👈 қаріп өлшемі 👉

XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

  XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Сабақ мақсаттары: Шығармалардың мазмұны мен негізгі идеяларын талдау арқылы, күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дерек ретінде маңызына баға беру.
Ұйымдастыру бөлімі
Б Оқушыларға Қазтуған жыраудың Еділ туралы жырын Б.Тілеуханның орындауында тыңдату. Жыр аяқталғаннан кейін, төмендегі сұрақтарды қою:
 Сіз қандай әсер алдыңыз?
 Сіз қандай сезімдесіз?
 Жырда қандай адам есімдері аталды?
 Жыр не туралы?
 Сіздер тыңдаған жырдың бүгінгі сабақпен қандай байланысы болуы мүмкін?
Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.
Зерттеу және талдау
1-тапсырма. Жеке жұмыс
Берілген шығармалардың біреуін таңдап, сұрақтар бойынша талдайды. Жырды таңдауда әр тақырыпты бірдей сандағы оқушылардың таңдауын қадағалау.
1. Қамбар батыр жыры
2. Қобыланды батыр жыры
3. Асан қайғы толғауы
4. Сыпыра жырау толғауы
Сұрақтар:
- Жыр авторы кім, қашан жазылған?
- Жырдың негізгі тақырыбы қандай?
- Автор қандай мақсатпен жазды?
- Жырда қандай тарихи кезең, оқиғалар мен үдерістер сипатталған?
- Жырдың негізгі кейіпкер (-лер) кімдер?
- Шығарманың тарихи маңызы неде.......

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0
» Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды 09.10.2021, 0
» Түркиямен байерлік бизнеске алданған әйелдер, қазақстандық жұлдыздардың жарнамасы және заңгердің жанайқайы 07.10.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы