақты түсіндіру
Эксперименттің алдында техника қауіпсіздігімен таныстырыңыз
«Сұйықтың булану жылдамдығы неге тәуелді?» деген зерттеу жүргізу
Тәжірбиені орындау нұсқаулығын ұсыну:
1) Әртүрлі сұйықтықтың булану жылдамдығын зерттеу
a) Қағазға әртүрлі сұйықтың бірдей тамшыларын тамыз. Бақылау уақытын жазып ал.
b) Булану үдерісін периодты түрде бақылап отыр.
c) Булану уақытын жазып қой.
2) Сұйықтың булану жылдамдығының оның бетінің ауданына тәуелділігін зерттеу:
a) Әртүрлі екі шынының бетіне спирт тамшысын тамызып бірінің ауданын қолымен жаймалап үлкейт. Булануды бақыла.
b) Қайсы тамшы тез буланды?
c) Қорытындыларыңды дәптерге жаз.
3) Сұйықтардың булану жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттеу:
a) Сыныптағы ауаның және алақаныңның температурасын өлше. Термометрдің көрсетуін жаз.
b) Спирттің бір тамшысын алақанға, ал екіншісін шыны бетіне тамыз.
c) Тамшылардың булануын бақыла.
d) Қорытындыны дәптерге жаз
3) Сұйықтың булану жылдамдығының сұйық бетінің ауа қозғалысына тәуелділігін зерттеу
a) Екі шыныны салфеткамен сүртіп, оларға бір тамшыдан спирт тамыз.
b) Шыныны партаның екі жағына орналастыр.
c) Екі шынының бірін желпуішпен желпіп, ауа ағынын тудыр.
d) Тамшылардың булануын бақыла.
e) Қорытынды жаз.

Бірінші тәжірбиеге орал. Булану жылдамдығының сұйықтың тегіне тәуелділігі туралы қорытынды жаз.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- зерттеуді жоспар бойынша жүргізеді;
- зерттеуді қауіпсіз жүргізу жолдарын анықтайды.
- Зерттеуді жоспарсыз және жоспарлы жүргізудің айырмашылығын анықтап, салыстыра алады.

5. Сабақты қорытындылау
Оқушыларға жазған қорытындыларын оқыт.
-Зерттеу жүргізуге зерттеу жоспары көмектесті ме?
-Қауіпсіздік техникасының қай түрін сақтау керек?
-Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда не болар еді?.....

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Зерттеуді жоспарлау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Зерттеуді жоспарлау 1-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)
» Зерттеуді жоспарлау 2-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)
» Зерттеуді қалай жоспарлау керек? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Зерттеуді қалай жүргізеді? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Құрсақта даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы. 1-сабақ (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)
» Іштей сызылған бұрыштар және қасиеттері (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 1
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы