Мен зерттеушімін (Жаратылыстану, 4 сынып, I тоқсан)

 Мен зерттеушімін (Жаратылыстану, 4 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен зерттеушімін
Сабақ тақырыбы: Мен зерттеушімін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4.1.1.1 зерттеудің өзекті бағытын өз пайымдауы негізінде анықтау
4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу
4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну
Сабақтың мақсаты: Зерттеу жүргізу туралы, зерттеу әдістері туралы білімін жаңғыртады;
зерттеудің бағытын, әдісін өздігінен таңдайды, таңдауын негіздейді;
зерттеу нәтижесін тіркеу формаларын пысықтайды.

Бастапқы білімді жаңғырту
Сұрақ: Зерттеуді не үшін жүргізеді?
Топтық жұмыс ұйымдастыру. Тапсырма: Берілген сұрақ бойынша өткен тақырыптарды еске түсіру, постер құрау
Бірінші топ: Зерттеу деген не?
Екінші топ: Экспериментті қалай жүргізеді?
Үшінші топ: Бақылауды қалай жасайды?
Төртінші топ: Зерттеу нәтижесін қалай тіркейді?
ҚБ. Топтардың өзара кері байланысы. Жауаптарын толықтыру.
Әңгімелесу. «Жазда қандай жаңалық аштың?»
Ашылған жаңалықты тақтаға тіркеу.
Топтардың жаңалықтарды сұрыптауы (эксперимент, бақылау, өлшеу, жаңа дағдыны меңгеру т.с.с)
Жаңалықтарды жалпы талқылап, шын мәніндегі жаңалық ашылуын таңдап алу. Сол оқушымен «баспасөз конференциясын» жүргізу. Сұрақтар (алдын ала дайындап қоюға болады):
- Бұл жаңалықты қалай аштың?
- Алдын ала жоспарладың ба (дайындалдың ба) неме¬се ойламаған жерден болды ма?
- Бұл зерттеуді жүргізу не үшін қажет болды?
- Зерттеу нәтижесі саған пайдалы болды ма?
- Зерттеу нәтижесін қайда қолдандың?
ҚБ. Жеке оқушылардың бағалауы
Зерттеу қалай басталады?
Сызбаны талдау.
Ойламаған жерден жаңалық ашу және арнайы жоспарланған зерттеуді салыстыру
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Зертте. Сынып оқушыларын бірнеше топтарға біріктіру, топтарды екі бағытқа бөлу
Бірінші зерттеу.
Ресурстарды тарату (заттарды басқа заттармен ауыстыруға болады, тек ішінде су¬мен араласып кетпейтін тым болмағанда бір зат болуын қадағалау)
Жұмыс жүргізуге арналған нұсқаулық
1. 5 стақанға бірдей мөлшерде су құю.
2. 1-ші стақанға қызанақ шырынын құю, араласты¬ру, нәтижесін бақылайды, тіркейді.
3. 2-ші стақанға өсімдік майын тамызу, араласты¬ру, нәтижесін бақылау, тіркеу.
4. 3-ші стақанға сүт қосу, араластыру, нәтижесін бақылау, тіркеу.
5. 4-ші стақанға сусабынның бір-екі тамшысын та-мызу, араластыру, нәтижесін бақылау, тіркеу.
6. 5-ші стақанға шикі жұмыртқаны салып, араластыру, нәтижесін бақылау, тіркеу.
7. Әр жағдайда болған ерекшеліктерді қоса тіркеп отыру.
8. Қорытынды жасау.
(Сумен сұйық заттар араласты: қызанақ шырыны, сүт, сусабын, жұмыртқа. Қызанақ шыры¬ны біраздан соң ыдыс түбіне шөге бастады, ал сусабын көпіршіді. Сумен араласпаған өсімдік майы су бетінде қалқыды).
Екінші зерттеу.
Ресурстарды тарату.
Жұмыс жүргізуге арналған нұсқаулық
1. Сызғыштың дәл ортасын анықтау (Сызғыш бойын жіппен өлшеп, сол жіпті екіге бүктеу керек. Жіптің жарты өлшемі сызғыштың жартысы болады. Бұл сызғыш орнына ағаш рейка, ілгіш қолданғанда ыңғайлы).
2. Сызғыштың ортасына жіп байлау.
3. Екі шарды мөлшері бірдей болатындай үрлеп, аузын жіппен байлау.
4. Екі шарды сызғыштың екі жағына байлап, сызғыштың екі жағының теңесуіне көз жеткізу.
5. Бір шарды кеңсе шегесімен жару.
6. Нәтижесін бақылау, тіркеу.
7. Қорытынды жасау.
(Сызғыштың үрленген шар ілінген жағы ауырлау болғандықтан төмен басып кетеді. Бұл ауаның салмағы бар екенін көрсетеді).
Жалпы қорытынды жасау. Әңгімелесу
-Зерттеуді бастамас бұрын зерттеуші не туралы ойланады? (нені зерттегісі келеді, ол зерттеуді не үшін жасайды, зерттеу жүргізудің қандай пайдасы бар, нәтижесін қайда, не үшін қолдануға болады деген сұрақтар төңірегінде ойланады. Соның нәтижесінде зерттеу бағытын анықтайды).
-Қандай зерт¬теу әдісін пайдаландыңдар? (Эксперимент).
-Неліктен? (бұл зерттеуде эксперимент арнайы жағдай туғызуға мүмкіндік берді (суға сұйық заттарды араластыру, шарды үрлеу, жару).
-Ал бақылауды қолданса, не болар еді? (Егер бақылау әдісін таңдасақ, қажет жағдай туындағанша көп күту керек болады, тіпті ондай жағдайдың болмауы да мүмкін (суға сұйықтардың араласуы немесе ауа салмағын өлшейтін жағдай)).
-Эксперимент барысында басқа әдістер қолданылды ма? (Бақылау: стақандағы сұйық заттардың араласуын бақылады. Өлшеу: шарларды қолдан жасалған «таразымен» өлшеді, алдымен теңесіп тұрды, кейін үрленген шар басып кетті)......

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...