👈 қаріп өлшемі 👉

Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

 Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты?  1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
7.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру
7.2.3.2 түркі ғалымдарының, соның ішінде әл Фарабидің орта ғасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау
7.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеу үшін М.Қашғари, және Ж.Баласағұни еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесін бағалайды.
Көрмені көрсету арқылы тақырыпқа шығу
Шағын көрме ұйымдастырылады.
Көрмеге қойылатын заттар: қолөнер бұйымдары, зергерлік, ұсталық, макеттер т.б.көрмедегі заттарды көрсету арқылы тақырыпқа шығу
Іс-әрекет:
Оқушылар сұрақтар бойынша ой талқы жүргізеді
• Не көрдіңіздер?
• Қандай сұрақтарыңыз бар?
• Осы заттардың тақырыпқа қандай қатысы бар ?
Сабақтың тақырыбы анықталғаннан кейін мәдениет туралы мұғалімнің, оқушылардың пікірі тыңдалады.Түсіндірме жұмыстары жүргізіледі
Топтық жұмыс
Т\Б Зерттеу жұмыстарының тақырыбы: «Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесі».
Зерттеу сұрақтары:
Түркілер қандай мәдени жетістіктерге қол жеткізген?
Түркі өркениеті туралы түркілердің төл дерегі, қытай дерегі, византиялықтардың деректері қандай құнды мәліметтер береді?
Т Топтарға зерттеуге арналған тақырыптар аясын беру және әр оқушы зерттеу алдында берілген тақырып аясында өздеріне мақсат қою керек
Топтық тапсырмалар беріледі.
Мақсаты: Түркі халықтарының рухани және материалдық мәдениетінің көрінісін сипаттау, нақты дәлелдер келтіру
Зерттеу
1 топ:Түркі халықтарының дүниетанымы, діні, Тәңірлік. Бұл тақырыпта оқушылар түркі халықтарының дүниетанымын, жерлеу ерекшеліктерін, наным-сенімдерді зерттейді;
2 топ:Көшпелілер өркениеті мен отырықшы мәдениеттің жетістіктері. Бұнда оқушылар көшпелілердің тұрмыста қолданатын ыдыс-аяқ, қару-жарақ, ер тоқымның, ер адам киетін шалбардың және т.б. ойлап табуларын зерттеулері мүмкін;
3 топ: Ғылым мен білім. VIII-IX ғғ. жататын «Қорқыт ата», «Оғызнама» әдеби шығармаларына сипаттама береді, Әбу Наср әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесін зерттейді, М. Қашғаридің «Түрік тілдерінің сөздігі» атты мұрасының ерекшеліктерін анықтайды. Ж. Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбегінің сол заманның қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері жайлы құнды мәлімет беретінін зерттейді; ......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 100 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы