Деректерді талдау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Деректерді талдау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Деректерді талдау 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Деректерді графикалық түрде ұсыну ұғымын тұжырымдайды;
• Алынған деректерді талдайды;
• Берілген мәліметті көрнекі түрінде ұсынады.

1. Ой қозғау
Ой қозғау - оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруға, жаңа тақырыпқа қызығушылығын оятуға бағытталған.
Сұрақ: Сендер зерттеу нысанын белгіледіңдер, жоспар жасап, ереже құрастырдыңдар. Келесі әрекеттерің қандай болуы керек?
Оқушылар жеке ойланады, одан кейін жұпта ойларын жинақтап, жауап береді.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау
Нұсқаулық: Оқушыларға сапқа тұруды ұсыну: алдымен бойлары бойынша, сосын
үшбұрыш, шеңбер және т.б фигуралар жасау арқылы. Сабақтың мақсатын құруда осы фигуралар қалай көмектесетінін топта талқылауын ұсыну
Қорытынды: Оқушылар осы ойын берілген мәліметті графикалық түрде суреттейтінін түсіндіруі қажет. Сол арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

3. Жаңа тақырыпты ашу
Шағын зерттеу жұмысы
Мақсаты: Берілген іс-әрекет оқушылардың берілген мәліметті графикалық ұсынудың практикада қолданылуын түсіндіруге бағытталған.
Оқушыларға диаграмма мен график түрінде берілген кейбір мәліметтерді зерттеуді ұсыну.
1 топ. Оқушылар балалар арасында таралған миопия ауруының диаграммасын зерттейді.
2 топ. Оқушылар үйірме мен секцияларда оқушылардың қамтылуын зерттейді.
3 топ. Жаһандық жылынудың мәліметтерін зерттейді.
4 топ Қазақстан халқының 2017 жылғы 1- мамырдағы санағының мәліметтерін зерттейді.
4. Топтар презентациясы «Әткеншек» әдісі.
Оқушылар өздерінің шешімдерімен бөліседі және бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Топтың ішінен бір адам басқаларға түсіндіруге қалады. 2 минуттан соң топтар ауысады.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың топтарды берілген критерийлер бойынша бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар
Оқушылар
- деректерді жинайды;
- деректер кестесін жасайды;
- ақпаратқа талдау жасайды;
- презентация/постер жасайды.
5. Жұппен жұмыс
Оқушылар жұппен жұмыс жасау арқылы «Тамақтану Пирамидасын» қолдана отырып 1 аптаға ас мәзірін дайындайды. Әр жұп келесі жұптың ас мәзірін бағалайды.
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- оқушылардың жұптарды берілген критерийлер бойынша бағалауы;
- мұғалімнің кері байланысы......

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Деректерді талдау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Қорытынды және талқылау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Қорытынды және талқылау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Деректерді талдау 2-сабақ (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)
» Сұраулар (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеу талдау (8 сынып, I тоқсан)
» Деректерді жинау және тіркеу 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 0
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы